Собчак актер Виторганмен ажырасқанын жариялады

0

Тележүргізуші Ксения Собчак актер Максим Виторганмен ресми түрде ажырасқанын жариялады. Бұл туралы ол НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь!»бағдарламасының эфирінде мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен ажырастым», – деді тележүргізуші журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.

Собчак тиісті мемлекеттік бажды төлеп, некені бұзу туралы куәлік алған. Бұл ретте ол Виторганмен бірге демалу туралы БАҚ хабарламаларын жалған екенін айтты.

Биыл наурызда Собчак пен Виторган айырылысатындарын мәлімдеді. Бұған бірқатар жанжалдар себеп болған. БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарда кешкі уақытта Виторган мен режиссер Константин Богомолов мәскеулік кафелердің бірінің жанында тележүргізуші үшін төбелескені де айтылған еді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.