Қарулы Күштерде әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне көшіру басталды

0

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2019 оқу жылына арналған дайындық жоспарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау жөнінде жоспарлы іс-шаралар басталды.

Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгердік машиналар парктерінің технологиялық сызық элементтерін қосалқы бөліктермен, жанар-жағармай материалдарымен, аспаптар және керек-жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар орындалады.

Өткізілетін іс-шаралардың толыққандылығы мен сапасынан жазғы жағдайда пайдалану, оның ішінде, қоршаған ауаның жоғары температурасы мен жоғары тозаңдану кезінде қару-жарақ пен әскери техниканың бүтіндігі мен жауынгерлік әзірлігі байланысты болатынын айта кету қажет.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.