Жолдағы заң бұзушылықтар

0

Үлкен жолдың торабындағы Жамбыл облысында жаңадан үлкен жолдар салынып, ел мен елдің арасындағы байланыс нығайып, жүк тасымалы көлемінің артқанын көрсетуде. Алайда, жаңа салынған және ескі жолдарда ауыр жүк көліктердің тым көптігінен кептелістер мен  шамадан тыс жүк артуынан жолдар бұзылып, ойлы шұңқырлы жерлері көбеюде.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Жамбыл–адалдық алаңы» жоба қызметкерлері, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және облыстық жергілікті полиция қызметі мамандары бірігіп жүк көліктеріне рейдтік-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Рейдтік шара шекарадан өтетін жүктердің тауарды сүйемелдеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге, яғни, тасымалданатын жүктің нақты салмағына сәйкестігін анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мақсатында өтті.

Шара барысында жүк көліктерін арнайы таразыға салу арқылы жүктің салмағын бақылауға алып, нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарға 8 хаттама толтырып, 2 447 910 теңге айыппұл салынды.

Мамандар тарапынан жүк тасымалшыларға арнайы кеңес беріліп,  заң талаптары  түсіндірілді.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу және жол жүру ережесін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.