Мейіржан Әлібекұлы Жамбыл облысындағы телеарнаның басшысы болды

0

Танымал журналист Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы бүгін, 12 шілдеде Жамбыл облысындағы Jambyl телеарнасының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tarazy.

Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен “Қазақстан” РТРК” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали жаңа басшыны ұжымға таныстырды.

Мейіржан Әлібекұлы – еңбек өтілін 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалынан редактор қызметінен бастады. Ол редактор-жүргізуші, тілші, аналитик, телеарна дауысы, шеф-редактор лауазымындарын атқарды.

Мейіржан Әлібекұлы 2011 жылы Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2014 жылы «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде «Халық сүйіктісі» Ұлттық жүлдесінің «Жыл тележурналисі» болды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.