Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды – Синоптиктер

0

Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жауады, шығыста – кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде – ауа райы жауын-шашынсыз, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, жел түнде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады. Шығыс Қазақстан және күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында және күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз ыстық күн райы сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.