Жамбыл облысында кәсіпкерлікке негізсіз тексеру жүргізуді жою қолға алынды

0

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Кенжебаев Ержан Қурманбекұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz. Ержан Құрманбекұлы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметінің қортыныдысы және басты міндеттері, сонымен қатар Департамент мекен-жайы мен байланыс телефондары туралы  баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ол биыл 20 наурызда Мемлекет Басшысының тапсырмасымен, Мемлекеттік кірістер Комитетінің экономикалық тергеу қызметі міндеттерін, Қаржы Министрлігі Қаржы Мониторингі Комитетіне жүктелгенін айтты. Сондай-ақ, Еліміздің Президентінің тапсырмасымен, Қаржы Мониторингі Комитетінің алдына қойылған міндеті алдымыздағы 3 жылда көлеңкелі экономика көлемін 40 пайыз азайту, яғни көлеңкелі экономика көлемін 2 есеге азайту көзделіп отырғаны хабарланды.

Аталған көрсеткіштерге жету үшін, сонымен қатар, кәсіпкерлікке негізсіз тексеру жүргізуді жою және бизнеске қысым көрсету фактілерін болдырмау үшін келесі ұйымдық амалдар қолдануда.

Экономикалық тергеу Департаментінің жұмысын қайта бағыттлды, яғни адал ниетті кәсіпкерлердің мүдделерін қозғамай көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашуға және тергеуге. Сонымен бірге, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету мәселелері қаржы мониторингі органдарының басым бағыттарының бірі ретінде анықталған. Экономикалық салада қылмыстық тергеу әдістеріне жаңа көзқарасты әзірлеу басталды, оның басты мақсаты сотқа дейінгі тергеу уақытын қысқарту, қызметкерлердің қылмыстық процесске қатысушылармен іс жүргізу байланыстарын азайту.

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріменен экономикалық құқық бұзушылықтарды алдын алуы бойынша тиімді мысал ретінде, іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей 380 миллион теңгеден астам сомаға жалған шот-фактура жазумен айналысатын бір топ азаматтар тобы анықталған, жәнеде Қырғызстан Республикасынан заңсыз түрде кіретін 187 миллион теңгеден асатын темекі бұйымдары анықталып, жолы тиылған.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында соңғы 2 айда Қаржы Мониторингі Комитетімен заңсыз құмар ойындарды жоюға арналған кеңінен профилактикалық алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде. Демек, Департаментпен Жамбыл облысы аумағында (Шу, Қордай, Мерке және Тараз қаласы) 7 дана заңсыз ойын-сауықтыру кешендері анықталған, қылмыстық істер қозғалған, оның ішінде 3 қылмыстық іс сотқа жолданып, қалғандары тергеу барысында.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.