Жамбыл облысы ПД басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

0

Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Үдергенов тағайындалды. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында хабарлады.

Бауыржан Арынұлы – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы өз сөзінде орынбасарына сәттілік тілеп, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруын жеткізді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.