Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы экономикалық даму бойынша алдыңғы қатардан көрінді

    Жамбыл облысы экономикалық даму бойынша алдыңғы қатардан көрінді

    Өңір тынысы 24/01/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы өткен жылдың қорытындысына сәйкес экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатарда тұр. Бұл туралы бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды. Мемлекет басшысына өңірлердің экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаған ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысының үздіктердің қатарында екенін тілге тиек етті.

    «Әрбір өңір ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде — Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны қамтамасыз етілді»,-деді өз сөзінде Үкімет басшысы.

    Сондай-ақ, Асқар Ұзақбайұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп жеті өңірде, оның ішінде Жамбыл облысында да көп бейінді аурухана іске қосылатынын жеткізді.

    Айта кетейік, облыстың дамуында оң динамика сақталып отыр. Өткен жылғы экономиканың өсуі 105,5 пайызды құраса, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, инвестиция, сауданың өсуі республикалық орта көрсеткіштен жоғары. Ал, құрылыс жұмыстары 109 пайызға орындалған.

    Бюджеттік кірістер артығымен орындалып, 99,9 пайызға игерілген. Ол өңірлер арасында жоғарғы көрсеткіштің бірі. Сол сияқты, былтыр өңірде кәсіпкерлерге 8,6 миллиард теңге шағын несие берілсе, екі мың адамға 505 мың теңгеден 1,2 миллиард теңге грант бөлінген. Бұл да республикадағы алдыңғы нәтиже.

    Асқар Мамин Жамбыл облысының тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасының барысына тоқталып, күтілетін нәтижесіне назар аудартты.

    «Халықтың 60 пайызы ауылдық жерлерде тұратын Жамбыл облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды ынталандыру бойынша шаралар кешені қабылдануда. Осы жоба аясында таяу екі жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 34 пайызға, кәсіпорындар жүктемесі 30 пайызға өседі, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Үкімет басшысы.

    Айта кетейік, аталған жобаның пилоттық кезеңінде өңірдегі 11 ауылдық округ қамтылуда. Жоба аясында жалпы 7 886 аула қамтылмақ. Оның 2 459 өтінімі «Тараз» ӘКК АҚ-ы арқылы тікелей несилендірілуде. Сол сияқты қажетті тұқым, минералды тыңайтқыш және химиялық қорғау заттары кооперативтер арқылы қаржыландырылып жатыр.

    Асқар Мамин Асқар Мырзахметов экономика

    Оқылып жатыр

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    Доллар мен инфляцияға қатысты жаңа болжамдар

    08/10/2026

    Қазақстан мен Беларусь құны 100 млн доллардан асатын құжаттарға қол қойды

    02/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.