Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Израильде киіз үйдегі көрме ашылды

    Израильде киіз үйдегі көрме ашылды

    Ел іші 02.07.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Тель-Авив мэриясының және «Казцинк» корпорациясының қолдауымен қаланың ең танымал туристік аймақтарының бірі – теңіз портының жағалауында орналасқан саябақта Қазақ киіз үйін тігіп, көрме ашты деп жазады Қазақстанның осы елдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

    Экспозицияның ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұлттық Домбыра күніне орайластырылды.
    Салтанатты шараға Тель Авив – Яффо қалалық кеңесінің мүшелері, Иерусалим Патриархы III Теофиль, Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпус, Израильдің қоғамдық және іскер топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қазақстандық диаспора қатысты.

    Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов 2014 жылы киіз үй мен домбыра ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілгенін, сондай-ақ халқымыз үшін киелі киіз үйдің қасиеті мен қастерлі мәні туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Дипломат халқымыздың мәдени мұрасын таныстыру Қазақстан мен Израиль арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.

    Тель-Авив мэрінің орынбасары Гал Шараби 1999 жылы Тель-Авив пен Алматы арасында бауырластық байланыс орнатылғанына тоқталып, қалың бұқараға он күн бойы есігі ашық тұратын киіз үй экспозициясы Тель-Авив тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін танып-білуге мүмкіндік беретінін айтты.
    Сонымен қатар, шара аясында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығарылған еврей тіліндегі «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері өтті.

    С.Бұршақов кітаптың аудармашысы Полина Брукман мен «Бейт Нелли Медиа» баспа үйінің директоры Алла Серебринскаяға Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарын табыстады.


    Мереке барысында Қазақстаннан шыққан еврей қауымдастығының өкілдері ыстық ықыласпен және зор ризашылықпен еліміз туралы жылы естеліктерімен бөлісті.
    Шағын концерттік бағдарлама қойылып, онда Бар Илан университетінің студенті Әмірлан Нажмитдинов мен Бекжан Қоңырбаев танымал қазақ композиторларының шығармаларын домбырада орындап берді. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде шырқаған Израиль азаматы Ирэна Арзютова ерекше құрметке бөленді.

    Киіз үй Алматы облысында тігіліп, «Казцинк» корпорациясының демеушілігімен Израильге жеткізілді. Экспозиция есігі 2 – 10 шілде аралығында Тель-Авив портының саябағында баршаға ашық болады.

    Оқылып жатыр

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    21.05.2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.