Author: admin

Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) сән үйінің қожайыны француз Бернар Арностал байлығы 100 миллиард долларға жеткен ең бай үшінші адам атанды, – деп хабарлайды Lenta.ru  америкалық Bloomberg басылымына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Арноның байлығы 100,4 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Соңғы күндері оның ақшасы үш миллиардқа артқан. Жыл басында Арноның активтері 32 миллиард долларға ұлғайған. Себебі LVMH компаниясының акциялары 43 пайызға артқан екен. Bloomberg басылымының мәліметінше миллиардер рейтингінде Арно үшінші орында тұр. Арно Amazon интернет-компаниясының иесі, байлығы 119 миллиард доллар деп саналатын Джефф Безос және Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтске қана есе жіберіп тұр. Билл Гейтстің байлығы 106 миллиард доллар деп бағаланған. Bloomberg басылымы Арноның байлығын Францияның ЖІӨ-ның 3 пайызына тең екенін хабарлады. Ал Forbes басылымы Арноның байлығын есептей отырып, оны…

Read More

Қазақстанда бүгінге дейін басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында сайлаушыларға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. ҚР Бас прокуратурасының өкілдері президент сайлауының заңнама нормалары бойынша өткенін мәлімдеді. Прокуратура мәліметінше, сайлау кезеңінде 36 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ын сот қараса, алтауы енді қаралып жатыр. «9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы – бір дауыс – бір бюллетень). Негізінен олар…

Read More

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің соттан тыс жазалау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Каламар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты барын айтып, халықаралық санкциялар енгізуге шақырды, – деп хабарлайды РИА Новости. «Ұсыныстар… Хашукджи өліміне қатысы бар жеке тұлғаларға қатысты мақсатты санкциялар енгізу қажет. Оның ішінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы да бар. Мұрагер ханзаданың Хашукджи жазасы үшін жауапты еместігін дәлелдер ұсынғанға дейін осы санкцияларды енгізу қажет», – делінген сәрсенбі күні жарияланған Каламар баяндамасында. Каламардың ойынша, журналистің өліміне қатысы бары дәлелденген Сауд Арабиясы басшылығының жоғары лауазымды өкілдеріне қатысты санкциялар енгізу қажет. Құжат Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 41-ші сессиясы барысында Хашукджи…

Read More

Мәскеуде Электрозауыт станциясында жаппай төбелес болды, – деп хабарлайды «Лента.ру». Алдын ала мәлімет бойынша, төбелеске қатысқандардың бірі қайтыс болған, тағы үшеуі жарақат алған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мас күйде болған жігіттер төбелескенін айтқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Read More

Жамбыл облысында тойдан шыққан жастар жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылып, үш адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауруханада ауыр халде жатыр. Қайғылы жағдай Құлан ауылында болған. Меrcedes жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Passat-қа соғылған. Соққының даусынан тіпті тұрғындар шошып оянған. Сондай-ақ, телеарнадағылардың мәліметінше, екі техниканың бөлшектері әр жерде шашылып жатыр. Біреуінің спидометрі сағатына 140 шақырым жылдамдықты көрсеткен бойда қатып қалған. Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қаза тапқандар – 1995 жылы туғандар. Екеуі де отбасылы болған. Кәмелет жасына толмаған екі балалары бар. Олардың ішімдік ішкен-ішпегендері сараптамадан кейін белгілі болады», – деді Жамбыл облыстық ПД…

Read More

Бүгінде ел қазынасындағы қаржы 30 триллион ға жуықтайды. Қолдағы мәліметтер ге сүйенсек осы қаражаттың жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады екен. Демек мемлекет бұхараға мейлінше жағдай жасап отыр. Үкіметтен берілетін жәрдемақымен күн көрісін айырып отырған ағайынға қосымша табыс көзін табу керек па? Менің ойымша әбден керек. Мәселен Жамбыл облысы халқының 70 пайызға жуығы ауылда тұрады. Шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын жақсарту үшін не істемек керек? Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен наурыз айында атқарушы биліктің жұмыс алгоритмі бекітілді. Алгоритмде жоғарыдағы мәселелер толығымен қамтылды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда «Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың маңызы айрықша. Өйткені мемлекет бұған дейін жұртшылықты киім-кешек, азық-түлік, құрылысқа қажетті құрал…

Read More

Келер жылдан бастап дәріханалар рецептілерді электронды форматта қабылдайды, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 18 маусымда есептік кездесу барысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ендігі жылдан бастап дәрігер берген нұсқау қағазды 3 жыл сақтауға болатынын айтты. Сондай-ақ бұл – халықаралық тәжірибе екенін де айта өтті. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елдегі дәрі-дәрмектердің жартысы көлеңкеде қалып отыр. Оның 10 пайыздай тасада қалада. Министр Қазақстандағы көлеңкелі айналым көлемі де белгісіз екенін айтты. Рецептілік бақылау науқастар қауіпсіздігі үшін керек. Қазіргі уақытта 3,5 миллион рецепті электронды түрде берілген. Қазір елге жеткізілген препараттардың үштен бір бөлігі тегін беріледі. Министр енді оның саны көбейетінін мәлімдеді. «Барлық дәріханалар рецептіні 3 жыл сақтау керек…

Read More

Үндістанда табиғат апатынан демалыс күндері 50-ге жуық адам жан тапсырды. Бірнеше апта бұрын басталған аптап ыстық әлі де сақталып тұр, – деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір аймақтағы барлық мектептер маусымның 22-сіне дейін жабық. Елдің денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қазір ауа температурасы 48 градусқа дейін көтерілген. Бұл аздай Бихар штатында энцефалит деп аталатын мидың қабынуы дертінен балалар зардап шегіп жатқан көрінеді. Тез жайылып бара жатқан қауіпті дерттен шамамен 100 бала көз жұмды. Ауруханада ем қабылдап жатқандардың нақты саны әзірге белгісіз.

Read More

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Су-27 жойғышы америкалық В-52Н бомбалаушысын әуеде ұстаған видеосын жариялады, – деп хабарлайды РИА Новости. Осыған дейін Ұлттық қорғанысты басқару орталығы өкілдері америкалық әскери ұшақтардың Ресей шекарасына жақындағанын мәлімдеген. Яғни Қара және Балтық теңіздері жағынан. Бірақ олар шекараны кесіп өтпеген. Ресейлік ұшақтар халықаралық тәртіпке сәйкес оларды қағып түсірген. https://youtu.be/r7h7uFXbg1o Соңғы уақытта шетелдік барлаушы ұшақтар Ресейдің шекарасында және әскери аймақтарда көп байқалып жүр делінеді. Ресейдің қорғаныс министрлігі қызметкерлері оларды Балтық және Қырым, Краснодар өлкесін көп көреді екен. Сондай-ақ ұшақтар Сириядағы ресейлік базасынан да ұшып өтеді.

Read More

Тексерушілерді күтіп алып, шығарып салуды тоқтату керек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбсары Нұрлан Еркебаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews”. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iс-сапарларға баруға арналған шығыстары өтеледi. Оның ішінде, iс-сапарда болған уақытына тәулік ақысы, межелі жерге жету және кері қайту, жүріп-тұру, тұрғын үй-жай жалдау шығыстары мемлекет есебінен төленеді. Бұл ретте, заңнамада бекітілмеген мемлекеттік қызметшілерге іс-сапар шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде бағаланатындығын ескертілді. “Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар…

Read More

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі («Билік өкiлiн қорлау») бойынша айып тағылған, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Басты сот талқылауы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Есіл аудандық сотының ғимаратында өтеді деп жоспарланған. Бұған дейін «Эйр Астана» әртістің әуе компаниясы қызметкерін ұрғанын мәлімдеген еді. «Эйр Астананың» нұсқасы бойынша, 14 сәуірде Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы КС 852 рейсіне отырғызу барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған. Кейін әуе компаниясы әншінің үстінен Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз…

Read More

Бүгін алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтті. Оған 34 мәслихат депутатының 27-сі қатысты. Сессияға арнайы келген ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік басқару және аумақтық ұйымдастыру жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов ҚР Президентінің жолдаған хатын оқып берді. Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады. Мемлекет басшысынан келген құжатта Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі лауазымына Асқар Исабекұлы Мырзахметов кандидатурасын қарау ұсынылған. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Асқар Мырзахметовты қолдап, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады. Өз кезегінде, қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Мемлекет басшысы мен Мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.

Read More

Мойынқұм ауданының спорт кешенінде медицина қызметкерлері күніне арналған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің облыстық XXIV спартакиадасының аймақтық ойындары өтті. Осы мақсатта Елбасы жолдауында көрсетілген спорттың бұқаралығын арттыру міндетін іске асыруда, біздің облысымыз бен ауданымызда біраз игілікті іс-шаралар өтіп жатқаны баршаға аян. Адамзаттың қазіргі тыныс-тіршілігін дене шынықтыру мен спортсыз көзге елестету қиын. Бүгінде бұқаралық спорт, адам баласының денсаулығы үшін ең бір қажетті салаға айналып отыр. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлы ашып, барша ақ халатты абзал жандарды айтулы мерекелерімен құттықтаса, аудандық аурухананың басышысы Жайдар Әйтішев өзінің жылы лебізін білдіріп, аймақтық ойындардың сәтті өтуін тіледі. Жарысқа Қордай, Меркі,Т. Рысқұлов, Шу және Мойынқұм…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және қала әкімдерін қайта тағайндады, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етті: Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі; Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі; Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі; Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі; Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі; Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі; Құмар Іргебайұлы Ақсақалов …

Read More

Украинаның төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі Киев орталығындағы Шевченко ауданындағы жарылыстың мән-жайын туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. Бульвар-Кудрявский және Тургенев көшелерінің қиылысында орналасқан гаражда газ жарылды. Ведомство мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үш гараж қирап қалды, газ құбыры мен төрт автомбилі бүлінді. Көрші үйдің терезелері шағылды. Құтқару қызметінің мамандары үйінділерді тазартты. Осы іске 70 адам мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылды Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. https://youtu.be/ufYAuQtUTkw https://youtu.be/VNxkoXdlmeM

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі туралы 3,5 жыл бұрын білгенін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті 19 наурызда өз өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдеген. Сол күні президент міндетін Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратыны белгілі болды. Тоқаевтың айтуынша, шешім туралы ол бұрыннан білген. «Осыдан үш жарым жыл бұрын ол маған «сен келесі президент боласың» деді. Уақыт мәселесі еді, біз уақытты таңдадық», – деді Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев саясатта қалғанын атап өтті. «Мен онымен негізгі стратегиялық мәселелер бойынша кеңесу қажет деп санаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі Қазақстанда екі билік болмайтынын, ол кететінін айтты. Бірақ Президентке көмектеседі. Оның қанша уақыт бойы көмектесетіні оған байланысты…

Read More

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. «Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлықта. Ақтоты Райымқұлова осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болды. 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандықтары бойынша, «композиция»мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар «менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыды. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылғаны жарияланды.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты. Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне «шығын келтірмеген» шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингіге шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтты. «Саяси мақсатым – жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі», – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілерге шығуға мүмкіндік жасайтын заң қабылданатынын айтты.…

Read More

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы болғаны ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри жеңілмеген неміс спортшысы Том Шварцты техникалық нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында бокс кешінің басты кездесуі болды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, алайда екінші үш минуттықта аяқталды. Фьюри басында неміс боксшысын нокдаунға түсірді, алайда қарсыласы есін жиып жұдырықтасуды жалғастырды. Кейінірек, ұлыбританиялықтың бірнеше соққысынан кейін рефери кездесуді тоқтатты. Осылайша, Фьюри Шварцтан екінші деңгейлі WBO Inter-Continental белбеуін тартып алды және тізбектік чемпион атағына лайықты болды. 30 жастағы Фьюри үшін бұл АҚШ-тағы үшінші кездесуі. Соңғы рет ол шаршы алаңға 2018 жылы желтоқсанда шыққан. Ол кезде америкалық боксшы Деонтей…

Read More

Түзеу мекемесінің ішкі күзету аумағына жасырын түрде белгісіз ораманы лақтырмақ болған тұлға құрықталды. Оқиға маусымның 7 күні сағат 19:30 шамасында Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Айласын асырмақ болып, қылмысқа әрекеттенгендер әуелі оқшаулы мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген. Күдіктіні назарға алған мекеменің жедел және режим бөлімдері мен кезекшілік топ, 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері бірден іске кірісіп, бақылауды күшейтті. Шар тәрізді етіп жабысқақ лентамен маталған орама А.Асқаров көшесі жағынан қоршауды асыру жолымен мекеменің ішкі күзету аумағына лақтырылды. Территорияны торуылдау барысында күмәнді зат қатаң жағдайда ұсталатын жасақ яғни, бірінші аумақтан тәркіленді. Барлық әккі әрекет бейнебақылауға түскесін, қылмыскерлерді қолға түсіру…

Read More

Синоптиктер 16 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Метеоқызметтің мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы Қазақстанның басым бөлігінде сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі. «Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде секундына…

Read More

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды «ZhambylNews». Салтанатты іс-шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Байқау шарты бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеолар әзірлеген болатын. Барлық видеолар #BestVideoTуғанөлке2019 хэштегімен білім басқармасының YouTube каналына жарияланып, онлайн дауыс жинады. YouTube видеохостингіне 50 видеоматериал орналастырылып, оның 13-і үздік деп танылды. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. https://youtu.be/Q0tjWe2tZRU

Read More

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, – деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Read More

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, – деп хабарлайды Хабар 24. Бұған әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалатын шығын себеп болған сыңайлы. Әсіресе зейнетақы мен жәрдемақы бюджетке үлкен салмақ болып тұр. Бұған денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды қосуға болады. Жалпыға бірдей денсаулық сақтандыру жүйесі Жапонияда осыдан шамамен 60 жыл бұрын енгізілген. Оған сәйкес елдегі барлық ауруханаларда медициналық қызметтерге бірдей баға бекітілген. Мемлекет әлеуметтік дәрежесіне қарай науқастың емі мен дәрілерге жұмсаған шығындарының 90 пайызына дейін өтейді. Сөйтіп мұндағы сапалы медицина халықтың өмір жасын ұзартуға сеп болды, бірақ мемлекетті шығынға батырған. «Тез арада шешілуі тиіс мәселелер бар. Мысалы қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілер өте қымбат. Сол себептен…

Read More

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты. Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар – бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», – деді Сапарбаев Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті. «Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1…

Read More

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, – деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. «Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады», – делінген хабарламада. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген. «Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап – 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті. «Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Қатардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Қатар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.…

Read More

YouTube-те футболдан Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2021 іріктеу кезеңінде Черногорияны жеңген ойынынан он минуттық шолу жасалды, – деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі. Алтыншы топтың ойыны 11 маусымда Подгорицада өтіп, 2:1 есебімен қонақтар пайдасына аяқталған. Қазақстандықтар үшінші минутта қақпасына бір доп жіберіп алып, екінші таймда 62-ші және 94-ші минуттарда гол соқты. Қазақстан құрамасы үшін Черногорияға қарсы матч Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі екінші ойын болды. Қазақстан, Черногория және Фарералер тобында Испания, Израиль және Македония спортшылары өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі 2020 жылдың қазанында аяқталады, барлық топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда Еуро-2021 ақтық кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырады.

Read More

Жамбылдық жастар республикалық форумнан І орын иеленді «Табиғатты аяла». Осындай атаумен Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысынынан 7 оқушы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл облысының командасы форумға қатысқан барлық командалардың арасынан жүлделі І орын иеленіп, жеңімпаздарға 6 аталым бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Байқау барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза тұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жасыл экономика», «Жас Оазис» аталымдары бойынша тың жобаларын таныстырды.

Read More

Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қабылдап, Елбасының Жарлығына сәйкес аналарға Алтын және Күміс алқалар табыстады. 350 мыңнан астам халқы бар Тараз қаласында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Қала бойынша қазір күні 2510 «Алтын алқа»,1854 «Күміс алқа» иегерлері бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. – Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, – деді құттықтау сөзінде қала әкімі Қайрат Әскербекұлы. Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көп балалы аналар мемлекет…

Read More

Жамбыл облысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту» бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» үшкүндік оқыту семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша семинар-тренинг барысында елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізді. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. «Әлеуметтік желі психологиясы», блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесін бөлісті. Мәселен, ол Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның астанасына ‎АІӨСШК саммитіне қатысу үшін келді, – деп хабарлайды Ақордаға сайты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Read More

Алматы полициясы митинг кезінде күш қолдануға шақырғандардарды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұсталғандардың ішінде 34 жастағы дәрігер бар, Алматы облысының тұрғыны екен. Ол танымал мессенджер арқылы қоғамды тәртіптсіздік жасап, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолдануға шақырады. «Пышақ, темір алып шығайық та, ұстап әкетіп жатқан полицейлерді пышақтайық, басын жарайық», – дейді ер адам аудиода. Тағы бірі «бір-екі полицейдің басын кесіп тастау керек бауыздап», – дейді аудиодағы дауыс. Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады! Кейін олардың өз қатесін түсініп, кешірім сұраған видеосы жарияланды. «Қазақстандықтарға айтарым, мұндай интернеттегі айдап салушыларға ермеу керек: бізде бәрі бар, жұмыс, ақша, тамақ. Қазақстандықтардан ата-бабамыз қалдырып…

Read More

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді, оның ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады, – деп хабарлайды РИА Новости. Stuff ақпараты бойынша, ерекше тәртіптегі түрменің жеке камерасында отырған Тарант сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал оның айыппен келіспейтінін адвокаттар жеткізді. Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Еске салсақ, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалған еді. Полиция ақпараты бойынша, сол шабуылдың салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50-і зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн шабуылдың теракт екенін айтқан болатын.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты, – деп хабарлайды Ақордаға сайты. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылық білдіріп, саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты. Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңестірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті. «Біріншіден, ШЫҰ кеңістігінде…

Read More

Митинг кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеген адамдар жақын арада босатылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Шеруге шыққандарға келсек, олар наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазір олардың талабын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Көбінің талабы әлеуметтік сипатта. Мұндай мәселелердің барын жоққа шығармаймын. Негізінде мұндай жағдай адамдардың кедейленуіне байланысты болады. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді талап етеді», – деді Тоқаев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары заңсыз акицялардың жолын кесуді жалғастырады. «Бас прокуратура көшедегі мұндай жиындардың заңсыз екенін талай айтқан. Заңсыз митингтер, тәртіпсіздіктер – бұған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі келтіреді», – деді Президент. Мұның алдында Ақпарат және…

Read More

Алик Шпекбаев Антикоррупциялық қызметтің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасарының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады. Еске салайық, кеше, 13 маусымда Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді. Бұл жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Ал Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы болып Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова тағайындалды.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-шы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің отырысына қатысып жатыр. Отырыс Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Сонымен қатар саммитке қатысуға 11 елдің басшылары жиналды. Олардың қатарында: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан бар. Шараның бақылаушылар ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері атсалысып жатыр. Сондай-ақ ел басшылары қосылып суретке түсті. Осыдан кейін мемлекет басшылары арасында жеке отырыс өтті. Саммиттегі жаңалықтарыды жариялау үшін 500-ден аса жергілікті және шет…

Read More

Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, – деп хабарлайды «Лента.ру».  Төбелестің видеосы RT порталының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. Роликте сатып алушылар дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны, бір-бірінің қолынан киімдерді жұлып әкетіп жатқаны және манекеннен киімді шешіп жатқаны түсірілген. Желі пайдаланушылары Uniqlo лимиттелген коллекциясына қытайлық тұтынушылардың реакциясын таң қалдырды. «Зомби-апокалипсиске ұқсайды», – деді бір пікір қалдырушы. «Бұл барып тұрған надандық. Тіпті Үндістанның өзінде бұл жерге қарағанда жақсырақ», – деді тағы бір коментатор. Алайда пайдаланушылар арасында қытайлықтарды қорғаушылар да табылды. «Содан кейін олар бұл заттарды он есе қымбат сатады. Сондықтан олар есінен адасқандай кейіп танытады. Мен де осылай жасаймын», -…

Read More

Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. «Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Жарлықта. Серікбай Өтелгенұлы Трұмов 1964 жылдың 3 маусымында Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1992 жылы инженер- құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Трұмов 2015 жылдан бері Ақтау әкімі болған. Ал 2017 жылдың 31 қазанынан облыс мәслихатының депутаты болып сайланған. Бұған дейін облыс әкімі қызметінде Ералы Тоғжанов болған еді.

Read More

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қою және қабылдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, оның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ганимен. Мемлекет басшылары 14 құжатқа – 13 шешімге және ШЫҰ ҮБК Бішкек декларациясына қол қояды. Саммит қорытындысы бойынша қол қоюсыз Ақпараттық хабарлама қабылданатын болады. Бұдан басқа, ШЫҰ ҮБК отырысы аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау, ШЫҰ халықаралық байланыстарын кеңейту және «ШЫҰ және…

Read More

БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты «Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын», – делінген Жарлықта. Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс әктивіне жаңа әкімді таныстырды. Еске салайық, осыған дейі Батыс Қазақстан облысын басқарған Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Ғ. Есқалиев осы қызметке тағайындалғанға дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары болды. Есқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика» мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент»мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Темірбанк» АҚ Орал филиалының директоры, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы…

Read More

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтты, – деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Өз сөзінде Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов прокуратура бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған. Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті. https://youtu.be/TaXCcA47-mE Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны – 670,…

Read More

Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ, Аймағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Read More

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. Ал 2008-2010 жылдары – «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары болған. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарса, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары…

Read More

Тараз қаласында «Текті сөздің төресі – терме» облыстық байқауы өтті. Тіл мәдениетін дамытып, дәстүрлі терме жанрын халыққа кеңінен насихаттауды ұран еткен байқауға сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысып, сынға түсті. Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 11 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы термелерін арқау етті. Сондай-ақ, қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туындысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға береді. Жүлделі орын алған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұған қоса, халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.

Read More

Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, – деп хабарлайды Lenta.ru. The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс. EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет. EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.

Read More

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған 4 жолаушы аптап ыстықтан мерт болды, – деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандардың айтуынша, олардың үшеуі көлікте, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жолға шыққандардың көбі Агра қаласынан Тадж-Махалға бара жатқан діндарлар екені белгілі. Айта кетейік, қазір елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Read More

Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу жайлы айтты. Президент салтанатты іс-шара барысында тұрғын үй мәселесін шешу жолдарына тоқталды. «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды. Содан кейін әділетті әлеуметтік саясат. Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғынға сапалы медицаналық қызмет көрсету. Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», – деді Тоқаев. Сондай-ақ, Президент мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын айтты. Тоқаев олардың құықығын қорғап, материалдық жағдайын…

Read More

Мемлекет басшысы Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елді дамытудағы бағдарларды айтты. Оның айтуынша, бірінші бағыт: халықтың табысын арттыру. «Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет? Терең түсінуіміз қажет. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз», – дейді ол. Екінші бағыт, Тоқаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою. «Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың мөлшерін деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. …

Read More

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. «Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі», – делінген хабарламада. Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты не мазалайтынын айтты. Ол 2019 жылдың 13 мамырында жалпыхалықтық акция басталғанын еске салды. Президент оған атсалысқандардың барлығына алғыс айтты. «Акцияның басты мақсаты ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. 540 мыңға жуық ұсыныс-тілектер келді. Бірге акцияға қатысып, азаматтық белсенділік көрсеткен халыққа шын жүректен алғыс білдіремін», – деді Президент. Ол мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуі жайлы сөз қозғады. «Біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүкіл халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділеттік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ…

Read More

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерге қолжетімділіктің қиындауына шағымданды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында WhatsApp мессенджерінде кейбір пайдаланушылардың жұмыс істемей жатқанын жазды. WhatsApp-тың web-нұсқасында және мобильді қосымшада да байқалды. Кейбір қолданушылар хабарламалардың жіберілгенімен, бірақ медиафайлдар жүктелмейтінін айтады. Сондай-ақ, кейбір қазақстандықтар Facebook және Instagram желілеріне де кіре алмай отырғанын жазып жатыр.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск өзінің құттықтау хатында Еуропалық одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасына бейілді екенін тағы бір нақтылаған. «Қазақстан – Еуропалық одақтың маңызды әріптесі. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім, болашақтағы тереңдетуге ұмтылған біздің мазмұнды іс-қимылымыздың негізі болып табылады», – делінген жеделхатта. Дональд Туск бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену болып табылатын Қазақстанның аймақтық ынтымақтастық пен диалогтарды жүргізудегі рөлін құптады. Чехия Республикасының Президенті Милош Земан да Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. «Мен Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайланғаныңыз туралы хабарды үлкен…

Read More

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Tengrinews.kz салтанатты шараны онлайн бақылады. Кейінірек Tengrinews.kz тілшісі ұлықтау рәсімінің толық видеосы мен Президенттің сөйлеген сөзін жариялайды. 11.40 Президентті ұлықтау рәсімі аяқталды. 11.32 Алаңда Қазақстанның Қарулы күштерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр. 11.30 Қасым-Жомарт Тоқаев залдан шықты. Президент енді Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға барады. 11.24 Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады. Кеңестің алғашқы отырысы тамызда өтеді. 11.19 «Биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыруымыз керек». 11.17  Тоқаев қазақстандықтарға үнемі есеп беруге, тек уәде бермей, оны іс жүзінде жүзеге асыруға уәде берді. Сондай-ақ, Президент халықты не мазалайтынын айтты. «Халықты толғандырып отырған басты мәселе – табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздығы, теңгенің…

Read More

Түркістан облысында ағымдағы жылдың тек мамыр-маусым айларында облыстағы 34 847 тұрғыны бар 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу барысында бес әлеуметтік бастаманың бесіншісі – Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру Түркістан облысында қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргізілді. Осыған байланысты облыстағы барлық аудан әкімдері тұрғындармен әр үйді газға қосу жұмыстары бойынша ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы…

Read More

11 маусымда Тараз қаласындағы «Достық үйінде» Бекболат Орынбеков халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге барлығы 94 дарынды оқушылар мен мектеп басшылары қатысты.2018-2019 оқу жылында облыс бойынша халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 245 оқушының 130-ы (55,2%) жеңімпаз атанды. Оның 29-ы – Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан, 43-і – Республикалық, Президенттік олимпиадалардан, 22-сі – Республикалық ғылыми жобалар жарыстарынан және 36-сы – Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар жарысынан және Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасынан жеңіспен оралған дарынды оқушылар. Республикалық пәндер олимпиадасының және ғылыми жобалар жарысының (7 жыл қатарынан) қорытындысы бойынша облыс командасы, «Ең үздік команда»…

Read More

Алматы полиция департаменті маусымның 10-нан 11-не қараған түні қоғамдық тәртіпті бұзу туралы, атап айтқанда, түнгі уақытта қала бойынша санкцияланбаған митинг және кейінгі шеру фактісі бойынша мәлімдеме жасады. Полиция мәліметінше, кеше, 2019 жылы 10 маусымда шамамен 18:00 және 2019 жылы 11 маусым 02:00 аралығында Алматы қаласында бірнеше адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзды. Осы заңбұзушылықтарға қатысқандарды полиция ұстады. «Жақын арада аталған оқиғаларға құқық қорғау органдары тарапынан толық құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, инсинуацияны болдырмау және халықты анық хабардар ету мақсатында полиция қазіргі уақытта расталған бірқатар деректерді айтқым келеді», – деді полицейлер. 10 маусымда 18:00 шамасында «Алғабас» ықшамауданында «Алатау» театрының алдында Р. Заитовтың…

Read More

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап. «Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған», – деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде. CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді. Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады. https://twitter.com/ConflictsW/status/1138157852625920000?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1138157852625920000&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fnyu-yorkte-tkushak-zaulm-uyge-sogyildyi-298559%2F https://twitter.com/ConflictsW/status/1138148631247237120?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1138148631247237120&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fnyu-yorkte-tkushak-zaulm-uyge-sogyildyi-298559%2F

Read More

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда болған митингіге қатысты пікір білдірді. ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода 9 маусымда елордада Республика даңғылында болған митинг түсірілген. Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгеніхабарланған болатын. «Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша», – деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірді

Read More

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов жұртты сабырға шақырды. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда бір топ адам жиналып, наразылығын білдіргісі келген. Кейін оларды құқық қорғау органдарының ұстап әкеткені белгілі болды. Солардың ішінде өнерпаз да болды деген хабар тараған. Алайда айтыскер Ринат Зайытов халықты сабырға шақырып, видео жариялады. «Қадірменді ағайын, алматылықтар, алаңдайтындай, толқитындай ештеңе болған жоқ. Сондықтан баршаларыңызды үйлеріңізге тарауыңызды сұраймын. Себебі мен ешбір қазақтың бір тамшы қанын мойныма алғым келмейді, ағайын. Ешкімге өкпе-реніш жоқ. Бұйыртса, міне, үйге қайтайын деп жатырмын», – дейді Зайытов таралған видеода. Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірген еді. «Расында да Алматыда және елордада…

Read More

Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бибер Крузды октагонға шақырды. «Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса – онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың», – деп жазды әнші. https://twitter.com/justinbieber/status/1137880621848584193?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1137880621848584193&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fworld_news%2Fdjastin-biber-gollivud-juldyizyin-jekpe-jekke-shakyirdyi-298544%2F Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді. «Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?», – деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер…

Read More

Бүгін Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының ашылу салтанаты өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жарысқа облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы жарыс кезеңдерінің жеңімпазы атанған 160 үміткер қатысуда.  Жарыс радиомен басқарылатын авто модельдер, автотрассалық модельдер, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдерінің кластары бойынша жүргізілуде. Сайыс соңында «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы», «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша үздік қатысушылар анықталатын болады. Барлық қатысушыларға сәттілік!

Read More

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы: Жамбыл Ахметбеков – 167 249 – 1, 82 пайыз; Дания Еспаева –  478 153 – 5, 2 пайыз; Әміржан Қосанов – 1 472 733 – 16,02 пайыз; Төлеутай Рахымбеков – 294 271 – 3,2 пайыз; Амангелді Таспихов – 190 304  – 2,07 пайыз; Касым-Жомарт Тоқаев – 6 504 054 – 70, 76 пайыз; Сәдібек Түгел – 84 348 – 0, 92 пайыз. Дауыс беруге сайлаушылардың…

Read More

Нұр-Сұлтанда митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтты. «Нұр-Сұлтанда қоғамға қарсы қозғалыстың қатысушылары тас лақтырып, баллондар қолданды. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуіне тас тиген, ал үшіншісі баллоннан көзін жарақаттаған», – деді Қожаев. Оның айтуынша, бұл әрекеттерге қатысты қылмыстық заңнама баптары бойынша процессуалдық баға беріледі. ІІМ басшысның бірінші орынбасары митинг қатысушыларының ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатынын айтты. «Полицейлердің әрекетіне қарап, барлық шараның заңнама аясында қолданылғанын айтуға болады. Құқық қорғау органдары ережебұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдарды қолданған жоқ», – деді Марат Қожаев. Кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты…

Read More

Тележүргізуші Ксения Собчак актер Максим Виторганмен ресми түрде ажырасқанын жариялады. Бұл туралы ол НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь!»бағдарламасының эфирінде мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. «Мен ажырастым», – деді тележүргізуші журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. Собчак тиісті мемлекеттік бажды төлеп, некені бұзу туралы куәлік алған. Бұл ретте ол Виторганмен бірге демалу туралы БАҚ хабарламаларын жалған екенін айтты. Биыл наурызда Собчак пен Виторган айырылысатындарын мәлімдеді. Бұған бірқатар жанжалдар себеп болған. БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарда кешкі уақытта Виторган мен режиссер Константин Богомолов мәскеулік кафелердің бірінің жанында тележүргізуші үшін төбелескені де айтылған еді.

Read More

Олар облыс орталығы мен өңірдің 10 ауданын аралап, заң талаптарының орындалуын мұқият қадағалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Меймандар сайлаудың ашық, әрі демократиялық тұрғыда өткенін алға тартты. Сонымен қатар өңірде 2225 отандық байқаушы да тұрғындардың конститутциялық құқықтарының сақталуына жіті мән берді. Облыста 484 сайлау учаскесі тіркелген. Оның бірде-бірі назардан тыс қалған жоқ. «10 бақылаушы отырдық. Бәріміз де жақсылап қарап отырдық. Заң талаптарына сай. 8 үйге барып келдік. Барлығы дұрыс деп есептеп отырмын. Бұзылған бюлетень жоқ. Заң бұзушылық жоқ», – дейді бақылаушы Гүлбахрам Акилова.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Үдергенов тағайындалды. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында хабарлады. Бауыржан Арынұлы – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы өз сөзінде орынбасарына сәттілік тілеп, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруын жеткізді.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Тараз қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан 35 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, – деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. Аталмыш сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылып, жетіде өз жұмысын бастады. Онда барлығы 2308 сайлаушы тіркелген. Олардың 400-ге жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай қарастырылған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әсем әуен ойнатылып тұрғаны да көңілге әдемі әсер сыйлайды. Тіпті, мұнда алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да тарту етілген. Айта кетейік Жамбыл облысы бойынша…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады. «Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенінжеткізген еді.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елбасы елордада Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. «Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Президент сайлауы өтіп жатыр. Халық тек президент емес, өз болашағы үшін таңдау жасап жатыр», – деді Назарбаев. Ол барлық қазақстандыққа амандық тіледі.

Read More

Киножұлдыз әрі саясаткер Арнольд Шварцнегердің үлкен қызы Кэтрин Юнис Шварценеггер голливуд жұлдызы актер Крисс Пратқа тұрмысқа шықты. People басылымының мәліметінше, үйленуі тойы 8 маусымда Калифорниядағы жеке ранчолардың бірінде өткен, – деп хабарлайды «Лента.ру». Үйлену тойында жұптың жақын достары мен туыстары, соның ішінде 29 жастағы қалыңдықтың ажырасқан ата-аналары Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер келді. 39 жастағы күйеу жігіттің бірінші некеден алты жасар ұлы Джек қатысты. Пратт актриса Анна Фариспен 2017 жылы тамызда ажырасқан. Жазушы Кэтрин алғаш рет тұрмысқа шықты. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, журналистер үйлену тойынан бірнеше фотосурет түсіріп үлгерген. Суреттерде Шварценеггер шлейфі бар ақ киімде болды, оның жанында классикалық қара костюмде Пратт тұрды. Жарасымды жұп 2018 жылдың жазында…

Read More

Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі. Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.

Read More

Өткен жылдың сәуір айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон отырғызған емен қурап кетті, – деп хабарлайды Monde. Эммануэль Макрон 2018 жылдың сәуір айында АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барған. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың 250 жылдығына орайластырылды. Сапар барысында екі елдің көшбасшылары Ақ үйдің бағына Францияның солтүстігінен әкелінген «Достық емені» көшетін отырғызды. Француз көшбасшысының пікірінше, емен екі елдің ұзақ қарым-қатынастарының символы болуы керек еді. «Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон отырғызған жас емен ағашы қурап кетті», – деп жазды газет. Figaro газеті Monde ақпаратын растады және емен ағашын отырғызғаннан кейін Құрама Штаттарда енгізген карантиндік фитосанитарлық бақылауға шыдамағанын айтқан. Бұл аурулардың таралуын болдырмау үшін…

Read More

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты. Видеода спортшы Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын » атты белгілі поэмасынан үзінді оқиды. Боксшы роликті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Отандастарыма қолдау көрсеткендері үшін рақмет! Мен өзінімнің қайдан шыққанымды ешқашан ұмытпаймын», – деп жазған Головкин. Геннадий Головкин және онымен бірге балалар мен спортшы, ғалым, әскери адам, ғарышкерлер оқыған поэмадан үзінді келтіреміз. Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын. Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп…

Read More

Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындары асарлатып, жалғызбасты анаға үй салып жатыр. Аталмыш бастамаға Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарының басы – қасында жүр.  Тіпті, құрылыс жұмыстарына ауылдықтармен бірге округ әкімдігі аппаратындағы қызметкерлер де білек сыбана кіріскен. Аудандық «1 отбасы, 1 пәтер» жобасы бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасына жаңаталаптықтар жаппай атсалысуда. Ауыл тұрғындары шама-шарқыларынша құрылыс  материалдарына ортадан қаржы жинап, көп болып көмектесуде. «Округімізде тұратын жалғызбасты   ана Бейсенкүл Баймұратова кішкентай ғана  тар  үйде  күнелтіп келеді. Осыны  көріп ауыл  болып білек сыбана кірісіп, апамызға жаңа үй салып беруді қолға алдық.  Көрінген  таудың  алыстығы  жоқ  демекші, қабырғалары …

Read More

Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан мекеменің қызметшісі зардап шекті, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11.00 шамасында қалалық жедел жәрдем станциясына өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына үш медицина бригадасы жіберілді. Тек бір адамды ауруханаға жеткізілген. «Оны күйік шалғандар орталығына – Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Әзірге зардап шеккен адамның қаншалықты күйіп қалғаны белгісіз. Оның жағдайы тым ауыр, жан сақтау жатыр», – деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. Орталықтың өкілдері зардап шегушінің денесінің 100 пайызы күйіп қалғанын жеткізді. Осыған дейін өрт салдарынан 1999 жылғы Ерлан Анар зардап шеккені туралы хабарланды. Шымкент…

Read More

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 тапанша, 3 дыбыс бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана,…

Read More

Дубайда автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 6 маусымда Оман нөмірі салынған автобус апатқа ұшырады. Автобус салонында 31 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 әр түрлі ұлт өкілдері қаза тапты және бесеуі зардап шекті. Кейінірек тағы екеуі қаза тапты. 50 жастағы автобус жүргізушісі қоғамдық көліктерге жүруге болмайтын тажолға шығып кеткен. Соның салдарынан ол жол ережесі белгісіне соқтығысқан. ҚР СІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Read More

Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Ішкіс істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. «Биыл 4 маусымында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті», – делінген хабарламада. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.…

Read More

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, жарты жыл бойы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде «Атырау су арнасы» мекемесіне айып тағылып, іс сотқа жолданады. Бастапқыда бұл дерекке қатысты екі мекеме – «Атырау жылу электр орталығы» мен «Атырау су арнасы» күдікті деп танылған еді. «Жылу электр орталығы» өзінің кінәсін мойындап, табиғатқа келген шығын көлемін өтеуіне байланысты тергеу ісі қысқартылыпты. Ал «Атырау су арнасының» Жайыққа су ағызатын нүктесінен сынама алған экологтар онда хлоридтің рұқсат етілген мөлшерден төрт есе көп екендігін анықтап, істі тиісті орындарға тапсырған болатын. Бірақ олар мұнымен келіспей, осыншама көлемдегі балықты қырып тастау үшін Жайық…

Read More