Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

      07/10/2026

      Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

      07/10/2026

      Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

      07/10/2026

      ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

      06/10/2026

      Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

      06/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда пәтер кезегіндегі 90 отбасы баспаналы болды

    Таразда пәтер кезегіндегі 90 отбасы баспаналы болды

    Өңір тынысы 04/06/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Мемлекеттік рәміздер күні аясында пәтер кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған 90 адамға «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған пәтер кілттері табысталды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Пәтерлер жетім балалар, мүгедектер, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар әлеуметтік жағынан халықтың осал тобындағы басқа да санаттарға жататын азаматтарға берілді. 5 қабатты екі тұрғын үй Арай-2 шағынауданында орналасқан.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

    — Біздің елде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам тараздық жаңа қоныс тойын тойласа, биыл облыс орталығын 50-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жаңа «5-10-20» бағдарламасы да мыңдаған отбасыларға баспана алуға мүмкіндік бермек. Мемлекеттік рәміздер күнімен қатар келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін, — деді облыс әкімі Бердібек Машбекұлы.

    Бұл күні қоныс тойын тойлағандардың қатарында Ауған соғысының ардагері Берік Торғайбековтің отбасысы да бар. Ол ұзақ жыл бойы пәтер жалдап тұрғанын айтып, мемлекеттік қолдау арқылы баспаналы болғандығын ағынан жарыла жеткізді.

    — Бізге қамқорлық көрсеткені және қолдау білдіргені үшін мемлекетке көп рахмет. Бүгін біз үшін қуанышты күн. Отбасымызбен ұзақ уақыт бойы пәтер жалдап тұрдық, баспана мәселесін өз бетімізше шешуге мүмкіншілігіміз болмады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгін біз екі бөлмелі пәтерге ие болдық, — дейді ол.

    Іс-шараның салтанатты рәсімінен кейін кілт иелері пәтерлеріне асыға енді. Олардың жүздерінен баспана бақытын кешкен әсерлі сезімдерін байқамау мүмкін емес еді.

    Айта кетейік, ағымдағы жылы Тараз қаласында 54 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Осылайша, 3025 отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар санатындағы 1100 отбасы бар.

    Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша 18,6 мың адам тұрғын үй кезегінде тіркелген.

    Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.