Лиондағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

0

Лион қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Францияның Лион қаласында жарылыс салдарынан 13 адам жарақат алып, 11 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алды.

«Француз құқық қорғау органдарының біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ» деп мәлім етті министрліктен.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.