Close Menu
    Оқылып жатыр

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 30 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

      29/09/2026

      Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

      29/09/2026

      Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

      29/09/2026

      Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

      28/09/2026

      Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

      28/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әлем қазақтарына ортақ қолдау телефоны іске қосылды

    Әлем қазақтарына ортақ қолдау телефоны іске қосылды

    Жаһан 22/04/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев әлем елдеріндегі қандастарымызға көмек көрсету мақсатында өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойды.

    Аталған меморандумның мәні шетелдегі және Отанына оралған қазақтарға көмек көрсетуге арналған Бірегей Байланыс-орталығы бірыңғай қызметін құру болып табылады.

    Құжат тараптардың арасындағы серіктестік қатынастарды, жобаны жүзеге асыру және Байланыс-орталыққа техникалық қолдау көрсету бойынша өзара ықпалдастықты көздейді. «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық серіктес рөлін атқара отырып, Байланыс-орталығын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық және аппараттық жарақтандырудың қажетті спектрін ұсынды, атап айтқанда: байланыс телефондары желілері, бағдарламалық жарақтандыру, Байланыс-орталықтың операторларын ұсыну, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кеңестік және басқа да бірқатар қызметтер көрсетуді ұсынады. Сонымен қатар, қазақстандық ұялы операторлар нөмірлерінен тегін қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған.

    Қысқа мерзімді келешекте, Байланыс-орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетіп, Қазақстан азаматтығын алу, «оралман» мәртебесін алу, әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді, мемлекеттік көмекті тағайындау, сондай-ақ оралмандар мен иммигранттарды жұмыспен қамтудың аймақтық квоталарына қосу тәртібі және т.б. мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңестер ұсынатын болады.

    Сондай-ақ жобаның тұжырымдамасына сәйкес, Бірегей Байланыс-орталығы интеграциялық және бейімдеу қызметтерін көрсету, құзыретті органдарға қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша, шешімдер мен отандастарға көмек көрсетуге арналған бағдарламалық құжаттарды әзірлеу бойынша ақпаратты жинақтауға және талдау жасауға негізгі элемент болады. Яғни, Бірегей Байланыс-орталығы, теңдесі жоқ әлеуметтік жоба. Сонымен қатар, Қор көмектердің барлық қолданыстағы түрлерін Бірегей Байланыс-орталығында шоғырландыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл үшін қалалар мен облыстардың әкімдіктері, ұлттық компаниялар, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Зерде» және «ҚазАгро» холдингтері, сондай-ақ олардың еншілес құрылымдары тәрізді мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен серіктестік қатынастарын орнату үстінде.

    Мұндай әріптестіктің мақсаты қолданушылары біздің отандастар болып табылатын технологияларды ілгерілету және бизнес ашу мәселелері бойынша кеңестік көмек ұсыну болып табылады. Байланыс-орталығы 1404 (ұялы қоңыраулар үшін), 8-800-080-1404 (Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін), +7 (7172) 981404 (Қазақстан және шетелден шалынатын қоңыраулар үшін) нөмірлері бойынша қолжетімді. Қазіргі кезде қызмет тестілеу және сұрақтар мен жауаптар негізін толықтыруды қамтитын техникалық іске қосуды жүзеге асырды.

    Серіктестік қатынастар Байланыс-орталықтың жұмысын одан әрі дамыту мен кеңейтуді көздеп, келешекте мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың барлық ақпараттық жүйелерімен бірігуі жоспарлануда. Келешекте, пайдаланушыларға қолайлы болу үшін, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы коммуникацияның қосымша арналары жетілдірілетін болады, сондай-ақ Skype қоңырауларға арналған құралының көмегімен кеңес алуға болады. «Бүгінгі таңда ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша іргесі қаланған «Отандастар қоры» тарихи Отандарына оралған, сондай-ақ шетелдерде тұратын отандастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.

    Қордың негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанға оралғанда отандастарымызға бейімделулеріне және әлеуметтенулеріне іс жүзінде көмектесу. Бұл жағдайда Бірегей Байланыс-орталығы қызметін құру өзіне қажетті көмекті шоғырландырып ғана қоймай, сонымен қатар оралмандар мен шетелдегі диаспоралар мәселелерін сапалы шешу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды әзірлеуге арналған ақпараттың көзіне айналуды көздейді. Мұндай қызметтің пайда болуы мемлекеттің отандастарға көмек көрсету деген көзқарасының деңгейін көрсету. Бүгінгі «Қазақтелекоммен» әріптестікте ұйымдастырылған Бірегей Байланыс-орталығының техникалық ашылуы, болашақта арнайы мемлекеттік бағдарлама түрінде нық жүйелік сипатқа ие болатын, біздің тараптан отандастарға қолдау көрсетудің іс жүзіндегі әрекеттеріміздің тағы да бір қадамы болады», — деп атап өтті «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаев.

    Ресми деректер бойынша, тәуелсіздік жылдары бойына тарихи отанына Қазақстанға (1991 жыл мен 2018 жыл аралығында – ҚР ЕХӘҚМ деректері) 1 миллионнан астам адам – қоныс аудару бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, сонымен бірге өздері қайтып оралған екен. Соңғы уақытта қалыптасқан этникалық қазақтардың тарихи отанына көшуге ниет білдірушілердің айтарлықтай өсу үрдісі мақсатты аудитория арасында осы байланыс орталығы қызметтерінің жоғары қажеттілігін растайды.

    «Біз аталмыш меморандум бойынша әріптестік аясында тиімді, өзара ынтымақтастыққа арналған қолайлы шарттар жасауға ұмтылатын боламыз. Аталмыш жоба үлкен әлеуметтік мәнге ие, біз оған қатыса отырып, инфрақұрылымдық мультисервистік оператор ретінде, аталмыш жобаның дамуына қосатын үлесіміздің маңыздылығын түсінеміз»,- деп атап өтті«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

    Меморандумға қол қою барысында тараптар сондай-ақ бірлескен шараларды өткізудің болашағын да талқылады. Өзара әрекеттестік кезеңі 2022 жылға дейін деп белгіленді.

    әлем қазақтары ортақ қолдау

    Оқылып жатыр

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Зеленский БҰҰ мінберінде Ресейдің Украинадағы шығынын санап берді

    24/09/2026

    Жер бетіндегі 12,5 триллион тонна мұздық еріп кеткен

    23/09/2026

    Әлемде жанармай дағдарысы басталды — Wall Street Journal

    16/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026

    Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

    29/09/2026

    Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

    28/09/2026

    Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

    28/09/2026

    Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында рекорд орнатты

    28/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.