Мамырда еліміздегілер «Қазақстан бірлігі» күнін, «Отан қорғаушылар» күнін және «Жеңіс» күнін атап өтеді. Бұл айда жалпы 11 күн демалыс бар.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айдағы жұмыс күні – 20. 1 мамырда қазақстандықтар «Бірлік» күнін, 7 мамырда «Отан қорғаушылар» күнін, 9 мамырда «Жеңіс» күнін тойлайды. Алдағы мерекелерге байланысты сенбідегі яғни 4 мамырдағы демалыс күні 10 мамыр, жұмаға ауыстырылады.
Жалпы, Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 жылы барлығы 119 күн демалады.