Жамбыл облысының тұрғындары Байқоңырдан ұшқан зымыранды көре алды

0

20 шілдеде кешкі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағынынан «Союз-ФГ» зымыраны «Союз МС-13» ғарыш кемесімен ұшты. Қазақстан тұрғындары әуедегі қатты жылдамдықпен қозғалған жарықты тамашалады. Желіде осы сәттің суреттері мен видеоларды жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасы бойынша, зымыранның ізін Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында көруге мүмкіндік туған.

«Мойынқұм ауданында бұл ерекше әсерлі болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес».

«Бізде Балхашта әуеде ғажайып нәрсе болып жатыр!»


Балқаш көлі. © Tengrinews.kz


Фото: Р. Куанышбаев

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұша бастаған сәттен 9 минут өткенде орбитаға шықты. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер Александр Скворцов, ЕКА астронавты, италиялық Лука Пармитано және НАСА астронавты Эндрю Морган бар.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.