Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    Жаңалықтар 04.05.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысы, Кеген ауылының негізгі кіреберіс нысанының іргесінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясымен және халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау науқанымен ұштасқан аймақтық маңызы бар ауқымды ағаш егу іс-шарасы өтті. Бұл экологиялық жоба өңірдің табиғи әлеуетін арттырумен қатар, елді мекеннің эстетикалық келбетін жаңғыртуды және Кеген ауылының болашақ «жасыл белдеуінің» негізін қалауды жоспарлауда, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Биылғы «Парктер шеруі» акциясы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді. Қазақстанда 1996 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл қозғалыс аясында Кеген өңірінде де бірқатар экологиялық іс-шаралар, атап айтқанда «Таза өлке», «Таза аймақ» және «Жасыл жапырақ» акциялары жүзеге асырылуда.

    Аталған шара облыс басшылығының қолдауымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында ұйымдастырылуда. Экологиялық акцияға облыстық және аудандық деңгейдегі өкілдер, қоғам қайраткерлері мен депутаттар қатысады. Сонымен қатар, игі шараға: жергілікті аудан халқы мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері мен танымал блогерлер, еріктілер мен парк қызметкерлері қатысты. Бір күн ішінде барлығы 5100 түп ағаш отырғызылды.

    Ауылдың «жасыл қақпасын» қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан кешенді инженерлік және дайындық жұмыстары жүргізілді. Олар:

    1. Ағаш егілетін 7 гектар жер толықтай қоршалды.
    2. Бөлінген аумаққа 2 560 түп ағаш егіледі. Оның ішінде: 512 аққайың, 512 қарағай, 400 шырша, 624 терек және 512 қара ағаш бар.
    3. Жасыл желектің сақталуын қамтамасыз ету үшін 2 000 метрлік суғару жүйесі тартылады.

    Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде жеке инвестордың әлеуметтік жауапкершілігін атап өтуге де болады. Өңірде жүн мен тері өңдеу зауытын салып жатқан «MERGEN HOLDING» ЖШС бұл бастамаға өз үлесін қосуды жөн көріпті. Компания жеке қаражаты есебінен 2 гектар жерді игеріп, аталған алқапқа 2 000 түп калифорния терегін егу жоспарланған.

    «Парктер шеруі» – табиғатты қорғау және қоршаған орта мәселелерін шешуге бағытталған халықаралық қозғалыс. 2025 жылғы акцияның нәтижесі бойынша Кеген өңіріндегі ұлттық парк Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алғыс хатымен марапатталған болатын.

    Кеген ауылының босағасында бой көтеретін бұл жасыл желек алдағы уақытта өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, туристік тартымдылығын арттыратын маңызды нысанға айналады деген сеніміміз мол. Бұл қадам —табиғатты қорғау мен өндірістік дамудың үндесе алатынының жарқын үлгісі.

    Кегеннің «Жасыл қақпасын» бірге тұрғызайық!

    ағаш егу Кеген Кегеннің жасыл қақпасы Таза Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.