Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 14 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Атақты әншінің 21 жыл бұрын жоғалған бауырын кім өлтірген: Прокуратура істің мән-жайын айтты

    Атақты әншінің 21 жыл бұрын жоғалған бауырын кім өлтірген: Прокуратура істің мән-жайын айтты

    Өңір тынысы 21.11.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылының тұрғындарын таяуда дүрліктірген оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ауыл тұрғыны 1998 жылы ер адамды өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Осыған дейін, «Тараз триосы» тобының мүшесі Асылхан Шүңіреков 21 жыл бойы іздеген туған ағасының өлтірілгенін енді білгенін айтып, сұхбат берген еді. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайы мен тергеу барысы қалай жүріп жатқанын білу үшін Жамбыл облыстық прокуратураға сауалхат жолдаған болатын. 

    Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы 1 тамызда Шүңіреков Асылхан Мәдіханұлы ағасы 1950 жылғы Кеңесхан Мәдіхановтің 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткені бойынша арыз түсірген. Ол арызында Мойынқұм ауылының тұрғынынан ағасын 1998 жылы қасақана өлтіргені бойынша күдіктенетінін жазған. 


    Кеңесхан Мәдіхановтің мәйіті табылған үй

    «Аталған қылмыстық іс қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 2019 жылы 16 қарашада іс бойынша күдікті ретінде жауап берген 1958 жылғы Е. Т. өзінің жауабында шын мәнінде Кеңесхан Мәдіхановты мылтықпен атып жібергенін және мәйітті өзінің Мойынқұм ауылы, Абылайхан көшесі №105 үйінің ауласына көміп тастағанын көрсетті. Қазіргі таңда Мойынқұм аудандық ПБ-нің аға тергеушісі М. Ермегеев Кеңесхан Мәдіхановтің өліміне себеп болған мән-жайларды анықтауға бағытталған сот комиссиялық сараптамасы тағайындады, ал мәйіттің қаңқа сүйектері сараптамаға жолданды», — делінген ресми жауапта. 

    Осыған байланысты Мәдіхановтің өліміне себеп болған жағдай процессуалдық тұрғыда анықталғанға дейін Е.Т. қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық қолхаты» қолданылып отыр екен. Тиісті сараптаманың қорытынды нәтижесімен, оны қамауға алу мәселесі шешіледі.


    Мәйітті қазып алу сәтінде түсірілген сурет

    «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу нәтижесімен Е.Т. қылмыстық әрекетіне заңды баға беріледі. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — делінген прокуратураның ресми жауабында. 


    Кісі қолынан қаза тапқан Кеңесхан Мәдіханов

    Осыған дейін, Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. Ұсталған адам 1998 жылы желтоқсан айында досымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жанжал шыққан. Сол кезде ИЖ маркалы 12-калибрлі мылтықтан оқ атылған, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. 

    «Ұсталған адам мәйітті өз ауласына көміп тастағанын айтып, қайда жатқанын көрсетті. Сол жерден адам сүйектері табылды. Күдікті 2013 жылы қылмыс жасалған мылтықты өз еркімен акция кезінде Мойынқұм аудандық полиция бөліміне тапсырғанын айтты. Бұл мәліметтің құжаттары да бар», — деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

    Мойынқұм ауданы прокуратура

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.