Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әкімдік Тараз тұрғындарын «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырады

    Әкімдік Тараз тұрғындарын «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырады

    Өңір тынысы 05.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырады, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген.

    «Аталған бағдарлама аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта көлемі 80м2, 116м2, 125м2 құрайтын 255 жеке тұрғын үйдің құрылысын «Ремстрой-СС» ЖШС, «Компания Сырым Блеке» ЖШС, «KCC Construction» ЖШС, «Damdes құрылыс invest» ЖШС жүргізуде. Осыған байланысты, 2005 және 2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне арнайы кезекте тұрған азаматтарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырамыз», — делінген хабарламада.

    «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесіндегі №1 үйдің №2 іс-бөлмесінде орналасқан. Байланыс телефондары: 43-54-77, 43-71-15.

    Бағдарламаның ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру деген бағыты бойынша кез келген жеке тұлға:

    — банкке нарықтан бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредит алу үшін ипотекалық қарыз алуға құжаттарды (бастапқы тұрғын үйдің және өзінің жеке құжаттары) және субсидия алуға өтініш беру тиіс;

    — ішкі құжаттарымен белгіленген процедураларға сәйкес банк төлем қабілеттілікті және ұсынған кепілдікті бағалайды;

    — ипотекалық қарыз беру туралы оңтайлы шешім қабылданған жағдайда, банк
    3 жұмыс күні ішінде Қазақстан ипотекалық компаниясына субсидия беру туралы қолдаухат жолдайды;

    — Ипотекалық компания 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексереді және субсидиялау туралы шешім қабылдайды;

    — шығарылған шешімнің негізінде банк қарыз алушымен банктік қарызы, төлеу кестесін, ипотекалық келісімін жасасады.

    Еске салайық, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2017-2031 жылдарға арналған. ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған.

    «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz сайтынан білуге болады. Бұл портал тұрғын үйлерді таңдау ыңғайлы, ал бөлістіру ашық, айқын болсын деп арнайы жасалған. Мұнда қолжетімді үйден үміткер азамат өзі пәтер алғысы келетін қаланы таңдап, аймақта қандай нысандар салынып жатқанын біліп, өтініп қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінім бере алады. Нысан бойынша өтінімдер қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай қалғанда басталады. Пулға барлық ТҮҚЖБ клиенттері қатыса алады, алайда мемлекеттік бағдарлама талаптарына толық сай келетін және ең көп балл жинаған салымшылар ғана баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Балл саны депозиттің қаншалықты тұрақты толықтырылып отырғандығы және шоттың әрекет ету мерзіміне байланысты. Осылайша депозит неғұрлым ерте ашылса және оған дер кезінде ақша салынып отырса, балл да соғұрлым жоғары болмақ. Балды арнайы бағдарлама есептейді, адам араласа алмайды, яғни процесс ашық автоматты түрде жүреді.

    соңғы жаңалықтар Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.