Италиядағы жертөледен зымыран табылды 

0

Тәртіп сақшылары Италияның Турин қаласында неонацистердің астыртын қоймасын тауып алды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Жертөледе сақталған қару-жарақтың ішінде әскери зымыран да бар. Ол бұрын Катардың әскери күшіне тиесілі болған француздың Матра зымыраны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша күдіктілер зымыранды WhatsApp арқылы сатпақ болған. Сондай-ақ арсенал арасынан 26  мылтық, 20 сүңгі-найза мен түрлі калибрдегі 800 оқдәрі шыққан.

Жалпы қару толы қойма Донбасстағы сепаратистердің қатарына қосылған Италия азаматтарын тергеу кезінде анықталды. Нәтижесінде үш адам қамауға алынды. Олардың бірі оңшыл радикалдар атынан елдің Парламентіне өтпек болған кеден қызметкері.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.