Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мойынқұмда еріктілер аққайың отырғызбақшы

    Мойынқұмда еріктілер аққайың отырғызбақшы

    Өңір тынысы 19/09/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен.

    Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі — Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы қасында жүрген Ұлжан Пірімқұлова өз бастамаларының іске аспай қала ма деп уайымдағанын айтады.

    «Негізі бұл жобамен көктемде айналысуымыз керек болатын. Алайда пандемияға байланысты грант беруші ұйым өтініштерді қабылдау науқанының уақытын созуға мәжбүр болды. Жеңімпаздар тек жаздың басында анықталып, ағаш отырғызуға нағыз уақыт, көктем мезгілінен кешігіп қалдық. Басында қатты алаңдадық. Біріншіден күзде отырғызсақ өніп кетер ме екен және шөлейтті жерде суықты сүйетін аққайың отырғызу қаншалықты болатын іс? — деген сұрақтар туындады. Алайда осы саланың мамандарымен байланысқа шығып, ол кісілерден нұсқаулықтары мен «батасын» алып қобалжуымызды бәсеңдеттік, бірақ толық баса алмадық, өйткені ауылымызда тек бір данасы ғана бар. Тәжірибе алмасатындар жоқтың қасы», — дейді Ұлжан Мұратқызы.

    Сондай-ақ, мойынқұмдық еріктінің айтуынша, «істеймін» деген адамға республика бойынша көптеген жобалар мен гранттар қарастырылған екен.

    «Жолдасым екеуіміздің де негізгі жұмысымыз бар. Бірақ барынша қосымша жұмыстармен айналысқанды жөн көреміз. Жыл басталысымен интернеттен көптеген жобалар мен гранттардың жарияланғанын байқадық. Екі грантқа өтініш бердік. Өзіміздің ауылдың шетінен ағып жатқан Шу өзенінің жағалауын тазалау және аққайың мен шырша ағаштарын отырғызуды көздедік. Біріншісінен «отказ» келді өйткені критерийлерін дұрыс орындамаппыз, ал екіншісі бойынша жеңімпаз атандық. Жұрт айтатын «рақметсіз», таныссыз-ақ жеңімпаз атандық. Жалпы «істеймін» деп ниеттенген адамның талпынысынан міндетті түрде нәтиже шығады. Көпшілік мұндай гранттар барын біле бермейді. Бірақ интернетті ашып қарауды өзі жеткілікті, көптеген бағдарламалар мен конкурстар бар. Ал енді неге аққайың мен шырша түрлері деген сұрақ туындауы мүмкін, осыған бір тоқтала кетейін. Мойынқұмда сексеуіл мен жиде ағашы көп, әр түрлі жабайы және жеміс-жидек ағаштары да баршылық. Соңғы жылдары туя мен шыршаның шағын түрлерін отырғызып жүр, ал аққайың мүлде жоқ десе де болады. Біздегі бірінші ой — әдемі ағаш отырғызу болды. Шыны керек үлкен қалалардағы саябақтарда жүрсең өсіп тұрған шырша мен аққайыңды көріп тамсанасың. Аққайыңды емдік өсімдік ретінде де алуға болады. Біздің жеңіп алған шағын грантымыздың сомасы көп емес, бірақ бастамашы болуға жетерлік. Сол себепті ауылымызда осындай игі істер жалғасын тапса дейміз. Табиғатты аялап, дамуына үлес қоссақ екен. Қазірдің өзінде осы идеямызды қолдаушылар бар. «Біздің мекеменің алдында отырғызыңыздаршы» деген бір екі өтініш те түсті. Бізге ең бастысы үзбей суарып отыру, өйткені аққайың ағашы суды «сүйеді» екен», — деп қорытындылады Ұлжан Мұратқызы.

    Айта кетейік, 2019 жылы 27 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 Еріктілер жылы деп жариялады

    еріктілер Мойынқұм ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.