Шу ауданының тұрғынынан 125 келіден аса есірткі тәркіленді  

0

2019 жылдың 12 тамызындағы түнде «Көкнар-2019» жедел-алдын алу  іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Одан өзіне тән ерекше иісі бар, өсімдік тектес заты бар төрт қап табылып тәркіленді, – деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі 800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі заты болып табылады.

Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.