Непалда су тасқынынан 43 адам қаза тапты

0

Непалда бірнеше күн бұрын басталған жауын-шашын толастар емес. Аймақта су тасқынынан лай көшкіні басталды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті БАҚ мәліметінше, елдегі табиғат апатынан 43 адам қаза тапты. Тағы 24 тұрғыннын тағдыры беймәлім.

Өңірде көлік қозғалысы тежелді. Көпірлер қирап, ғимараттар опырылып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Қауіпті аймақтарда мыңдаған адам бар.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, соған қарағанда жауын әлі де жауатын көірнеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.