Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жаңа оқу жылы – жаңа бағдар, жаңа жетістіктер

    Жаңа оқу жылы – жаңа бағдар, жаңа жетістіктер

    Өңір тынысы 01/09/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»  тақырыбында Білім күні аталып өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Қызыққа толы жазғы маусымнан соң оқушылар жаңа білім мен жаңа жетістіктер жылына қайта аяқ басты. Жаз бойы олар «Екі апта ауылда», «10 күн ата-ана жұмысында» атты мектеп жобаларына белсене қатысып, ауыл өмірімен етене танысып, ата-аналарының жұмысы туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.

    Сонымен қатар, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша үздік жетістіктері үшін 10-сынып оқушысы Әлихан Қалмаханбет АҚШ-тың Стэнфорд университетіне барып қайтты. Әлихан Стэнфорд университетінде жазғы курсқа қатысып, білімін шыңдап келді. Ал «Азат» мектеп шаңырағы «Туған елге тағзым» зерттеу-өлкетану экспедициясы аясында екі апта Атырау өңірінде болды.

    Сондай-ақ, тағы бір жағымды жаңалық, осы жазда алғаш рет «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы шетелдік қазақ диаспорасының балалары үшін «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін ұйымдастырды. Елордада Ресей, Иран, Моңғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 150 оқушы жиналды. Жазғы мектеп аясында балалар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен танысты.

    Алдағы оқу жылы да маңызды, әрі мазмұнды оқиғаларға толы болмақ. Өйткені, 2020 жылы Ұлы Отан Соғысының аяқталғанына 75 жыл толады. Оқушыларды Ұлы Отан соғысы батырларының ерлік жолымен тәрбиелеу — жұмыстың басты бағыты болуы тиіс. Жалпы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру — бұл біздің азаматтық борышымыз десек артық айтқандық емес.

    Сонымен қатар, 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы деп жарияланғанын да атап өту қажет. «Еріктілік – бұл шынайы патриотизмнің бейнесі, өйткені сіздер өз еліне қызмет етудің игі идеясын, халқыңыз үшін жақсы әрі ыңғайлы жағдай жасауды көздейсіз», – деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр аралығында Қостанайда өткен Ресей-Қазақстан жастар ынтымақтастығы форумында. Сондай-ақ, 2020 жылы мектеп барлық қазақстандықтармен бірге ұлы жазушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді.

    Биылғы оқу жылында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатарына 140 «Өркен» білім грантының иегері қабылданды. Мектеп директоры Тимур Нуркешов өз сөзінде мектеп қауымына жаңа оқу жылында жемісті еңбек етіп, биік белестерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.

    Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін барлық сыныптарда «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында азаматтық пен патриотизмді дәріптейтін жалпы республикалық сынып сабақтары өтті.

    Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында Тараздық Зияткерлік мектебін 88 түлек аяқтады. Назарбаев Университетіне 31 оқушы түссе, 47 оқушы отандық басқа да беделді университеттерді таңдаған. 10 оқушы Венгрияның, Сингапурдың, Испанияның, Ресей мен Қырғызстанның ЖОО-ына шақырту алған.

    білім Тараз

    Оқылып жатыр

    Абай университеті: 98 жылдық білім мен ғылым шежіресі

    01/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

    23/09/2026

    Абай университетінде Ақпараттық технологиялар және ЖИ факультеті ашылды

    11/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.