Жамбыл облысының тумасы Маңғыстауда жол апатынан қаза тапты

0

Алдын ала дерек бойынша, тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қатты жылдамдықпен келіп, жартасқа соғылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жол-көлік оқиғасын полиция капитаны Тайман Аңшыбаев пен аға лейтенант Нұрлан Қаштаев рейд жүргізу кезінде анықтады. Тайман Аңшыбаев қозғалмай тұрған тіркемесі бар жүк көлігі жартасқа соғылып, қисайып қалғандығын айтады. Тіркемесіне картоп тиелген көліктің кабинасы қатты соққының салдарынан мыжылып, жүргізуші қысылып қалған. Тайман Аңшыбаев оқиға орнына бірден тергеу-жедел тобын шақырған.

Белгілі болғандай, қайғылы жол апаты тамыздың 1-нен 2-не қараған түні Шетпе мен Бейнеу ауылдарының арасында, Маң ата өткелінің қауіпті аймағында болған. Қаза тапқан азаматтың осы көлік құралының жүргізушісі екені анықталды. Ол Жамбыл облысының тумасы. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.