«Мен – қазақпын». Головкин отандастарына алғыс айтты

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты.

Видеода спортшы Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын » атты белгілі поэмасынан үзінді оқиды.

Боксшы роликті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Отандастарыма қолдау көрсеткендері үшін рақмет! Мен өзінімнің қайдан шыққанымды ешқашан ұмытпаймын», – деп жазған Головкин.

Геннадий Головкин және онымен бірге балалар мен спортшы, ғалым, әскери адам, ғарышкерлер оқыған поэмадан үзінді келтіреміз.

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.