Дубайдағы ЭКСПО көрмесі 25 миллион қонақты күтеді

0

Келесі жылы Дубайда өтетін дүниежүзілік көрмеге 25 миллион адам барады деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының жиынында айтылды. Ассамблея жұмысына Қазақстан делегациясы да қатысты. Дубайда өтетін көрмеде еліміз ең үлкен павильондардың бірін орнатпақ.

«Астанадағы ЭКСПО көрмесі – өткенде қалған тарихи оқиға емес, бұл осы кезге дейін жалғасып келе жатқан тың жоба. Тұңғыш Президенттеріңіздің еңбегі арқасында жүзеге асқан бастама. Көрмеге қатысушылар ең алдымен оның мән-мағынасы мен мазмұнына қанығуы тиіс», – дейді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Винсенте Лоссерталес.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.