Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

    05.03.2026

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 5 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

      05.03.2026

      Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

      05.03.2026

      Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

      05.03.2026

      ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

      05.03.2026

      Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

      05.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Домбырада ойнап, сұлулық байқауына қатысқан. Мүгедек арбасына таңылған қыздың таңғажайып оқиғасы

    Домбырада ойнап, сұлулық байқауына қатысқан. Мүгедек арбасына таңылған қыздың таңғажайып оқиғасы

    Ел іші 30.08.2021
    Фото:instagram.com/mkash01
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    20 жастағы Аружан Мұқаш туа салысымен мүгедек арбасына таңылған. Алайда, бұл қыздың сұлулық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болуына, дизайнерге оқуына, кәсіби түрде домбырада ойнауына және билеуіне еш кедергі емес. Домбыраның құлағында ойнайтын оралдық өнерлі қыздың таңғажайып оқиғасымен Tengrinews.kz материалынан таныса аласыздар.

    Аружан Оралға жақын ауылда дүниеге келген. Сегіз айға толғанда оған қатерлі ісік диагнозы қойылыпты.

    «Маған нейробластома диагнозы қойылды. Бұл нәрестелерде пайда болатын ауру. Кейінірек ол міндетті өз ізін қалдырады. Менің белімнен төмен қарай аяқтарым жұмыс істемейді. Шамамен 12 жыл бойы менде мүгедек арбасы болған жоқ. Ол кезде біз ауылда тұрдық. Ағаларым мені әрдайым көтеріп жүрді, мені айналаны тамашаласын деп ешқашан үйге тастап кеткен емес, Содан кейін біз Оралға көшіп келдік, сол жерде мемлекет мүгедек арбасымен қамтамасыз етті. Арбаны ала салып, отырып айналаны зерттей бастадым, қайда, қалай бару керек, жаңа достар таба бастадым. Мен өте белсенді қыз болдым, — дейді Аружан.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от вдохновение твоего разума (@mkash01)

    Аружан үйде білім алып, 11 сыныпты бітірді, ҰБТ тапсырып Алматыға дизайнер мамандығына грантқа түсті.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от вдохновение твоего разума (@mkash01)

    «Тоғызыншы сыныпта мен графикалық дизайнды үйрене бастадым. Екі жыл бойы интернетте графикалық дизайнды оқыдым, адамдарға тегін дизайн жасадым. Соңғы 5-6 жылда мен сурет салумен айналыстым. Дизайнға деген құмарлығым ашылды. Мен логотиптер жасаудан бастадым. Ол кезде бұл маған ыңғайлы болды. Себебі маталар мен басқа материалдарды сатып алудың қажеті жоқ. Графикалық дизайнер болу үшін сізге ноутбук, интернет және кішкене шығармашылық қажет,- дейді Аружан.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от вдохновение твоего разума (@mkash01)

    Аружан домбырада өте жақсы ойнайды. Домбыраға деген қызығушылығы артып, Оралда үйірмеге де қатысты. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайды десе болады. Өнерлі қыз домбыра ойнау шеберлігін Оралда көпшілік алдында паш етті. Жастар арасында ұлттық аспап домбыраға деген қызығушылық, үйренуге деген ынта күн санап артып келеді. Бұл қуанарлық жағдай. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру міндетінің дұрыс атқарылып жатқандығын байқатады. 2018 жылы ол «Орал аруы» сұлулық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

    «Мен 18 жасымда Алматыдан Оралға көштім. 2018 жылы Алматыға қоныс аударғаннан кейін мен бір жыл бойы графикалық дизайнер болып жұмыс істедім. Қазір Инстаграмда тапсырыс қабылдайтын менеджерім бар. Мен өзімді толықтай қамтамасыз етудемін. Жақында мен өзімді сән дизайнында сынап көре бастадым», — деп бөлісті ол.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от вдохновение твоего разума (@mkash01)

    Аружан Алматыдағы Академияның үшінші курсына көшті.

    «Мен оқуға жаңа түскенде маған анам құжаттар жинауға, үйді жинап, тамақт әзірлеуге көмектесті. Мен үшін анам – өте мықты жан, ол мені ешқашан еркелетіп, бетімен жеіберген емес. Мені қаталдықта тәрбиеледі, мен ол үшін рахмет айтамын. Мен қазір жалғыз тұрамын және бәрін өзім жасаймын. Мен үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Жеделсаты, пандус, жақын жерде дүкен де бар.

    Менің достарым жалғыз тұрып, бәрін өзім жасайтыныма таңғалады. Мұның еш қиындығы жоқ. Кей-кейде менде көңіл-күйім түсіп, әкем мен анамның жылы құшағын, дәмді тамағын, таза, дайын үтіктелген киімді аңсайтыным болады. Бірақ ммен өзімнің босаңсуыма жол бермеймін, себебі, дамуым қажет, өсуім керек. Бұл маған күш береді. Жанымда әрқашан қолдау көрсетер достарым бар»,- дейді дизайнер.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от ЗАКАЗАТЬ ЛОГО/ОФОРМЛЕНИЕ ИНСТА (@mkash.style)

    Аружан мечтает поступить в европейский вуз и продолжить там обучение в сфере дизайна. 

    «Қазір мен күзгі киімдер жинағын дайындап жатырмын. Келесі аптада шығаруды жоспарлап отырмын. Болашақта киім дүкенін ашып, басқа қалаларда кеңейткім келеді. Оқуды бітіргеннен кейін мен екі жылдай өз еркіммен бос болғым келеді. Сосын дизайнер мамандығына Прагаға немесе Миланға оқуға түскім келеді. Мен мұны бала кезімнен армандадым. Ол үшін маған портфолио жинау керек»,- дейді ол.

    Жақында Аружан парабиге қатыса бастады.

    «Жақында біз Шымкентте өтетін паралимпиадалық жарыстарға барамыз. Мүмкін болашақта мен спортшы боламын. Маған сәндік түсірілімдер ұнайды. Менің анам жас кезінде өте әдемі болған, менің ойымша, анамның арқасында менің келбетім әдемі. Мені фотографтар жиі байқап, суретке түсуге шақырады. Мен қуана-қуана келісемін», — деп бөлісті Аружан.

    Аружан әлеуметтік желіде өте танымал. Ол TikTok пен Instagram-да жеке блогын жүргізеді.

    @mkash.style

    ♬ Suffer with me — 𝑗𝑢𝑠𝑡 𝑠𝑤𝑒𝑒𝑡

    Жас қыз мүгедек арбасында отыру мақсатқа жету мен өмірден ләззат алуға еш кедергі жасамайтынын айтады.

    @mkash.style

    Instagram: mkash01

    ♬ оригинальный звук — ✨• 𝐖𝐀𝐋𝐋𝐏𝐀𝐏𝐄𝐑 •✨

    «Мемлекет маған мүгедектік бойынша зейнетақы төлейді, мен оны анама беремін, мені өмір бойы қолдап, өсіріп, жеткізгені үшін, қазір мен өзімді өзім қамтамасыз ете аламын, арасында анам мен әкеме көмектесіп тұрамын.

    Мен үшін жаңа таныстықтар мен адамдармен қарым-қатынас жасау өте жеңіл. Адамның физикалық тұрғыдан дене-бітімі қандай екендігі маңызды емес, сондай-ақ, ұлты және т.б. ерекшеліктері, ең бастысы — сіздің қызығушылықтарыңыз сәйкес келсе болғаны. Мен жас қыздар мен ұлдарға айтарым, сыртқы келбетіңізге көңіл толмаудан, өздеріңізді кінәлаудан аулақ болыңыздар дегім келеді», — деп аяқтады Аружан.

    Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» іс шара жоспарына сәйкес әзірленді.

    Оқылып жатыр

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Жаңа конституциядағы басым бағыт — азаматтардың денсаулығына қамқорлықты күшейту

    02.03.2026

    Боксер әкім: Шымкентте әкім қарамағындағы қызметкерлерге жұдырық жұмсаған

    02.03.2026

    Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

    27.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

    05.03.2026

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026

    ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

    05.03.2026

    Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

    05.03.2026

    Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы заң орындарына шағым түсірді

    05.03.2026

    Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр?

    05.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.