Сапасыз жол, ескірген аялдамалар… Таразда бұл мәселелер қашан шешіледі? 

0

Таразда автобус аялдамаларының 50 пайызы әбден тозған, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жаңаларын орнатуға соңғы бес жылда мүлдем қаржы бөлінбепті. Мұнымен қоса, облыс орталығындағы жолдардың да жайы мәз емес. Ал оның тауқыметін қарапайым халық тартып отыр. Мәселе қашан шешімін табады?

Бұл – шаһардағы «Тайвань» ауданы. Мұндағы жолдардың жөндеу көрмегеніне бірнеше жыл болған. «Көлік түгілі аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал діттеген жерге жетудің өзі мұң», – дейді тұрғындар. Қазір қалада жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Салдарынан жүргізушілер айналма жолмен және жеке секторлармен қатынауға мәжбүр. Бұл жұмыстар осымен екінші жыл қатарынан жалғасып отыр. Кей учаскелер биыл қайта қазылып жатыр. Жауаптылардың айтуы бойынша, барлығын бірден аяқтап тастауға қаржы жетіспейді. Жалпы жыл басынан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тұрғындардан 107 өтініш түскен. Оның 70-тен астамы шахардағы көшелерге қатысты. Ал әкімдіктегілер 1800 шақырымның тек 75-і жөнделетіндігін айтып отыр. Өйткені қаржы қарастырылмаған. Ал қаладағы жолдардың 60% әбден ескірген.

Биыл ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бүгінде облыс орталығында 1330 көше бар. 38-інде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ 1, 2 және де 12-шағын аудандармен Байзақ Батыр, Сатпаев, Төле би, Қазбек би көшелерінде жұмыстар жалғасады, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, түкш бөлімінің сектор меңгерушісі Дамир Айманов.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, жолдың сапасыздығына жауапсыз мердігерлер кінәлі. Көбі жобаларын аяқ асты қалдырып жатады. Ал атқарылған жұмысты қадағалап жатқан ешкім жоқ.  Жанна Папина, қала тұрғыны: «Біз қоғам белсенділері Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуге ат салыстық. 268 миллион теңге бөлінген еді. Алайда көптеген шұңқырлар, жүргізушілерге қауіп туғызып тұрды. Сондықтан өз жұмысын сапасыз атқарған мердігерді сотқа бердік».

Тағы бір мәселе – ол автобус аялдамалары. Бүгінде қаладағы 624 аялдаманың жартысынан астамы жөндеуді қажет етеді. «Аялдаманың түрі мынау. Хабарландыруға толы. Бәріне айыппұл салу қажет те ол қаржыға мына жерді қалыпқа келтіру керек. Жергілікті әкімдік осы мәселені шешпей қайда қарап отыр? – Оңтүстік өлкеміз, күн өте ыстық болады, 40 градус. Сондықтан үстіне жабатындай болса деп ойлаймын».

Әкімдік өкілдері бизнесті дамыту үшін аялдамалардың келісім бойынша 5 жылға кәсіпкерлерге жалға берілгенін айтып отыр. Бүгінде оны тегін пайдалану мерзімі аяқталды. Енді жауаптылар осы мәселені назарға алмақ. Осылайша биыл шахарда 30 шақты жаңа аялдама тұрғызылатын болады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.