Тоқаев: Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», – деп жазды Президент.

Осыған дейін, Тоқаев Қазақстанда президенттік кадрлық резерв құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, елімізде талантты жастардың экономикада, ғылымда, мәдениет пен спортта өзін шыңдауға жағдай жасалады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.