«Тараз» футболшысы жанкүйерлерден кешірім сұрады

0

«Тараз» футбол клубының легионері Дантас Еливелто ҚПЛ 23-ші айналымында «алматылық «Қайратпен» өткен ойын туралы өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Тarazy.kz клуб сайтына сілтеме жасап.

«Осы ойында барымызды салдық, көптеген шабуылдар ұйымдастырдық және гол салуымыз керек еді. Өкінішке орай пенальтиде мүлт кеттім, сол себепті жанкүйерлерден шын жүректен кешірім сұраймын», – деп жазады клуб сайты Дантас Еливелтоның сөзін.

Айта кетейік, Тараз қаласында өткен ойын 2:0 есебімен «Қайрат» пайдасына шешілді. Ойынның 59-шы минутында Адеринсола Эсеола есеп ашты. Үш минут өте, «Тараз» есепті теңестіруге мүмкіндік алды. 11 метрлік айып добын орындау кезінде Эливелто қақпадан биік тепті.

71-ші минутта Бауыржан Исламхан есепті еселеді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.