«Талибан» лаңкестері Ауғанстанда АҚШ-тың екі әскерін өлтірді

0

26 маусымда Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы қаза тапты. Бұл туралы НАТО миссиясының өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды «Лента.ру».

«Талибан» террорлық ұйымы осы шабуылдарды өз мойнына алды. Шабуылға дейін бір күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ауғанстан президентімен келіссөздер жүргізуге келген. 29 маусымда Вашингтон мен талибтер арасында келіссөздердің жетінші раундты басталады.

Осыған дейінгі келіссөздерде «Талибан» өкілдері басқа да экстремистік ұйымдармен қарым-қатынасты үзуге міндеттелген.

2019 жылдың басынан бері Ауғанстанда кемінде америкалық сарбаз қаза тапты. Жалпы 2015 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ әскерінің саны 65-ке жеткен. Қазіргі уақытта елде шамамен шетелдік 20 мың әскер бар, оның көпшілігі – америкалықтар.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.