Author: admin

Тараз қаласы Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде «Жолда қабылдау» акциясы аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергеновтің Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінде есепте тұрған автокөлік иелерімен кездесуі өтті. Сондай-ақ, іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай және Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тараз КРО» кеден бекетінің басшысы Абылай Молдабеков қатысты, – деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Шетелдік нөмірдегі автокөліктерді тіркеу бойынша заңнаманы қолдануға байланысты елімізде, оның ішінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында да бірқатар сауалдар туындаған болатын. Сондықтан Полиция департаменті басшылығының бастамасымен жағдайды түсіндіру және талқылау үшін автокөлік иелерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 400-ге жуық автокөлік иелері…

Read More

Жамбыл облысында ашыққан жыртқыштар қорадағы төрт түлікке шабуыл жасай бастаған, – деп хабарлайды «Хабар 24». Телеарна мәліметінше, жергілікті шаруалар төрт түлікті қырған қасқырлармен күресуге дәрменсіз. Себебі қасқырды өз бетімен атуға рұқсат жоқ екен. Қорасын қорып, қорқынышта отырған малшылар енді жергілікті биліктен көмек сұраған. Қасқырдан қорлық көріп отырған шаруалардың бірі – Нұрбақыт Сейітқали. Қыс түскелі оның қорасына жыртқыш бірнеше рет шабуыл жасап, 15 шақты қойын жеп кеткен екен. Қазір кезекпен ұйықтап, түнімен қора күзетеді. «Енді амал жоқ, талап кетеді. Одан кейін сойып аламыз, басқа ештеңе істемейміз оған. Қоя бергеннің өзі болмайды. Сойып аламыз қазір. Шықпағанда бәрін қырып кету керек еді. Қора жабық…

Read More

2019 жылдың 9 желтоқсанында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен республикалық «Жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұловпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осыған орай, бүгін медиа орталық төрағасы меморандумның негізгі талаптары бойынша атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстарды насихаттау мақсатында Тараз қаласына іссапармен келді, – деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Жұмыс сапарын көші-қон қызметі орталығымен танысудан бастаған Төлеген Байғұлов мекемедегі қызметкерлердің қызмет көрсетудегі халықпен қарым-қатынасын бақылап, орталыққа келген азаматтармен сұхбаттасты. Жалпы, Көші-қон қызметі орталығы іске кіріскелі бері Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсету жақсартылып, оларға ыңғайлы жағдай жасау арқылы қызмет көрсету мерзімі…

Read More

Жамбыл облысында пойыз астына түскен екі адам қаза тапты. Тергеу шаралары басталды, – деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі.  «Биыл 13 қаңтарда Жамбыл облысындағы Бел станциясына кіреберіс жерде Алматы – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды қағып кеткен. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға орнына Шу станциясының тізбектегі полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы аттанған. Қаза тапқандардың кім екендері анықталды. Олар 33 жастағы және 44 жастағы теміржол ұйымының бірінде істейтін жұмысшылар екені анықталды», – делінген полиция хабарламасында. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі («Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын…

Read More

Жамбыл облысында жарықтың бағасы 3 теңге 91 тиынға өскен, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр. Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме өнімнің киловатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде айналады. Ал мамандар жеке және заңды тұлғалараға қатысты тариф өзгермейді деген болжам айтып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасмалдау қызметі әсер еткен. «Электр қуаты нарығының бағасы 30%-ке қымбаттап отыр. Осының себебінен электр энергиясының бағасы 3%-ке көтеріліп отыр. Оның ішінде халыққа дейміз, тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. Сол 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Және өзге де заңды…

Read More

Жаңажылдық кеште жаға жыртысқан шенеуніктер жұмыстан босатылды. Алматы облысы Жамбыл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды. Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша жұмысынан уақытша шеттетілген, – деп хабарлайды КТК арнасы. Олар 25 желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте жанжал шығарған. Әлеуметтік желіде таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді. Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы Мәдениет үйінің қызметкеріне жабылып, сабаған. Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, шу шығарған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап…

Read More

Биыл 1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Қазіргі жағдай бойынша елордалық 15 мыңнан аса отбасы аталмыш жәрдемақыға ие болып отыр, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.  Халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмектің жаңа форматына сәйкес, жәрдемақы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленеді. Атап айтқанда, 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге. Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттарды Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы аудандарының…

Read More

Поздравляю всех православных христиан области с праздником «Рождество Христово». Это один из значимых и радостных праздников в христианском календаре! Он озаряет жизнь миллионов людей светом надежды и любви, учит проявлять милосердие и заботу о ближних, помогает стать гуманнее и справедливее. Рождество вселяет в души христиан веру, радость и чистоту. В нашем общем доме, независимом Казахстане с давних времен бок о бок в мире и взаимной толерантности живут представители разных национальностей и вероисповеданий, Рождество олицетворяет собой гармонию и взаимопонимание. Празднование Рождества Христова наглядно подтверждает, что в стране успешно развивают свои традиции, культуру, обычаи люди самых разных вероисповеданий. И мы особо отмечаем…

Read More

Туриндік «Ювентус» футболдан Италия чемпионатының 18-кезеңінде өз алаңында «Кальяри» командасын талқандады, – деп хабарлайды Vesti.kz. Туринде өткен ойын 4:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду хет-трик орындады (49-шы және 82-ші минуттарда қарсыластар қапасынан саңылау таба білді, ал 67-ші минутта пенальти орындау кезінде мүлт кеткен жоқ. Тағы бір голдың авторы (81-ші минутта) аргентиналық Гонсало Игуаин болды, ол кезде де португалиялық футболшы нәтижелі пас шығарған еді. 45 ұпай жинаған «Ювентус» бірінші орынға қайтып келді, ал 29 ұпайы бар «Кальяри» алтыншы орында. Туриндіктер «Интер» командасында қосымша көрсеткіштермен ғана озып тұр, алайда миландықтар 18-кезеңдегі ойынды «Наполиге» қарсы өткізеді.

Read More

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, – деп хабарлайды «Лента.ру». Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді. Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You («Әрине, мен сені әлі де сүйемін») платформасына қонды. SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.  «Қымбатты қазақстандықтар! Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады. Конфессияаралық келісім – мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз», – делінген мәтінде. Тоқаев Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосып жатқанын айтты «Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз. Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!», -…

Read More

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. Қазіргі таңда Жаңабаев Таразда, ол қайтадан жаттыға бастаған көрінеді. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін наурызға белгілеп отыр. Қазақстандық жартылай орта дивизионда WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулеріне ие. Айта кетейік, Жаңабаев 21 желтоқсан Ресейде өткен бокс кешіне он күн қалғанда жарақаттанған болатын. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болу керек еді. Ал бұл шоудың басты кездесуінде ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 КО) африкалық Табисо Мчунуден (21-5, 13 КО) төрешілер…

Read More

eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз, – деп хабарлайды ҰАТ баспасөз қызметі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды», – делінген хабарламада. Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.

Read More

Филадельфиядағы Темпл университетінің ғалымдары куркуминнің қабынуға қарсы және антиоксидант қасиеттері қатерлі ісікті жоюға қабілетті екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды «МедикФорум». Ғалымдар мұндай тұжырымдаманы 1924 жылдан бері шыққан куркуминнің қасиеттері туралы жазылған ғылыми жұмысты зерттей келе анықтаған. Барлығы 12 595 есеп іріктеліп, куркуминнің қатерлі ісікке әсері жайлы 4738 құжатқа куәлік берілген. Америкалық зерттеушілердің сөзінше, куркума қатерлі ісіктің көзін жоюға ықпал етеді және қоректік заттарды жаңа өскіндерге жеткізудің алдын алады, сондай-ақ сау жасушалардың өлуінің алдын алады.  Лаборатория зерттеулерінде куркумин қатерлі ісіктің сегіз түрінің өсуінің алдын алған.  Куркума – зімбір тұқымдас көпжылдық шөп өсімдіктерінің түрі. Куркуманың емдік қасиеттері Индостан түбегінде ежелден белгілі. Куркума организмді тазартады деп есептелді.

Read More

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайы бойынша жұмыстарды тексеру мақсатында елорданың бірқатар медициналық нысанды аралады, – деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Министр Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасында болып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы медициналық мекемедегі пациенттердің тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді. Қазіргі таңда аурухана бөлімшелерін басқа жерге көшіру үшін екі корпуста жөндеу жұмыстары аяқталды, олар: гинекологиялық корпус және жеті қабатты ғимарат. Тексеру барысында Елжан Біртанов қажет емес бөлмелерді оңтайландыру арқылы ауруларды қабылдау бөлмесінің ауданын ұлғайтуға назар аударды, сонымен қатар жедел және жоспарлы түрде келетін…

Read More

Жамбыл облысы Мерке ауданындағы «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станциясы аумағында өрт болды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. «5 қаңтар күні сағат 19:26 Мерке ауданындағы Ақтоған ауылынан 3 шақырым жердегі «Казгазтрейд» ЖШС газ құю станция аумағынан өрт шықты. Автоцистернадан шыққан газдан өрт тұтанған. Шыққан жалын операторлық ғимарат пен оның қасында жапсарлас орналасқан дүкендерді шарпыған. Өрт сағат 19:56 ауыздықталып, сағат 20:33-де толық сөндірілді. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақ өртенген. Өрттен ешкім зардап шекпеген» – делінген комитет хабарламасында. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болған. Оқиғаның басқа да себептері анықталып жатыр.

Read More

Каир қаласында қаза тапқан Мысырда Қазақстан елшісі болып қызмет еткен дипломат Еламан Жолдасовтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Оны Түркістан облысында жерледі, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қайтыс болған адамның туысы Нәзипа Өсербаеваға сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, Еламанды 31 желтоқсанда Түркістан облысындағы өзінің туған жері Шарбұлақ ауылында жерлеген. Өсербаеваның айтуынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәйітті жеткізу шығындарын көтерген. «Еламанның жары мен оның балалары әзірге Мысырда екен. Ол жүкті, онда қанша болатынын білмейміз», – дейді әйел. Нәзипа Өсербаева туысының неден қайтыс болғанына байланысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Еламан Жолдасов 13 желтоқсанда Каирдегі өз үйінің кіреберісінде өлі табылды. Кейін қаза тапқан дипломаттың жары Айнұр…

Read More

Қытай және Үндістан азматтары үшін Қазақстан арқылы транзитпен ұшатындар үшін 72 сағаттық визасыз режим ашылды, – деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналы. «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келу, болу және кетудің 72 сағаттық визасыз режимі жұмыс істейді. Өткізу пункттерінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген ҚХР мен Үндістанның транзиттік азаматтарының төлқұжатына мөр қойылады», – делінген хабарламада. Бұл жаңашылдық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру,…

Read More

Ирак астанасы Бағдаттың орталығында – басқа елдердің өкілдері орналасқан жерде жарылыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Ирак қауіпсіздік органындағы дереккөздің айтуынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Сонымен қатар, Бағдаттың солтүстігінде америкалық әскерилер пайдаланған «Балад» әскери-әуе базасына да шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, база аймағында «Катюшаға» ұқсас екі зымыран жарылған. Естеріңізге салсақ, 2 қаңтарда АҚШ Бағдат әуежайы аймағына зымыранмен соққы жасаған, салдарынан он адам қаза тапқан болатын. Олардың ішінде Иран генералы Касем Сулемани, Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Абу Махди әл-Мухандис және Ислам революциясы күзеті корпусының төрт офицері болған. Иран генералдың өлімі үшін АҚШ-та кек алуға уәде берді. Ал Пентагон шабуылды АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялағанын…

Read More

Air Canada компаниясының үлестік жолаушылар ұшағы Монреальдан Сагеней бағытында ұшып шығып, қайта оралуға мәжбүр болған. CBC телеарнасының мәліметінше, ұшақ шассиінің дөңгелегі жұлынып қалған, – деп хабарлайды РИА Новости. Bombardier Dash 8-300 ұшағының қайта қонуына техникалық ақау себеп болған. 43 жолаушы мен үш экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ. «Біздің тәжірибелі ұшқыштар ұшақты толық өз бақылауында ұстады. Біздің мамандар осындай жағдайларда дереу әрекет ету үшін дайындықтан өтеді, олар белгіленген ереже бойынша ұшақты қондырды», – делінген Jazz Aviation компаниясының өкілдері телеарнаға берген сұхбатында. Ұшақ жанармай таусылмай тұрып, әуе кемесі Монреаль әуежайына қонды.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Заңға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, – деп хабарлайды Ақорда.  Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды. Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды. Сондай ақ аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Read More

Microsoft корпорациясы 14 қаңтардан бастап Windows 7-ні қолдауын тоқтатады. Қолдаланушыларда операциялық жүйенің нұсқасын ауыстыру үшін тағы 10 күн бар, өйткені «жеті» енді жаңартылмайды және тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ете алмайды, – деп хабарлайды РИА Новости. «Windows 7 он жыл бұрын киберқауіпсіздік мүлдем басқа кезде ойлап табылған. Кибершабуылдардың жаңа түрінің немесе жаңа технологиялардың пайда болуы – қауіп-қатер тұрғысынан операциялық жүйені қайта қарауға себеп болды. Windows 10 құру кезіндегі басты қағида – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіп-қатерлердің жаңа түріне қарсы тұру еді. Microsoft Windows 10-ды жетілдіру және өзектендіру үшін бар күшін жұмылдырады», – деді Microsoft баспасөз қызметі. Windows 7 орнатылған компьютерлер 2020 жылдың…

Read More

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Bek Air ұшағы апатынан зардап шеккен науқастың жағдайын білді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-да болғанын айтты. «Орталықта Алматы маңында әуе апатынан зардап шеккен науқас жатыр. Санитарлық авиация кеше 14:40-та жеткізді. Зардап шеккен әйелдің жағдайы орта деңгейдегі ауырлық. Ол көптеген жарақат алған және көп қан жоғалтқан. Өміріне қауіп жоқ. Орталық мамандары қажетті зерттеулер жүргізіп, ота жасауға дайындап жатыр. Қазіргі уақытта ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың қатысуымен емдеу шараларының бірінші кезеңі өтті», – деп жазды министр. Біртанов әуе апатынан зардап шеккендерге қажетті емдеу шаралары көрсетіліп жатқанын атап өтті. Республикалық ҒЗИ мен орталықтардың…

Read More

Алматыда газ тасымалдайтын көлік сәл болмағанда жарыла жаздады, – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2 қаңтарда 15:20-да 101 пультіне Әбіш Кекілбайұлы көшесінің бойында «бензавоз өртенді» деген хабарлама түскен. Оқиға орнына жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінен мамандар аттанған. Осы уақытта газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі Оспанов Оңғарбек абдырап қалмай, өртті сөндіруге кіріскен. Сондай-ақ, кездейсоқ өтіп бара жатқан авто жүргізушілер көмекке келген. «Жеті минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер газ толы цистернаны суытуға кіріскен. Жүргізушінің әрекеті мен басқа да адамдардың көмегінің арқасында 10 тонна көлеміндегі газ жарылу қауіпі сейілген», – делінген хабарламада. Газ тасымалдайтын көліктің жүргізушісі жолда келе жатып, құрылғылар…

Read More

Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымына республикадағы мұнай саласындағы дереккөз хабарлаған. «Беларусь мұнай өңдеу зауыттары бағытында тасымалданып жатқан жоқ», – деді ол. Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізу тоқтаған, ал «үздіксіз партиялар» 31 желтоқсанда таусылған. Соған қарамастан Беларусьте мұнай қоры әзірге жеткілікті және МӨЗ штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. «Белнефтехим» концерннің өкілі мұнай жеткізу тоқтағанын растады, МӨЗ жүктемесі технологиялық минимумаға дейін төмендетілген. Беларусьте екі мұнай өңдеу зауыты бар – Мозырде («Мозыр МӨЗ» ААҚ) және Новополцкіде («Нафтан» ААҚ). Айта кетейік, 31 желтоқсанда Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша келісімге келе алмағаны айтылды. Осыдан кейін республика президенті Александр Лукашенко…

Read More

Индонезия астанасы Джакартада су тасқынынан зардап шеккендер 43 адам қаза таптығ – деп хабарлайды Jakarta Post газеті BNPB ұйымына сілтеме жасап. Осыған дейін су тасқынынан 26 адамның қаза тапқаны айтылған еді. Елдің табиғи апаттарының алдын алу ұлттық агенттігінің баспасөз жетекшісі Агус Вибово осыған дейін 90 ауданда Жаңа жыл қарсаңында басталған нөсер жауын әлі тоқтамағанын, сонымен қатар өзендер арнасынан тасығанын айтты. Көлік қозғалысы шектеліп, электр қуаты сөнген. Жергілікті уақыт бойынша, бейсенбіде кешкі уақытта 400-ден аса адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болған.

Read More

Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде денесімен аяғы ауыр әйелді жауып қалған жігіт марапатталды, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.  23 жастағы Темірлан Қадауовқа 2 қаңтарда медаль берілді. Алматы полиция департаментінің басшысы генерал-майор Серік Күдебаев оның кеудесіне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін тақты. «Ол төтенше жағдайда ерлік көрсетіп, денесімен қасында отырған аяғы ауыр әйелді жауып қалды. Сонымен қатар, ол алған жарақаттарына қарамастан жедел қызмет өкілдері келгенше басқа жолаушыларға көмектесті. Темірлан Қадауов бұл наградаға лайық. Бірінші кезекте, бұл – халықтың атынан айтылған алғыс», – деді полицияда.

Read More

Қостанай облысындағы Затобол ауылының атауы Тобыл деп өзгертіліп, аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Бұл қаулыға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген сайтта.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде «Голландия» Нидерланд мемлекетін білдіретін атау ретінде қолданылмайды, – деп хабарлайды NOS радиостанциясы. Енді жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар «Нидерланд» атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды. Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі бүгінде шетелдіктердің көбі тарихи Голландияны – Амстердам, Харлем және Гааганы көру үшін барады екен. Ал бұл қалалар қазір туристер ағынын қабылдауға дайын емес. Ел атауын өзгертуге қатысты реформа корольдіктің бюджетін 200 мың еуроға азайтады.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жағдайы төмен отбасыларға және жұмыссыздарға несие беруге тыйым салатын заң күшіне енді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа ереже Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 3 шілдесінде азаматтардың кредиттелуіне жол бермеу және тұтынушылық несие берудің оңтайлы өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында жазылған. Заң бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2020 жылы 31 183 теңге) төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктігіне қойылатын талаптар…

Read More

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды. Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров Tengrinews.kz порталына растаған.  Серікболсын Әбділдин – қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі – Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады. Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Read More

2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады, – деп хабарлайды Uchet.kz. Биылғы демалыстар дәстүр бойынша Жаңа жылдан басталады. Жыл басында қазақстандықтар 4 күн – 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады. 5, 6 қаңтар жұмыс күндері болып есептеледі. Ал 7 қаңтарда қазақстандықтар Рождество құрметіне демалады. 2020 жылы ең ұзақ демалыс наурыз, мамыр, желтоқсанда болады. Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар 3 күн – 7, 8 және 9 наурызда демалады. Ал Наурыз мейрамында 5 күн – 21-25 наурыз аралығында демалады. Ал мамырда демалыс күндері Қазақстан халқының бірлігі мейрамында 1, 3 күндері және 7-9 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде демалады. Айта кетейік, 8 мамыр жұмыс күні болып есептеледі, алайда 9 мамыр сенбіге түскендіктен демалыс дүйсенбі 11 мамырдан 8 мамыр…

Read More

Жаңа жылда елордада 24 сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жедел-жәрдем қызметкерлері 1628 қоңырау қабылдады. 2020 жылдың 1 қаңтарында сағат 00:00-12:00 аралығында елордада барлығы 24 бала өмірге келді. Оның 14 – қыз, 10 – ұл», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сауалына. 2020 жылы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордалық ауруханаларды аралап қайтты. Олар Жаңа жылды ауруханада қарсы алған тұрғындардың жағдайын біліп қайтты. Астаналық медициналық ұйымдар Жаңа жыл мерекесі күндері штаттық режимде жұмыс істейді.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі. Ведомство мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі – көпбалалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. «Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің үдемелі дамуына, сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстарға қанағаттанушылық білдірді, бұл Қазақстан мен Ресейдің одан әрі жақындасуының ортақ ісіне пайда болуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді келесі жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты, сондай-ақ жаңа жылдық құттықтаулармен алмасты.

Read More

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқаларында істен шығады. Бұл туралы бағдарламаның қолдау орталығының парақшасында жазылған, – деп хабарлайды РИА Новости. Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android-та 4.0.3 және одан жоғары, ал iOS-та 9, KaiOS-та 2.5.1 және одан жаңасы болуы тиіс. Девайстарда ескі нұсқалар болған жағдайда WhatsApp қолданушылары қосымшада тіркеле алмайды және өзінің қазіргі аккаунтында пайдалан алмайды. Компания ескі смартфондар үшін жаңа жүйе құрастырмайды, сол себепті кейбір қосымшалар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Хабарламада 31 желтоқсаннан бастап Windows Phone қолданушылары мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылғаны айтылады.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2020 жылмен құттықтады. Қымбатты отандастар! Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды. Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт. Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние. Біздің бүгінгі басты бағытымыз – Жаңғыру жолы. Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі. Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды. Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды. Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл…

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесуге күні кеше аталып өткен облысымыздың сексен жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды оқиғаларды насихаттауға белсене атсалысқан 80 журналист пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Өз кезегінде 14 журналист облыс әкімінің «Облысқа сіңірген үлесі үшін» белгісімен марапатталды. Басқосу барысында аймақ басшысы жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өңірдің айтулы мерейтойының өз деңгейінде өтуіне атсалысқаны үшін төртінші билік өкілдеріне деген алғысын білдірді. Өз кезегінде журналистер де облыс басшысына көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала білді. Өңірдегі оң өзгерістерді тілге тиек еткен БАҚ өкілдері жемісті жұмыстар алдағы уақытта да өз…

Read More

2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды. Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер сақталып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс секілді…

Read More

Тараз қаласындағы балалар үйінің алты тәрбиеленушісі үшін биылғы жаңа жыл ерекше болды, себебі олар оны өз отбасында қарсы алады. Балалардың тағдыры аға сержант Бауыржан Исаев пен жұбайы Ботагөздің балалар үйінен бала асырап алу туралы шешімінен кейін өзгерді, – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты нақты әрі айқын шешім қабылдады. Екеуі де «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады. Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы күштерде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі…

Read More

Қазақстандық полицейлер Қырғызстан жүргізушілерінің шағымына жауап берді. Олардың айтуынша, жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды екен. Жыл басынан бері Қырғызстан Республикасының жүргізушілері 47 ЖКО жасаған, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.  Осы 47 жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тапқан, 96 адам зардап шеккен. «Жыл басынан бері Жамбыл облысының жолдарында жақын шетелдердің жүргізушілерінің кінәсінен 51 жол апаты тіркелді, 14 адам қаза тауып, 99 адам жарақат алды. Бұл оқиғалардың 92 пайызын Қырғыз Республикасының жүргізушілері жасаған. Бұл 47 жол-көлік оқиғасы, 13 қаза болғандар мен 96 түрлі жарақат алғандар», – деп атап өтті полицейлер. Жамбыл облысының полициясында Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан аумағында қолданылып жүрген…

Read More

Қырғызстанның Талас қаласында ондаған жергілікті жүргізуші алаңда жиналып, Қазақстанның жол полициясы қызметкерлеріне наразылық білдірді, – деп жазады Turmush порталы. Жиналғандардың айтуынша, олар Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысады. «Мұндағы проблема – Қазақстанның мемлекеттік органдарының тарапынан жүргізушілерге қысым көрсетіліп жатыр. Жүргізушілерді жол бойында тоқтатады. Жол қозғалысы ережелерін бұзасақ, хаттамалар толтырып, заң аясында айыппұл төлейміз. Бірақ қазір олар бізге соңғы екі-үш жылдағы айыппұлдардың хаттамаларын береді, біз ол жайлы білмейміз де. Сонымен қатар, бізді тоқтатқан кезде барлық мәліметті алып алады да кейін бізді суретке түсіреді. Бірақ біз ереже бұзды делінген хаттамалардағы күнді қарасақ, ол кезде біз Қазақстан аумағына кірмегенбіз. 230 мың сом көрсетілген хаттамалар бар, ең аз…

Read More

Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың негізгі қарызы азайтылып, қарызды жеңілдетілген кесте бойынша төлей алады. Осы мақсатта ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылады, – деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Банктің мәліметінше, бұл шаралар бұрын қайтарымды негізде бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. «Проблемалық ипотекалық қарыз алушылармен, оның ішінде ХӘОТ-қа жататын азаматтардың санаттарымен одан әрі жұмысты Үкіметтің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс топтары шеңберінде әкімдіктер жеке тәртіппен жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы билік органдарының жеке тұлғалардың кіріс деңгейін арттыру бойынша жұмысы бағдарламаға енгізілген өзгерістермен қатар, жиынтығында қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған нысандардың бірегейі Шаһардың қақ ортасынан орын алған «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешені. Орта Азияда баламасы жоқ алып кешенді Тараздың 2000 жылдық тарихын қайта тірілткен «Ғажайып сәулет құрылысы» деп атауға толық негіз бар! Мыңжылдықтардың куәсі киелі өлкенің руханиятын оятып, рухын асқақтатқан, мерейін өсіріп, мазмұнын арттырған жоба жамбылдықтар үшін теңдесіз жоба болғаны сөзсіз.  Барлық құрылыс барысы орта ғасырлық шығыс сәулеттік стилінде жүргізілген кешен 2000 жылдан аса өткені бар Тараз шаһарының тарихи болмысын барынша айшықтай түсуде. Онда барлығы 8 нысан қамтылған. Олар: «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат»…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған мерекелік шаралар легі Кенен Әзірбаев ескерткішінің ашылу салтанатына ұласты. Қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерінің ескерткіші «Баласағұн» орталық концерт залы ғимаратының алдына орнатылған, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кенен Әзірбаев – қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Дастан жанрын жастайынан жырлаған. Қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы. 150-дей ән толғап, әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды. Кенен Әзірбаевқа биыл 135 жыл. Кенен Әзірбаев ескерткішін ашу құрметі Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев және Кенен атамыздың ұрпағы Мұрат…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып ашылған рухани нысандардың көшін А.Тоқпановтың ескерткіші бастады. Облыстық қазақ драма театрының негізін қалап, ондағы шығармашылық ұжымының кәсіби біліктілігін жетілдіруге өз қолтаңбасын қалдырған режиссердің мүсіні өнер ордасының алдына қойылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ескерткіштің лентасын КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Асқар Тоқпановтың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қиды. Олар тұлға туралы есті естеліктері мен тағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпановтың ескерткішінің облыстық театр алдынан ашылып отырғанын өте орынды шешім болғанын баса айтты. Сондай-ақ шара барысында А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі «Тоқпанов…

Read More

Ответственность за судьбу Азербайджана и его народа легла на Ильхама Алиева в молодые годы Ему было 42 года, когда он был избран Президентом. Если взглянуть на современную мировую историю, то вряд ли можно встретить главу государства в столь молодом возрасте. Были сомнения: сможет ли? Смог. С невероятным успехом справился с этой миссией, возложенной на него велением времени и выбором народа. Жизнь Ильхама Алиева – это страницы успеха. Годы учебы в Москве, сложные переговоры по нефти, 16-летний период президентства, каждый месяц, каждый год которого вошли в историю… Это можно считать и харизмой, врожденным лидерским талантом. Вдобавок он прошел школу Гейдара Алиева,…

Read More

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында бүкіл ел бойынша қолданымдағы мәселелерді шешуге септігін тигізетін әртүрлі әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде. 2019 жылы «Нұр-Сұлтан қ. Дін проблемаларын зерттеу орталығы» ЖШС тарапынан «Нұр-Сұлтан қ. діни ахуалды бағалау», «Нұр-Сұлтан қ. деструктивтік діни ағымдар (ДДА) идеологиясының таралу факторлары, тенденциялары және негізгі тетіктері», «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыптарындағы үш түрлі әлеуметтік зерттеу жүргізілген болатын. Аталмыш зерттеулердің қорытындысы бойынша елорда тұрғындарының басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы діни ахуалды «қолайлы» деп бағалайды, сондай-ақ тұрғындардың көпшілігі үшін басқа дінді ұстанатын адамдармен бір қоғамда өмір сүру толығымен және әбден қолайлы болып табылады. Жалпы, елорда жұртшылығының төзімді…

Read More

В рамках реализации государственной программы по противодействию идеологии религиозного экстремизма и терроризма по всей стране проводятся различные социологические исследования, способные помочь в решении существующих проблем. В 2019 году ТОО «Центр исследования проблем религий г.Нур-Султан» были проведены три социологических исследования: «Оценка религиозной ситуации в г. Нур-Султан», «Факторы, тенденции и основные механизмы распространения идеологии деструктивных религиозных течений в г.Нур-Султан», «Эффективность информационно-разъяснительной работы». По итогам данных исследований абсолютное большинство жителей столицы оценивают религиозной ситуацию в г.Нур-Султан как «благополучную», также для большинства жителей полностью и вполне приемлемо жить в обществе с людьми, принадлежащими к другой религии. В целом, общественность столицы стала более терпимой и…

Read More

Баку, 20 желтоқсан, АЗЕРТАДЖ Әзірбайжан мемлекеті мен оның халқына деген жауапкершілікті Ильхам Әлиев жас кезінен-ақ алды, сезінді. Президент болып сайланғанда оның жасы 42-де еді. Қазіргі заман тарихына көз салсақ, мұндай жас президентті жолықтыру неғайбыл. Күдік болды: қолынан келе ме? Келді. Уақыт және халықтың таңдауымен өзіне жүктелген осынау міндетті ол табыспен атқарып шықты. Ильхам Әлиевтің өмірі – бұл сәттілікке кенелген өмір парақтары іспетті. Мәскеуде оқыған жылдары, мұнай бойынша күрделі келіссөздер, 16 жылдық президент атану, әр жыл, әр ай тарих беттеріне енді… Мұны көшбасшылық талантпен қоса берілген ерекше дарын деуге де болады. Сонымен қатар ол Гейдар Әлиевтің мектебінен өтті, осылайша танымдық-саяси көзқарастары…

Read More

Республика бойынша ең алғаш Жамбыл облысында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешені қолданысқа енгізілді. Жамбыл облысы аумағында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешенін таныстыру шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы және жеке құрамы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев кешеннің маңыздылығы туралы түсіндіріп өтті. «Өңірімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша біздің департамент бірқатар іс-шараларды атқаруда. Осы орайда облыс әкімінің қолдауымен Республикалық маңызы бар автожолдарда қызмет көрсететін патрульдік полиция көліктеріне он бірлік «Арқан» мобильді кешенін орнатып, қолданысқа беріп отырмыз. Мобильді кешен облыстың жол-көлік оқиғасы көп…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігінің алдында тұрған мақсат-міндеттерінің маңыздылығы туралы айтып, халықты электр қуатымен, газбен және жылумен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуді тапсырды. Сонымен қатар мұнай-газ және энергетика салаларындағы әлемдік және отандық ірі компаниялармен өзара ықпалдастық орнату мәселесі қарастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More

Мәскеу орталығындағы автотұрақта белгісіз біреулер атыс шығарған. Бұл туралы «Говорит Москва» радиостанциясының Telegram-каналы хабарлады, – деп жазады Lenta.ru. Радиостанция дереккөзінің мәліметінше, атыс Воровской алаңында шыққан. Baza басылымы ФҚҚ-ның екі қызметкері жарақат алғанын хабарлап жатыр. Бір адам қаза болған. Оның кім екені анықталып жатыр, мұның алдында ол жақын маңдағы ғимараттардың бірінде жасырынған. Осы маңнан өтетін көшенің бәрі қоршауға алынған, оқиға орнында полиция мен ФҚҚ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалада «Сирена» жоспары жарияланған. Lenta.ru-ға хабар берген дереккөздің мәліметінше, үш адам Кузнецкий Мост көшесінде орналасқан ғимараттардың біріне шабуыл жасамақ болған. Олар Воровской алаңындағы ғимараттардың біріне жасырынған. Олар Калашников автоматымен атысты жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланғаны туралы…

Read More

Алдағы үш күнде Жамбыл облысында қатты жел тұрып, қалың қар жауады, боран соғуы мүмкін. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 19 желтоқсанда, 20-21 желтоқсанда күні бойы облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асып кетуі ықтимал. 19 желтоқсанда күндіз, 20 желтоқсанда түнде, 21 желтоқсанда таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. 19-21 желтоқсанда Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 19 желтоқсанда күндіз, 20-21 желтоқсанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан…

Read More

Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Қаржы институтының мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушының қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, яғни жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. «2017 және 2018 жылдары кепілсіз тұтынушы несиесіндегі қарыз бір жылда 31 және 28 пайыз болды. Ал биылғы көрсеткіште кепілсіз тұтынушы несиесі бойынша қарыз небәрі 8 пайыз. (…) Сондықтан қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алып және тұтынушы несиелер санын өсіру мақсатында Ұлттық банк қажет шараларды жүзеге асырып жатыр. Осылайша, несиелеу субъектілерінің барлығы бірыңғай ереже бойынша жұмыс істеп, Ұлттық банк барлығы шартта көрсетілгендей орындалуын бақылап отырады, яғни қарыз алу туралы келісімшарттағы талаптардың…

Read More

«Олимп» букмекерлік кеңсесінен салық тексерісінің нәтижесінде 145 миллиард теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.  Алматы қаласы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС және «Alpha-bet» ЖШС қызметінде тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Тексеріс Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бес ай бойы жүргізілді, соңғы бес жылда ойын бизнесі салығын дұрыс есептеу мәселесі қамтылды. «Букмекерлік кеңсесі» ЖШС өсімпұл мен айыппұлдарды есепке ала отырып, салықтық тексеру нәтижелері бойынша «Олимп.kz» ЖШС – 62 миллиард теңге, ал «Alpha-bet» ЖШС – 83 миллиард теңге есептелді. Сот осыған дейін, «Олимп» букмекерлік кеңсесінің өтінішін қанағаттандырмады Осыған дейін, ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша…

Read More

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.  «Мадина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын», – деп жазылған Ақорда сайтында. Ол Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Read More

Энергетика министрі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыбек Жеңісбек телеграм-каналында Қанат Бозымбаевтың неліктен қызметінен кеткенін түсіндірді.  Бүгін Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды. «Бозымбаев мырза ҚР Президентіне денсаулық жағдайы туралы айтты, оның мойын омыртқасына ота жасалған. Осыған байланысты, дәрігерлердің нұсқаулығымен көлік және әуепойыздарымен жүруды қысқартуы керек. Сондай-ақ, дәрігерлер оған ұзақ физиотерапиялық қайта қалпына келу курстанынан өтуге кеңес берген», – деп жазды Нұрлыбек Жеңісбек. «Министр өңірлерге салалық нысандарға, стансаларға және кен орындарына жиі сапарлайды, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және әріптестермен, соның ішінде халықаралық ұйымдармен – ОПЕК, МАГАТЭ және т.б. келіссөздер жүргізу үшін жиі сапарлайтыны белгілі», – деп түсіндірді ол.…

Read More

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Бурдж-Халифа ғимаратының сыртқы қабатында ел туы ақылы түрде боялды деген ақпаратты жоққа шығарды.  «Кеше Бурдж-Халифа беткейінде Қазақстан туы нақты бір қаражат арқылы шықты деген мәліметтер айтылды. Негізінде бастаманы Дубай әмірліктері ұсынды. Бұл – тегін акция. Мұндай тәжірибе бұрындары да болды, Қазақстанға дейін Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және басқа да елдердің тулары көрсетілді. Сол күні сыртқы бетінде Бахрейннің де туы көрсетілді», – дейді Смадияров. «Сыртқы істер министрлігі осы әрекетке қандай да бір қатысы бар (қаражат жұмсады) деушілердің барлығы да жалған. Мен осындай ақпаратты нақтыламай жатып, таратып жатқан блогерлер мен журналистерді ар-ұятты ұмытпауға шақырамын», – деді ол. Айта кетейік,…

Read More

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында. Еске салайық, Тасмағамбетов бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған болатын.  Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының…

Read More

Панама түрмесінде жаппай төбелестен 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті, – деп хабарлайды РИА Новости. Панама астанасының шығысындағы түрмеде жаппай төбелес болды. Бұл туралы елдегі түзету мекемелерінің дирекциясы өкілдері мәлімдеді. «Сейсенбіде түстен кейін Хойита түрмесінде сотталушылар арасында төбелес болды. Оқиғаны полиция бақылауға алды. Өкінішке орай оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты және сонша адам зардап шекті», – делінген хабарламада. Қаза тапқандар арасында түрме қызметкерлері не полицейлер жоқ. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты әкімшілік және қылмыстық іс қозғалған. Төтенше жағдай қайталанбасы үшін төбелескен тараптарды екі жаққа бөлген.

Read More

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді, – деп хабарлайды РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Пәкістанның мамандандырылған алқа соты елдің экс-президентін 6-бап бойынша айыпты деп танып, өлім жазасына кесті. Пәкістан заңы бойынша, конституция ережелерін бұзған адам мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталады екен. Үш адамнан құралған алқа сотының екі мүшесі экс-президенттің қатаң жазалануына дауыс берген. Тергеу мәліметінше, 2001-2008 жылдары ел басқарған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке сатқындық жасаған. Ол елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот мүшелерін қамауға алу туралы бұйрық берген.

Read More

ҚР Тәуелсіздік күні мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай Жаңатас қаласында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Сарысу ауданының оратылығы Жаңатас қаласындағы бос тұрған көппәттерлі үйлерді қалпына келтіру шарарлары жалғасуда. Бұл жолы қаладағы 1-шағын аудандағы 120 пәтерлі №9 көпқабатты үй қалпына келтіріліп, 120 отбасы баспаналы болды. Пәтер кілттерін табыстау салтанатына аудан әкімі Қанатек Мәдібеков арнайы қатысты. Ол әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамту басты мақсат болып отырғанын жеткізді. «Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатасымыз үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда, жарты ғасырлық тарихы бар қаламызда мемлекеттік бағдарламалар…

Read More

Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Синхуа агенттігі. Агенттіктің мәліметінше, Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды. Жарылыс сейсенбіде түнгі сағат 01:00-де болған. 7 кенші қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған. Қазіргі уақытта, дереккөз мәліметінше, құтқару шаралары жалғасып жатыр.

Read More

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңіре 871 әлеуметтік нысан салынған. Атап айтар болсақ, 28 жылда барлығы 245 білім, 126 денсаулық сақтау, 500-ге тарта спорт нысандары жаңадан бой көтеріп, есігін айқара ашқан. «Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, өңірде 126 медициналық нысан салынды. Қазір жалпы саны 391 денсаулық сақтау ұйымы тұрақты қызмет көрсетеді. Тиісінше саланы қаржыландыру да ондаған есеге артқан. Мәселен, 2000 жылы салаға бөлінген қаржы 2 миллиард теңге болса, ағымдағы жылы ол көрсеткіш 61,4 миллиардқа жетіп отыр», – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының…

Read More

В праздничные дни – 28-ю годовщину Независимости Республики Казахстан, с 14 по 18 декабря 2019 года личный состав ДП Жамбылской области переводится на усиленный режим несения службы, – передает Пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Согласно Приказа начальника ДП полковника полиции Армана Оразалиева, сотрудники всех ведомственных подразделений будут задействованы в обеспечении общественного порядка. В местах массового скопления людей и праздничных мероприятий, в том числе увеселительных заведений (кафе, рестораны) будут уплотнены патрульные наряды полиции. Кроме того, особое внимание в рейдовых мероприятиях будет уделяться дорожной и общественной безопасности, в частности, выявлению фактов управления транспортным средством в состоянии алкогольного, наркотического или токсического опьянения. К…

Read More

Түркістан облысында Елбасы –Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі орны мен Түркістан облысын құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып, «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасы және түрколог ғалымдардың Түркістан атауына қатысты ғылыми ізденістері мен идеялық концепциясы» жобасының аясында, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Түркістан тұлғасы» деп аталатын бірегей ғылыми еңбек жарық көрді. Аталмыш еңбектің авторлары – белгілі түрколог ғалымдар А.Жалмырза, Б.Ғабдулина, Қ.Жанпейісова. Айта кететін жайт, ғылыми ортада өз ізденістерімен ерекшеленген ғалымдар бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ еңбек етеді. Біршама ғылыми монографиялар мен еңбектердің авторларына айналып үлгерген олар бүгінгі таңда ұсынып отырған еңбектеріне де аз ізденбегендерін жасырмады. Осы орайда, биыл ғана жаңадан…

Read More

Сегодня региональный штаб созданный минздравом по оперативному взаимодействию для обеспечения готовности регионов к обязательному социальному медицинскому страхованию посетила ряд медицинских организаций Алматы. Основной целью работы штаба является проведение полномасштабной информационно-разъяснительной работы. Рабочую группу возглавляет вице-министр здравоохранения РК Лязат Актаева. В ее состав вошли председатель Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг МЗ РК Людмила Бюрабекова, директор департамента контроля качества и безопасности товаров и услуг МЗ РК по г. Алматы Айзат Молдагасимова и другие. Члены группы сначала посетили АО «Научный центр педиатрии и детской хирургии», где ознакомились с готовностью центра к переходу на обязательное медстрахование. В ходе визита делегация осмотрела…

Read More

Жамбыл облысының 80 жылдығы және Тәуелсіздік күні мерекесі аясында өңірде 80 нысан ел игілігіне тапсырылады. Қазақ хандығының алғаш қазығы қағылып, тарихтың темірқазығына айналған Жамбыл облысы 1939 жылы құрылған болатын. Облыстың аты қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың құрметіне қойылған. Қос мереке қарсаңында Тараз қаласынан 9 үй пайдалануға беріліп, 645 отбасы қоныс тойын тойлайды. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы 120 отбасы баспаналы болады. Мерейлі мереке күні облыс аумағындағы 41 елді мекенде 41 медициналық, фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне тапсырылады. Айта кету керек, жүргізілген зерделеу нәтижесі аймақта 95 медициналық нысанның қажеттігін көрсеткен болатын. Оны соғуға кететін 7 жыл уақыт 2 жылға дейін…

Read More

Жамбыл облысында бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ақшолақ ауылы маңындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің 472-шақырымында болды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тек екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Апатқа ұшырағандар арасында Қордайдан Таразға ауырған адамды алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Жол-көлік оқиғасы қалың тұман мен жаңбырдан кейінгі көктайғақ кесірінен болған. Тайғанақтап тоқтай алмаған темір тұлпарлар бір-біріне соғылған. Осы оқиғадан кейін бір сағатқа жуық жол қозғалысы тоқтатылды. Әзірге көлік жүргізушілерінің шығыны белгісіз. «Кінәлі кім? Біріншіден, әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Өйткені біріншіден тұман, екіншіден жолдың үстінде мұз…

Read More

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың бастапқы 5 жылдығын қорытындылады. Бұл туралы ведомство басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Достар, Сіздерді халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнімен құттықтаймын және кезекті жазбамды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың бастапқы 5 жылдығын қорытындылауға арнаймын. Осы уақытта Қазақстан алдын-алу, ағартушылық және қылмыстық-құқықтық шараларды тиімді үйлестіру, сонымен бірге, жыл өткен сайын арта түскен азаматтық қоғамның қолдауы арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді», – дейді Алик Шпекбаев. Біріншіден, мемлекеттік аппарат неғұрлым ашық және айқын бола түсті. Азаматтардың ақпаратқа қол жетімділігін кеңейту және халықпен кері байланыстың сапасын арттыру есебінен мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтық…

Read More

Жамбыл облысында «КамАЗ» жүк көлігі, бір жеңіл автокөлік, және екі автобус бір-біріне соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ірі жол апаты 8 желтоқсанында сағат 22.00 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тас жолының 239 шақырымында болған. Алматыдан Таразға бет алған «Хонда Одиссей» маркалы автокөлік кенеттен басты жолға шығып кеткен бір бағыттағы «КамАз» жүк көлігіне келіп соғылған. Сол мезетте жолда тоқтап тұрған аталмыш жүк көлігін осы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусы келіп соққан. «Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап, тез арада жолаушылардың барлығын өтіп бара…

Read More

Жамбыл облысында бір бағытта бара жатқан 14 көлік бір-біріне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған жол апаты Байзақ ауданы Ақшолақ ауылы маңында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының 472 шақырымында болған. Оған қалың тұман, көктайғақ себеп болған. «ЖКО салдарынан жеңіл жарақат алған 2 адам ауруханаға қаралды. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта көлік қозғалысына кедергі жоқ», – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев. Осыған орай, департамент өкілдері жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды, жолда аса сақ болуды ескертеді. «Жамбыл облысы Полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» компаниясына жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыста облыс жолдарында кедергілерді болдырмау жөнінде ұйғарым…

Read More

Жамбыл облысында ағымдағы жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген. Биыл облыс аумағында барлығы 142 автокөліктің өртену оқиғасы тіркелген. Олардың салдарынан болған материалдық шығын 17 миллион 599 мың тенгені құрады. Десе де, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға кемігенін көрсетеді. Атап айтсақ, былтыр автокөліктердің 152 өрті есепке алынып, 24 миллион 345 мың теңге шығын белгіленген. Мамандар өрттердің шығу себептері әртүрлі, электр жүйесінің зақымдануынан жанармай жүйесінің ақауына дейін екендігін баса айтып отыр. «Өткен айдың соңғында облыс аумағында 4 автокөліктің өртену оқиғалары тіркелді. Нақтырақ айтсақ, 26 қараша күні Тараз қаласында 1992 жылғы «Audi-100» маркалы автокөлігінің және 1988 жылғы «Volkswagen Passat» маркалы…

Read More

Әлеуметтік нысандардың құрылысы «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Теңізшевройл» ЖШС өзінің «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Жылыой ауданында екі әлеуметтік инфрақұрылым нысанын пайдалануға берді. Майкөмген ауылында балабақшаның салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысан ауылда ашылған алғашқы балабақша болды. Балабақшаның салтанатты ашылуына Жылыой ауданы әкімдігінің өкілдері, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) басшылығы, БАҚ өкілдері және Майкөмген ауылының тұрғындары қатысты. Ауылдағы алғашқы балабақша 100 балаға арналған. Балабақшаның аумағында әр жас тобына арналған 4 топтық алаң бар. Аталмыш алаңдар көлеңке шатырларымен жабдықталған. Жаңа балабақша спорттық және ойын жабдықтарымен жабдықталған, бұл балалардың демалысын және спорт бағытында дамытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба бойынша нысанды автономды энергиямен…

Read More

Биыл Жамбыл облысында 53 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 81 мыңнан аса халық таза ауызсуға қол жеткізген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Брифингте баяндама жасаған Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған. Мұндағы 841 мың халықтың 53 мыңы ауылішілік газ құбыры бола тұра, газға қосылмағандығы анықталған. Бұл орайда, мәселені түпкілікті шешу мақсатында ауыл тұрғындарына едәуір төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар қарастырылып, 53 мың адам толық газбен қамтылған. «Тараз қаласына қосылған 35 алқапта газдандыру шаралары атқарылып жатыр. Олардың ішінде облыс орталығына қарасты Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі, Шөлдала, «Шалғай Қарасу»…

Read More

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ мәселе» тақырыбында облыстық ата-аналар жиналысын өткізді. Бүгінгі күнгі қоғам талқысындағы өзекті мәселені көтерген жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров және Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысты. Сондай-ақ жиында облыстық Білім басқармасының қызметкерлері, облыстық Ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, Қамқоршылық кеңесі және жеке күзет ұйымдарының өкілдері болды. Сонымен қатар, осы күні аталған жиналыс Тараз қаласында және облыстың 10 ауданында полиция бөлімдерінің бірінші басшыларымен бір уақытта өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты…

Read More

Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес саясатын қалыптастыру мәселесі ел қауіпсіздігін күшейтудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлемдік терроризм құблысы қаншалықты күрделі, құпия, латентті және қорқынышты болғанымен тиімді терроризмге қарсы күрес саясаты осы қауіпті құбылысты ауыздықтауға қабілетті екендігі белгілі. Қазақстанда терроризмге қарсы күрес саясатының қалыптасуы елдің тәуелсіздік алуы үрдісімен бірге басталған деп есептеуге болады. Елдің ашық қоғам орнатуда мақсат тұтқан стратегиялық бағыты әлемдік қауіптерге де есік ашуға мәжбүр етті. Қазақстанның кең байтақ территориясы, зор қуатты шикізат қорлары, поликонфессиялық халық құрамы шетелдік діни секталар, миссионерлік топтар, террористік топтар мен трансұлттық корпорациялар үшін ерекше қызығатын обьектіге айналды. Елдің гоестратегиялық маңызы оның алып Евразия…

Read More

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қараалма» тау шаңғы базасының құрылысымен танысты. Бүгінде тау шаңғы базасының құрылыс жұмыстары 85 пайызы аяқталған. Қонақ үй-котедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылысы салынуда. Сондай-ақ, жеті шақырымдық жол салынып, инфрақұрылым тарту жұмыстары аяқталған. Керек құрал-жабдықтардың дені жеткізілген. Құрылыс басында 100-ден астам жұмысшы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күн-түн демей білек-сыбана еңбектенуде. Айта кету керек, мұнда демалыс кешенінде қонақтар жыл он екі ай бойы демалуға мүмкіндік алады. Жаз мезгілдерінде саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратын орындар ашылады деп күтілуде. Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны – 4 миллиард теңге. Туристік…

Read More

Қазіргі кезде әлеуметтік және саяси өмірде діни мән-мағынаның эмоционалдық сипаты басымдырақ. Дінмен байланысты сұрақтар жалпы қызығушылық пен ізденісті ғана туғызып қоймай, діни және саяси қақтығыстардың туындауына себеп болып тұр. Бұл мәселелер идеологиялық тұрғыда да, қоғамдық ортада күнделікті пікір алмасуда белгілі бір ауыр реңмен талқыланады. Олай болса, дін сияқты нәзік тақырыптың соншалықты ауыр болуы дін мен зайырлылықтың, мемлекет пен діни бірлестіктердің, дәстүрлі құндылықтар мен жаңа эпистемалардың арасында жаңа қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыруды талап етеді. Жаңғыру – дәстүрлі қоғамнан замануи қоғамға өтетін әлемдік-тарихи үрдіс. Дін – дәстүрлі қоғамға тән құбылыс, ал жаңғыру дегенде оның ролі қандай? Жаңа сатыға өту деген бұрынғыны түбегейлі теріске…

Read More