Қазақстандық фермерлерге GPS трекерлер тегін берілді

0

Алматыда Қазақстандық фермерлерге жайылымдағы малды бақылау құрылғыларын салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Samsung және корейлік Lives’talk стартап-тобы Алматы облысының мал шаруашылық иелеріне 50 GPS трекерін сыйға тартты.

Lives’talk командасының көшбасшысы Юн Янгчен жергілікті әкімдік өкілдеріне, фермерлер мен инвесторларға жоғары технологиялық шешімді өзі таныстырды. Ал салтанатты шараның арнайы қонағы ретінде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров шақырылды. Құрылғының бір данасы мектеп директорына сыйға тартылды.

Еске салайық, Тараздық Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Бекнұр Қалмаханбет пен Дәурен Тенельбаев GPS Tracker-ді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ететін арнайы желілік генератор ойлап тауып, құрылғыны жетілдірген болатын.

Осы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Lives’talk арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Меморандум ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда фермерлерге арналған арнайы GPS трекерді жетілдірудің жаңа перспективаларын ашты. Алдағы уақытта құрылғы авторлары оны еліміздің 200-ден астам мал шаруашылық иелеріне тегін таратуды көздеп отыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.