Биыл Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша құны 781 млн. теңгеден асатын 1940 операция жасалды.
Дәрігерлер нейронавигация қолданып омыртқаға — 24, вертебропластика бойынша — 34, торакопластика — 11, артроскопия — 380, эндокорректор спондилодез – 34 операция, 161 адамның ұршық буынын, 129 науқастың тізе буынын толық ауыстырды.
Елімізде жоғарытехнологиялы медициналық қызметтер ТМКК аясында азаматтарға тегін көрсетіледі. Негізі, бір операцияның құны 170 мыңнан басталып, 1,7 млн теңгеге дейін жетеді.
2015-2018 жылдары «Травматология және ортопедия» бойынша жоғарытехнологиялы медициналық қызмет саны 3360-тан 3813 өсті. Мысалы, тізе буынын эндопротездеу — 470-тен 594, жамбас буыны – 712-ден 741, артроскопиялық операция – 1247-ден 1288 артқан.
Сондай-ақ, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында Шеміршек тінін өсіруде клеткалық технологияны пайдалану да дамып келеді.
Еске сала кетейік, ҚР ДСМ Травматология ғылыми-зерттеу институты ғылыми-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік орталық бола отырып, өз саласында көшбасшылық орын алады және ТОҒЗИ базасының өзінде ғана емес, сондай-ақ өңірлерге сапарларда оқыту мастер-кластарын өткізу жолымен кадрлық әлеуетті дамытуды жүзеге асырып және практикалық медицинада инновациялық әдістерді енгізе отырып ҚР ортопедиялық-травматологиялық қызметті дамытуға айтарлықтай үлес қосады.
Институтта ашылған күнінен бастап жоғары технологиялы операциялар, соның ішінде тұрақты негізде тізе және иық буындарына артроскопиялық араласулар орындалады (буынның ішкі бөлігінің зақымдануын диагностикалау және/немесе емдеу мақсатында жүзеге асырылатын аз инвазивті хирургиялық манипуляция. 1 см тілік арқылы жүргізіледі). 2018 жылы ТОҒЗИ базасында әсіресе реконструкциялау сипатта 1288 аса артроскопиялық араласулар орындалды.
Сондай-ақ шеміршек тінінің патологиясын түзетуде жасушалық технология белсенді әзірленіп енгізілуде (пациент тінінің базасында жасушаларды өсіру). Ұлттық биотехнология орталығымен бірге синовиалды қабықтың аутологиялық мезенхималды дің жасушаларын өсіру әдістемесі әзірленді, клиникаға дейінгі зерттеулер кезеңі өтті, қазіргі уақытта клиникалық тәжірибеге енгізу жүргізілуде.