Жамбылда жалпы саны 3365 тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар 

0

Жамбыл облысы әкімдігі  туризм басқармасының басшысы  Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы облыста 3365 тарихи-мәдени мұра ескерткіштері орналасқан мәлімдеді – деп хабарлайды Tarazy.kz.

Оның ішінде 2 934 археологиялық, 111- тарихи, 97 архитектуралық және Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 5 нысан ЮНЕСКО-нің дүниежүзілік мұралар тізіміне (Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Ақыртас және Қостөбе қалашықтары), сол сияқты 2 нысан Еуразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының  «Ерекше тартымды туристік нысандар» тізіміне енгізілген («Ақыртас» сарай кешені және «Айша бибі» мавзолейі). Бұдан бөлек 5 қорықша («Берікқара», «Меркі», «Аңдысай», «Үмбет, «Қарақоңыз») және 6 санаторлық-сауықтыру мекемелері, 10 балалар лагерлері бар.

Еліміздің Алматы, Түркістан, Шымкент қаласының 9 туристік компанияларымен «Ортағасырлық Төрткөл» керуен сарайыда орналасқан «Көне Тараз шеберлері» қалашығымен танысты. Қазіргі таңда Қырғыстан және Өзбекстан мемлекеттерінің туристік компанияларымен жазғы маусымда Ыстықкөлден туристерді «Көне Тараз шеберлері» қалашығына әкелу қарастырылуда. Іс-шараға қазіргі таңда барлығы 5 565 адам тартылған. Олардың 500-ден астамы шетелдік туристер (Германия, Италия, Жаңа Зеландия, Жапония, Болгария, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен), ал еліміздің басқа облыстарынан 1800 турист қамтылды.

Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы 495 шақырымды құрайтын ара қашықтықта 9 жол бойғы сервис кешендерінің құрылысын жүргізу орындары айқындалды. Құрылыс жұмыстары 5 аудандық елді мекендерді қамтитын болады (Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Байзақ және Жуалы). Құрылысы жүргізілуі қажет 8 ЖСК-ің жобалары бойынша 4-і «В» және 4-і «С» санатқа сәйкес.

туризм басқармасының басшысы Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 миллиард 355 миллион теңгені құрайтын, «Қаралма» тау-шаңғы базасы» жобасы жүзеге асырылып жатқанын да жеткізді. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 гектар жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газофикация мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталды, автожол құрылысы аяқталған.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқанды жолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1 мейманхана, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіреді.

 

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.