Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда үйі өртенген анаға жаңа баспана берілді

    Таразда үйі өртенген анаға жаңа баспана берілді

    Өңір тынысы 28/07/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында үйі өртеніп, үш баласымен далада қалған анаға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес жаңа баспана берілді.

    Ағымдағы жылдың 1 маусымында Мичурин көшесінде орналасқан үйден өрт шығып, соның салдарынан Мария Кириакиди далада қалған болатын. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалпы көлемі 100 шаршы метр үй аумағының күлі көкке ұшқанын анықтады.

    Кәмелет жасына толмаған үш баласы бар ананың тілсіз жаудың кесірінен қиын жағдайға ұшырап, тентіреп қалғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тез таралды. Бұл оқыс оқиғаға қатысты шұғыл әрекет еткен облыстық әкімдік Марияның отбасына жатақхана ұсынған болатын. Алайда, азаматша бұл ұсыныстан бас тартты. Бірақ, облыстық және қалалық әкімдіктің атсалысуымен оттан шаңырағы ойран болған жанұяға жанашырлық танытып, Кириакидилерге жаңа баспана алып беретін кәсіпкер табылды. Осылайша, қазір Мария балаларымен бірге шаһар орталығына жақын маңдағы жаңа қонысқа көшті.

    Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев Мария Кириакидидің отбасын жаңа қоныспен құттықтау үшін арнайы келіп, бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында болғанын жеткізді. Сондай-ақ, облыстық әкімдік атынан көрпе-жастық секілді тұрмысқа қажетті дүниелерді сыйлық ретінде табыс етті.

    Бүгінде құны 9,2 млн теңгені құрайтын төрт бөлмелі үйдің ауласындағы тал-тарақтар тазартылып, дарбазасы сырланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

    «Өрт кезінде барлық құжаттарым жанып кетті. Қазір оларды қалпына келтіріп жатырмын. Біршама уақытты алатын сияқты. Құжат дайын бола салысымен, өрт шыққан үйдің учаскесін бізге баспана алып берген кәсіпкердің атына жаздырып, мына жаңа үйімді өзіме рәсімдеймін. Менің бір басыма осы үй де жетеді. Облыстық әкімдік осы мәселенің оңтайлы шешіліп, біздің далада қалмауымызға көп ықпал етті. Сондай-ақ, еріктілердің де ерекше ықыласпен қол ұшын созғанын айтқым келеді», — деген Мария Кириакиди әкімдікке деген өз алғысын білдірді.

    Айта кету керек, Мария Кириакидиге қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 277 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленді.

    Айтқазы Қарабалаев Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.