Author: admin

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, жарты жыл бойы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде «Атырау су арнасы» мекемесіне айып тағылып, іс сотқа жолданады. Бастапқыда бұл дерекке қатысты екі мекеме – «Атырау жылу электр орталығы» мен «Атырау су арнасы» күдікті деп танылған еді. «Жылу электр орталығы» өзінің кінәсін мойындап, табиғатқа келген шығын көлемін өтеуіне байланысты тергеу ісі қысқартылыпты. Ал «Атырау су арнасының» Жайыққа су ағызатын нүктесінен сынама алған экологтар онда хлоридтің рұқсат етілген мөлшерден төрт есе көп екендігін анықтап, істі тиісті орындарға тапсырған болатын. Бірақ олар мұнымен келіспей, осыншама көлемдегі балықты қырып тастау үшін Жайық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», – деп жазды Президент. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1136553413804773376?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1136553413804773376&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-jastar-aldagyi-reformalardyin-negzg-kozgaushyi-kush-298434%2F Осыған дейін, Тоқаев Қазақстанда президенттік кадрлық резерв құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, елімізде талантты жастардың экономикада, ғылымда, мәдениет пен спортта өзін шыңдауға жағдай жасалады.

Read More

Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Меркі және Жуалы ауданының полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылды, бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр. Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт-кеңсесі 4 маусымда  жергілікті полиция бөлімі ғимаратында ашылды. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда күту креслолары және екі үстел бар, онда адамдарды ЕТБ мемлекеттік автоинспекторы Жандос Қалысбаев пен АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Әнуар Мамытбеков қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті қағаздарды ресімдейтін кеңсенің терезесі бар. Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев атап өткендей, бұл облыстың…

Read More

Суданның Хартум қаласында тәртіп сақшылары лагерьде ереуілге шыққан наразыларды таратқан кезде 100 адам қаза тапты, – деп хабарлайды «Хабар 24». Әскерилердің мәліметінше, марқұм болған 40 адамның денесі Ніл өзенінен табылған. Алайда бұл ақпаратты елдің денсаулық сақтау министрлігі растамай отыр. Айтуларынша, мерт болғандардың саны 46-дан аспайды.

Read More

Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты, – деп хабарлайды «Астана»телеарнасы. ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, суға ағып кеткендердің 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны – 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес деді Беккер. Сондай-ақ, ол суға батып кеткендерді есепке алу жүйесі осы жылдан бастап өзгертілгенін айтты. «Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді…

Read More

Таразда «Ұлы Дала хикаялары» деп алататын Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көрмеде Алмагуль Менлибаева, Сәуле Сулейменова, Рашид Нурекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшінің туындылары қойылған. «Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымзды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді», – деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади. Мақалада көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелер туралы шығармалар…

Read More

Алматыда «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы аясында имамдар 500 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар, Діни басқарма өкілдері мен елге танымал әншілер бірлесіп, екі көпбалалы отбасыға жаңа үйдің кілтін табыс етті, – деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. Солардың бірі – Сандуғаш Тұрманова. 20 жылдан бері шиеттей балаларымен пәтер жағалап, көшіп жүрген ананың  жағдайы мүшкіл болған. 9 құрсақ көтерген ана қасиетті айда сол ауыртпалықтардан құтылып, жомарт жандардың көмегімен баспаналы болды. Орталық мешіт жанынан құрылған «Ықылас» қайырымдылық қорының тіркеуіндегі 600-ге жуық отбасы тегін азық-түлік алды. «Рамазан айының соңғы он күндігінде мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қуаныш сыйлау – азаматтық міндетіміз», – дейді имамдар. «Қайырымдылық акциясындағы негізгі қаражат көзі бұл халқымыздың…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери әрекеттер болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы америкалық көшбасшы ұлыбританиялық ITV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, – деп хабарлайды Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Роуханимен келіссөздер жүргізуге қуана келісетінін айтты. Алайда әскери әрекеттер мүмкіндігі туралы сұраққа ол былай деп жауап берді: «Әрдайым соғысу мүмкіндігі бар. Менің соғысқым келе ме? Жоқ. Ондайға барғым келмейді. Бірақ ондай мүмкіндік қала береді». Трамптың айтуынша, Иран оның президент қызметіне кіріскенінен бастап-ақ жау көреді екен. «Сол кезде олар әлемдегі бірінші террорлық ұлт болды, мүмкін, бүгінде солай шығар», – деді ол. 3 маусымда АҚШ Иранмен жаңа ядролық келісімшарт…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Ақорда сайтынасілтеме жасап. «Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Ақорда. – Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен…

Read More

АҚШ-тағы Небраска тұрғыны Трэвис Филдгроув өзінің туған қызына үйленіп алғаны үшін екі жылға сотталды. Бұл туралы Omaha World-Herald басылымы жазады. 2018 жылдың күзінде полицияға тым ересек Филдгроув пен 21 жастағы Саманта Кершнер арасында жыныстық қатынас болғаны туралы ақпарат жеткен. Анасы қызын биологиялық әкесімен үш жыл бұрын ғана таныстырған. Бірақ әкесі қызын «өз қызым» деп қабылдамаған екен. Ал енді қыз Кершнердің айтуынша, ол өмірінде жаңадан пайда болған осы бір еркектің басын кім бірінші айналдырады деп үйдегі әпкесімен бәстескен екен. Бәсте жеңілмеуге тырысқан ол әпкесінің алдын орап кету үшін барын салыпты. Полиция жүргізген ДНК тесті Филдгроувтың Кершнердің шын әкесі екенін растады. Екеуіне инцест…

Read More

Облыстық мәслихат шешімі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен «Тараз қаласындағы «Достық» алаңының атауын «Нұрсұлтан Назарбаев» алаңы етіп өзгерту туралы» жоба пайда болды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл мәселенің қоғамдық талқылауы президент сайлауынан кейін, 14 маусымға жоспарланып қойыпты.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент әкімшілігінің басшысы Бахытжан Сағынтаев пен үкімет өкілдері Нұр-Сұлтанда жиналған көпбалалы аналармен кездесті. Бұл туралы Тоқаев Twitterжелісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. «Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігінің басшысы Б.Сағынтаев пен Үкімет мүшелері көпбалалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобының аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет», – деп жазды Мемлекет басшысы. Күндіз дүйсенбіде, 3 маусымда, Қазақстан астанасындағы Үкімет үйінің алдында ондаған көпбалалы аналар жиналды. Олар жоғарғы биліктен баспана мәселесін шешіп беруді талап етті. Атап айтқанда, көп балалы аналар 10 пайыздық бастапқы жарнаның күшін жоюды, ипотека бойынша жылдық 2 пайыздың күшін жоюды (пәтерді сатып…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты. Қазақстан Президенті Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аударды. «Облыстағы орташа жалақы мөлшері – 112 мың теңге. Бұл – елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. 1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.…

Read More

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақшы болған 4 азамат ұсталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аталған мекеме аумағындағы бейнежазбадан «Ауди Б4″ маркалы көлік мінген 4 азамат мекеменин негизги коршауынан скотчпен қапталған 3 затты лақтырып, оқиға орнынан ізін суытпақшы болғанын көруге болады. Алайда, олардың бұл әрекеті жүзеге асқан жоқ. Оқиға орнына жедел түрде жеткен мекеме қызметкерлері күдіктілерді қолға түсіреді. Сараптамалық талдау нәтижесінде күдіктілер лақтырған зат марихуана екендігі анықталып отыр», – делінген облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Мемлекет басшысына І – ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш туралы баяндалып, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын, күміс тиындар, керамикалық қолөнер бұйымдары және басқа да құнды жәдігерлер таныстырылды. Сонымен қатар, «Шахристан – көне Тараз» кешенінің макеті көрсетіліп, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді. «Көне Тараздың тарихы әлі де зерттеле береді. Бұл жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіледі. Бұл салада халықаралық деңгейдегі мамандар көп. Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Көне Тараз» саябағы келешекте халықаралық туристік орынға айналады деп күтілуде. Облысқа…

Read More

Желіде шамамен Израильдің Сирияның Хомс аймағында орналасқан Т4 әскери базасына зымыран соққыларын  жасағаны түсірілген делінген видеосы жарияланды, – деп хабарлайды РИА Новости. Видеоның кадрында өрттің және зымыранның жарылысы көрініп тұр. Сондай-ақ САНА агенттігі жариялаған роликте Сирияның әуе қорғаныс күштері осы шабуылға тойтарыс бергені хабарланды. Сирияның әскери дереккөздерінің хабарлауынша, зымыран жарылысынан бір адам қаза тапқан. Сонымен қатар екі адам зардап шеккен. Оған қоса аэродромның инфрақұрылымы қираған. Сондай-ақ Сирия әскерінің дереккөздері әуе қорғаныс күштері екі зымыранды жойғаны жайлы хабар берді. 2018 жылы аталған аэродром Израиль тарапынан шабуылға ұшыраған. Айта кетейік, Израиль әскері Сирияның нысандарына бірнеше рет соққы жасаған. Израиль билігі соққы жасау арқылы Иран мемлекетінің күш құрылымдарының…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап. «Мен Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдым. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында батырдың отбасы тұрып жатқан үйге барды. Қазақстан Президентіне қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта, оның фотосуреттері, медальдары мен жеке заттары көрсетілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманының жұбайымен және ұлдарымен әңгімелесу барысында Ғазиз Байтасовтың өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді, – деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли. «Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», – деп жазды Берік Уәли. «Облыста туризм индустриясын дамыту. Әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласымен байланысты. Бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу керек. Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар жеткілікті. Бес нысанға ЮНЕСКО тарапынан халықаралық мәртебе берілген (ежелгі қалашықтар: Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас). Жамбыл жеріндегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет туризм саласын дамытудың…

Read More

АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді. Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде. Еске салайық, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Read More

Келесі жылдан бастап Украинада балалар үйіне бала қабылдауды тоқтатады, – деп хабарлайды «Известия». Бұл туралы денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша орындаушы Ульяна Супрун мәлімдеді. Оның айтуынша, елде әлеуметтік қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары өз ата-аналарымен толыққанды өсе алуы үшін барлық жағдай жасалады. Басқа жағдайларда кәмелетке толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі. «Тіпті ең жақсы интернат отбасыны алмастыра алмайды. Іс жүзінде Украинада осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8 пайызы жетім балалар статусына ие. Қалғандарында анасы немесе әкесі бар, немесе қиын жағдайға тап болған және баланы тәрбиелей алмайтын ата-аналар да бар», – деп жазды Супрун Facebook желісінде. Осылайша, 2020 жылдан бастап балалар үйлері медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналады.…

Read More

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобының президенті доктор Бандар Хаджармен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараптар еліміздің ұлттық инвестициялық жобаларына Банктің одан әрі қатысуы мәселелерін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі. Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы оның біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нық ниетін көрсетеді. «Біздің мақсатымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту және сіздің еліңізде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Қазақстанды Люксембургтегі Сукук ислам…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.  Ол соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда…

Read More

«Ливерпуль» футболшылары Чемпиондар лигасының финалында лондондық «Тоттенхэмді» жеңді, – деп хабарлайды Tarazy.kz. «Ванда Метрополитано» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ойын барысында ЧЛ финалдарының тарихындағы ең жылдам пенальти тіркелді. Кездесудің екінші минутында «Ливерпуль» есепте алға шықты. Мусса Сиссокконың қолына тиген допты бас төреші Дамир Скомина аңғарып үлгерді. Пенальтиден Мұхаммед Салах мүлт кеткен жоқ. Ол Уго Льористі қапы қалдырып, командасын алға шығарды. Ойын басындағы бір голдан кейін шабуылдар бірсыдырғы жалғасты. Қауіпті сәттер болғанмен, көп гол соғылмады. Кездесу аяқтала бастағанда «Тоттенхэм» тәуекелге бел буды. Шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Бірақ 87 минутта Дивок Ориги өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, «Ливерпульдің» екінші голын соқты.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертіне барды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады. Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте «КешYOU», Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті. Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан…

Read More

Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы қайта атқылай бастады. Жергілікті биліктің айтуынша, жанартаудан әзірге жақын мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ тұрғындарға бұл ауданға бармау керектігі ескертілді. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең биік жанартау болып саналады. Оның 400-ге жуық ойысы бар және жыл сайын солардың бірнешеуі оянып, күл мен шоқ шашып тұрады. Ал жанартаудың қатты атқылауы соңғы рет 1992 жылы тіркелген. https://youtu.be/qBvRCfZwOHc

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 миллиард теңгені құрады, соның ішінде 20,1 пайызға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды. Негізгі…

Read More

Таразда көп қабатты тұрғын үйде болған өрттің неден шыққаны әлі анықталмай жатыр. Шығын көлемі де нақтыланбаған. Мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Естеріңізде болса, 5-ықшам аудандағы үйлердің бірінің шатыры отқа оранып, түгел жанып кеткен болатын. Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 3 сағат бойы арпалысып, әрең өшірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір 120 пәтерлі баспана толықтай су, газ, электр желісінен ажыратылған. Тұрғындардың барлығы маңайдағы мектептерге орналастырылды. «Қазір жүріп тексеріп жатыр. Подъездерді. Қалай анықтайды кеткен жерлерінің бәрін бекітіп тегістейді. Сосын осының бәрін қайтадан подъезбен суын, светін қосамыз. Екі мектепте жатақхана қазір матрастарын бәрін түсірдік. Әрқайсысына 100…

Read More

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 200-ден астам спорт алаңы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 86-сы Тараз қаласында, қалғанын 10 ауданда салу жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бюджет қаражаты мен демеушілік қолдау негізінде жүзеге асады. Өңірде осы бағытта арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аймаққа 252 спорт алаңшасының қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар жөндеуді қажет ететін 203 нысан нақтыланып, бүгінгі күнге дейін оның 132-і ретке келтірілді. Айта кету керек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, қазір өңір халқының 29 проценті бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданады. «2019 жылы аудан бойынша 120 спорт алаңшасын…

Read More

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады. «Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді. Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына…

Read More

Жамбыл облысында ішкі аудит қызметінің жұмысы жүйелендірілмек, деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ішкі аудит қызметінің басшысы Думан Тайлеевтің айтуынша, 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде 38 нысан қамтылған. Ал өңірде тексеріс жүргізілуі тиіс мекемелердің жалпы саны бір жарым мыңнан асады. Аудит жүргізілген нысандардың 27-сі мемлекеттік коммуналдық мекемелер, жетеуі – мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, қалған төртеуі – шаруашылық құқығындағы кәсіпорындар. Аудит кезінде жалпы 2 млрд 219 млн теңгені жұмсауда кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Үш лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 757 мың теңге айыппұл салынған. Д. Тайлеевтің айтуынша, бір мекемені тексеруге екі апта, кейде жыл да…

Read More

Талас өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бір өзен – бір тағдыр» атты бастаманы көтерген қырғыз-қазақ жастары экологиялық акция өткізуге бел сыбана кіріскен. Ондағы мақсат – Талас пен Тараз арасын жалғап жатқан өзен маңындағы күл-қоқыстарды тазарту. Осылайша бастамашылар екі ел арасындағы ерекше байланысты дамытпақ ниетте. Екі ел еріктілерінен құралған экологиялық топ өзенді тазарту ісіне арнайы келген. Өйткені, өзенді жағалай жүрсең,  жағадағы қалдықтардан  көз сүрінеді. Демалушылар енді мұндай іске бармасын деген тілекпен жол бойына тақтайшалар да қағылды. «Бұл шара бізге керек. Өйткені, дәл осындай жұмыстарды заман талап етуде. Және де біз акцияны жыл сайынғы дәстүрге айналдырсақ деген ойдамыз. Енді, іс-шарамызды шекарада жатқан…

Read More

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) орта дивизионда жұдырықтасатын болады. Бұл туралы боксшының өзі рингке оралуына байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz. «Басқа салмаққа өту туралы шешім қабылдап, енді орта дивизионда жұдырықтасатын боламын. Ұзақ үзіліс болды, алайда, бұрынғыдан күштірек болып оралып отырмын», – дейді Қанат Ислам. Ислам 5 шілде Алматыда WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазастандық – бірінші орта салмақта жеңілмеген боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) те рингке шығады. «Қарсыласым WBO рейтингінің ТОП-10 тізімінен. Әзірге есімі белгісіз, бірақ, мен дайынмын. Менеджерім келіссөздер жүргізіп жатыр.…

Read More

30 мамырда Ауғанстан астансы Кабул көшелерінің бірінде жарылғыш зат жарылды. Осы оқиғаның видеосы Twitter желісінде жарияланды. Ислам мемлекеті террористік ұйымы маршал Фахим атындағы әскери академияға кіретін жерде болған жарылысты өз мойнына алды. Reuters мәліметінше, кемінде алты адам қаза тапқан және тағы алты адам зардап шеккен. Видео жарияланғанға дейін Кабулда екі күнде екі рет шабуыл жасалды. 31 мамырда жарылғыш заттар салынған автокөлік америкалық конвой маңында жарылды. Кемінде төрт АҚШ әскери қызметкері зардап шекті. Melisa@cmellaniac  · May 30, 2019 Replying to @cmellaniac #ISKP claimed that 70 people had been killed and wounded in #Kabul attack. Melisa@cmellaniac #ISKP has released a new video showing the moment…

Read More

«Аманат» қоғамдық ұйымының жұмысы 17-ші мамырда басталды. Ал бүгінде оның бөлімшелері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыс орталығында ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында «Аманат» азаматтық платформасының Жамбыл облысы штабының төрайымы Парида Мамедованың қатысуымен өткен  баспасөз конференциясында айтылды. Ағымдағы жылдың 17 мамыр – 29 мамыр уақыт аралығында  ТИК ҚАК өкілдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы штаб мүшелерімен кездесулер, олардың дауыс беру күніне дайындалған тексеру мақсатында сайлау учаскелеріне бару сынды31 іс-шара өткізілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен тәуелсіз бақылаушылар үшін тренингтер өткен болатын. Айта кетейік, бүгінде «Аманат» базасында 459-ден астам бақылаушы оқытылып, толық қамтылу үшін бақылаушылардың жеткілікті саны дайындалған.

Read More

Тараз қаласының «Қарасу 5» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Қазіргі таңда өртті толығымен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Хабарламада бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараз қаласы, «Қарасу 5» шағын ауданындағы  №18 үйдің шатырында өрт шыққаны айтылған. «Департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау келіп түсті. Оны сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды. Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, қазіргі таңда толық бақылауға алынды», – делінген хабарламада. Жергілікті атқарушы…

Read More

Араб мемлекеттері лигасының Білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ALECSO) заманауи қазақ әдебиетінің антологиясын араб тіліне аударып, басып шығару жобасын қолдауға дайын, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Биыл ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми…

Read More

Жамбыл облысында армрестлинг бойынша бапкер бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау және спорт басқармасының армрестлинг бойынша бапкерінің жымқыру дерегі анықталды. Ол жалған алғытөлем есептемелерін ұсыну арқылы іссапар шығындарына бөлінген 8 миллион теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына және жеделдетілген сотқа дейінгі өндірісті қолдану туралы өтінішіне байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Read More

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті. Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. Соққының ауыр болғаны сондай, автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып артынша өртенген.

Read More

Футболдан 2018/2019 жылғы маусымдағы Еуропа лигасында «Челси» топ жарды. Бакуде өткен финалдық ойында ақсүйектер «Арсеналды» 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Лондондық дербидің бірінші таймында жанкүйерлер гол көрген жоқ. Алғашқы минуттарда «Арсеналдың» адуыны байқалса, уақыт өте келе «Челсидің» шабуылы ширай түсті. Командалардың гол соғатын мүмкіндіктері болғанмен нәтиже өзгерген жоқ. Екінші таймда жанкүйерлер тамаша голдардың куәгері болды. 49 минутта Оливье Жиру гол соғып, есеп ашты. Эмерсонның әуелете асырған добына бірінші жеткен шабуылшы баспен бағыттап үлгерді. Петр Чех допты қайтара алған жоқ. «Челси» есепте алға шықты. 60 минутта Педро есепті еселеді. Эден Азар берген тамаша пастан кейін бұл шабуылшы да мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Араға 5 минут сала Азардың өзі пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:0-ге жеткізді. Алаңға…

Read More

Келесі жылы Дубайда өтетін дүниежүзілік көрмеге 25 миллион адам барады деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының жиынында айтылды. Ассамблея жұмысына Қазақстан делегациясы да қатысты. Дубайда өтетін көрмеде еліміз ең үлкен павильондардың бірін орнатпақ. «Астанадағы ЭКСПО көрмесі – өткенде қалған тарихи оқиға емес, бұл осы кезге дейін жалғасып келе жатқан тың жоба. Тұңғыш Президенттеріңіздің еңбегі арқасында жүзеге асқан бастама. Көрмеге қатысушылар ең алдымен оның мән-мағынасы мен мазмұнына қанығуы тиіс», – дейді Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Винсенте Лоссерталес. https://youtu.be/Sd1DsknGiPc

Read More

Өзбекстан мен Германия президенттері арасындағы екіжақты кездесу аясында өзбек жерінде Volkswagen концернімен бірлескен автокөлік өндірісін ашу жоспары бекітілді, – деп хабарлайды Zakon.kz. Мұндай серіктестік құрылатыны туралы ақпарат былтырдан бері пайда болған еді. Ол кезде «Узавтосаноат» пен Volkswagen Өзбекстанда неміс автоконцерніне қарайтын бірнеше брендтердің түрлі модельдерін құрастыру мүмкіндігі қарастырылуда делінген болатын. Өндірісті Volkswagen Amarok пикапын құрастырудан бастау жоспарланған болатын.

Read More

Елорда атауын орыс тілінде қолдануда біртектіліктің болмауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі келесіні хабарлайды, – делінген бас қаланың ресми сайтында. Орыс тілінің нормаларына сәйкес, «қала» сөзінсіз қолданылатын шет тіліндегі географиялық атаулар дауыссыз дыбысқа аяқталған жағдайда септеледі. Мәселен, «население Нур-Султана, подъехал к Нур-Султану, горжусь Нур-Султаном, живу в Нур-Султане». Сонымен қатар, егер жоғарыда аталған атаулар «город» жалпы сөзіне қосымша ретінде қолданылған жағдайда септелмейді: в городе Луисвилл, близ города Мобеж, за городом Санта-Крус. Дегенмен, бұл ереже орыс тіліне бұрыннан еніп кеткен және орыс тілімен меңгерілген шет тілді атаулар, соның ішінде «Нұр-Сұлтан»-ға да қатысты қолданылмайды: в городе Нур-Султане, за городом Нур-Султаном (по аналогии с: в…

Read More

Италияда автобус апатынан зардап шеккен қазақстандықтар алдағы тәулікте Алматыға жеткізіледі, – деп хабарлайды Tarazy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктегілердің мәліметінше, зардап шеккендер қазіргі уақытта Италияда стационарда ем алып жатыр. «Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысана сүйенсек, науқастардың жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған, оларды санитарлық авиациямен тасымалдау қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қос науқасты елге алып келуге дайын. Санавиацияның арнайы борты да әзір және пациенттер біліктілігі жоғары дәрігерлердің бақылауында болады. Санитарлық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, пациенттер алдағы тәулікте Алматыдағы медициналық…

Read More

Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысының Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының пара алғанын әшкереледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ол жеке кәсіпкерден пара алған. «Ол жеке балабақша ашуға оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру үшін жеке кәсіпкерден делдал арқылы жалпы сомасы 150 000 теңге пара алды деп танылды. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.», – деп хабарлады агенттік өкілдері. https://youtu.be/omDZYTZViaQ

Read More

Asus компаниясы екі бірдей экраны бар ZenBook Duo және ZenBook Pro Duo ноутбуктарын таныстырды. Құрылғыда негізгі экран және пернетақта үстінде қосымша дисплей болады, – деп хабарлайды The Verge. ZenBook Pro Duo ноутбугы екіншісіне қарағанда үлкен. 15,6 дюймді OLED-экранмен (экран тұнықтығы 3840:2160 пиксель) жабдықталған. ZenBook Duo болса 14 дюймді. Экран тұнықтығы 1920:1080 пикселді құрайды. Қосымша дисплей арқылы қолданушының мүмкіндігі артады. Әсіресе сенсорлы болуы қолайлы саналуда. Ноутбуктар Intel Core i7 немесе і9 процессорларымен жабдықталған. Видеокартасы – NVIDIA GeForce MX250 немесе RTX 2060. ZenBook Pro Duo ноутбугының салмағы 2,5 кило болса, кішісінің салмағы 1,8 кило тартады. https://www.youtube.com/watch?v=1aqI7EnfbVM Компания жаңа тауарларының құнын жариялаған жоқ. Ноутбук нарыққа…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, – деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі. Елбасы кездесу барысында Владимир Путинге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін тапсырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен әрі қарайғы даму перспективаларын атап өтті. – Бес жыл бұрын, Сіз және Александр Лукашенко үшеуміз осы одақты құрдық. Біз жүзеге асырған бұл идея менің тарапымнан 25 жыл бұрын ММУ қабырғасында ұсынылған болатын. Қиын уақыттарға қарамастан, арамыздағы өзара сауда өсіп келеді. Бірлескен кәсіпорындардың саны артуда.  Еуразиялық экономикалық одақ ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция…

Read More

Токионың Кавасаки қаласында белгісіз адам 19 адамды пышақпен жарақаттаған, – деп хабарлайды РИА Новости. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, жарақат алғандардың екеуі ауыр жағдайда, оның біреуі бала. Жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Қаскөй қолға түскен. Ол өзінің иығын жарақаттап үлгерген, оның жағдайы да ауыр деп хабарланды. Оқиға орнында екі пышақ табылған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар күш көрсетумен қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі»не сілтеме жасап. 2019 жылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қорқытып алынатын соманы алғаннан кейін ҰҚТ-ның екі қатысушысы «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. 2019 жылғы 23-24 мамырда одан әрі іс-шаралар барысында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды. ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Read More

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Султан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялады, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Бұл байқау патриотизм сезімін тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өз жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылғы 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Әндер кез-келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы – елімізде халықаралық құқық талабына сай допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме. Үш жақты келісімнің мақсаты – отандық футбол қауымдастығында допингке қарсы сауатты тәрбие қалыптастыру. Меморандумға ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев және ҚазДҚҰО директоры Майра Бақашева қол қойды. Допингке қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және онымен күресте әлемдегі тенденцияларды сақтау мақсатында биыл отандық клубтардың мамандарына арналған семинар ұйымдастырылады. Олар спортта тыйым салынған әдістердің тізімімен танысады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде футболшылармен…

Read More

Канаданың Альберт провинциясының солтүстігіндегі Хай Левел қаласының жанындағы орман өртеніп жатыр. Қазір жалын шарпыған аумақ 105 200 гектардан асқан, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА CTV телеарнасына сілтеме жасап. Өрт салдарынан 5 000-ға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өртті сөндіру жасағының басшысы Скотт Элиоттың айтуынша, жалын желдің екпінімен солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жылжуы мүмкін. Өртті сөндіруге 600 өрт сөндіруші, 28 тікұшақ, 8 ұшақ, көптеген арнаулы техникалар жұмылдырылған. Жергілікті өрт сөндірушілерге көмек ретінде Британ Колумбиясы, Онтарио, Ханзада Эдуард аралынан жәрдемші жасақтар жіберілді. Бірнеше жолдар жабылған. Жергілікті билік ауа сапасының нашарлайтынын тұрғындарға ескертіп жатыр.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың әкімін қабылдады, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты. Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен…

Read More

2019 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында Көкшетау техникалық институтының базасында І Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың слетін өткізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөліміне сілтеме жасап. Слет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Балаларды және жастарды төтенше жағдайларда әрекет етуге, өзіне және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту. Жамбыл облысының намысын 2 команда қорғайтын болады. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің «Самсон» командасы және Жамбыл облысы Меркі ауданы №9, 18…

Read More

ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Казинформ. Кездесу барысында Ж. Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар, жастардың заманауи ұстанымдары мен моральдық тәрбиесі тақырыбы төңірегінде сөз қозғалды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси бағыттағы ұстанымдарына қытысты сұрақтар қойып, азаматтық пікірлерін білдірді.

Read More

Алматыда қазақ күресінің бір тармағы саналатын белдесуден «Халық барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысының балуан Ғалымжан Қырықбаев үшінші орынды иеленді. Екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» жарысына биыл 1000-ға жуық балуан қатысты. Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасы ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды. Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты. Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу…

Read More

Ел премьер-лигасында бақ сынайтын «Тараз» футбол клубы екінші ойын қатарынан ұтылды. ХІІ турда команда өз алаңында «Тобылға» есе жіберді. Тараздың орталық стадионында өткен ойында қостанайлық клуб 0:1 есебімен жеңіске жеткен. Қостанайлық командаға жеңіс сыйлаған голды 80 минутта Артем Шерстов соқты. https://www.youtube.com/watch?v=QNRL-jjZz3c Тараз өткен турда «Ордабасыға» есе жіберген болатын. Келесі турда «Атыраумен» ойнайды. ХІІ тур ойындарының нәтижелері «Оқжетпес» – «Астана» 1:1 (0:1) Гол соққандар: Муртазаев Роман 45 (0:1), Стоянович Милан 90+1 (1:1) Ескертулер: Жумаханов Санат 49, Алмейда Алвес Данило 53 – Логвиненко Юрий 32, Маевский Иван 32, Постников Евгений 54, Муртазаев Роман 60, Мужиков Серикжан 90+4 Алаңнан қуылды: Мужиков Серикжан 90+4 «Жетісу» – «Қайсар»…

Read More

«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 25 мамыр күні «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz  ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару…

Read More

SpaceX компаниясы Falcon 9 ракетасы арқылы ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті ұшты. Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты. Бұл жерсеріктер – бүкіл Жер планетасын интернет-сигналмен қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланды тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=ytUygPqjXEc «Міне, менің түсірген видеом, миыңыз жарылып кетпесін! Менің есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғаламат көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды…

Read More

Жапонияның екі жүк кемесі Тынық мұхитта (Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта) соқтығысып қалды, – деп хабарлады NHK телеарнасы. Апат салдарынан кеменің бірі суға батып кеткен. Ішінде бес адам болған. Тек капитанды ғана құтқару мүмкін болыпты. Кемедегі өзге төртеуі іздестірілуде. Апат түнде болған, тұман салдарынан еш нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген кеме Осакаға бара жатқан. Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.

Read More

Канн кинофестивалінің бас жүлдесі оңтүстіккореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразит» фильміне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап. Бұл трагикомедияда байдың үйіне жұмысқа орналасқан жарлы отбасы туралы бейнеленген. Британдық актриса Эмили Бичем «Крошка Джо» психологиялық драмасында әйел рөлін жақсы сомдағаны үшін жүлде алды. Испан актері Антонио Бандерасқа Педро Альмодовардың «Боль и слава» фильміндегі ер адам рөлін үздік орындағаны үшін жүлде табысталды. Сондай-ақ, 72-ші Канн кинофестивалінде қазылар алқасы франко-сенегалдық режиссер Мати Диоптың «Атлантик» фильмін ерекше атап өтті. Бұл фильмде отанында әйелдерін қалдырып кеткен мигранттардың тағдыры көрсетілген. Диоп кинодағы ерекше жетістігі үшін Бас жүлде алды. Канн кинофестивалінің 72 жылдық тарихында бұл…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэриленд штаты) өткен бокс кешінде чилилік Луис Норамбуэнаны жеңді. Нәтижесінде мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Төрешілер бағасы бойынша 60-54, 60-54 және 59-55 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп келеді. Үш кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты. 

Read More

25 мамыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен және ұмытылмас оқиға өтті. Еліміздің жетекші оқу орны өзінің 85 жылдығын және Түлектер күнін атап өтті. Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды. Тұңғыш рет экс-студенттердің слеті 2014 жылы өтті, ал Түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бақытты студенттік кезең, өмірдегі ұмытылмас сәттер университетпен байланысты. Өткен жылдарды еске алу, көптен күткен кездесу барлығы түлектерге күш-қуат беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерін сақтап, альма-матер өмірі жайында да үнемі…

Read More

Биыл Жамбыл облысында 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітірді. Олардың 300-ден астамы «Алтын белгі» төс белгісіне және 245 түлек үздік аттестатқа үміткер. Оның 67 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Бүгін аймақтағы 446 мектепте соңғы қоңырау соғылып, ұстаздар мен оқушылар оқу жылын қорытындылады. Мектептерде оқу жылының аяқталуы мен түлектерді шығарып салу құрметіне арналған салтанатты шаралар өтті. Биыл аймақта жергілікті 292 орта мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартқан болатын. Мол дастархан, сәнді киім, серуендеуге арналған кортеж жалдап шығынға батпас үшін оқушылар осындай тоқтамға келді. Оның орнына қайырымдылыққа жұмсауды жөн санаған. Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес, мектеп бітіру кешіне орта есеппен ұл баланың…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0,20 КО) шаршы алаңға оралады. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жекке шықпаған отандасымыз келесі кездесуі қашан және қайда өтетінін ресми түрде хабарлады. – Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5-ші шілде күні Алматыда Кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында қазақстандықтар боксшылардың дүниежүзі елдерінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізетін кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегін араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді. Жақын арада барлық сұрақтарға жауап беретін пресс-конференция өтеді. Сонда керемет бокс кеші туралы толық мәліметті ұсынатын боламыз! – деп жазды боксшы Instagram…

Read More

Лион қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, кеше Францияның Лион қаласында жарылыс салдарынан 13 адам жарақат алып, 11 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алды. «Француз құқық қорғау органдарының біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ» деп мәлім етті министрліктен.

Read More

Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Биыл 143 089 оқушы мектеп бітіруде. Статистикаға көз салар болсақ, 10 жыл ішінде 1 598 641 оқушы үлкен өмірге қадам басқан. Ең жоғары көрсеткіш 2012 жылы тіркелген. Осы жылы 172 762 оқушы мектеп бітіріпті. 10 жыл ішіндегі мектеп бітірушілер саны: 2009 жыл – 152 199 оқушы; 2010 жыл – 142 976 2011 жыл – 151 448 2012 жыл – 172 762 2013 жыл – 168 774 2014 жыл – 149 895 2015 жыл – 133 309 2016 жыл – 129 406 2017 жыл – 127 369 2018 жыл – 127 414 2019 жыл – 143 089 Айта кетейік, биыл 77 мыңға жуық оқушы Ұлттық бірыңғай…

Read More

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2018/2019 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Алтын бутсы» марапатына ие болды. Аргентиналық футболшы осы маусымдағы Испания ла лигасында 34 ойынға шығып, 36 гол соққан. 13 нәтижелі пас берген. Нәтижесінде 72 ұпаймен Еуропа чемпионаттарындағы ең үздік сұрмерген атанды. Месси «Алтын бутсы» марапатын алтыншы рет иеленіп, өз рекорд жаңартты. Ол 2010, 2012, 2013, 2017 және 2018 жылдары да үздік атанған болатын. Мессиден кейінгі орынға «ПСЖ» ойыншысы Килиан Мбаппе  орналасқан. Ол Франция чемпионатында 33 гол соққан. Үшінші орында – Фабио Квальярелла (26 гол). Айта кетейік, Еуропаның үздік бес чемпионатында (Англия, Германия, Испания, Италия, Франция) гол соққан ойыншыларға 2 ұпайдан берілсе, өзге елдердің чемпионатындағы ойыншылар деңгейіне қарай…

Read More

Ресейлік «Первый канал» арнасы «Голос.Дети» шоуында финалға шыққан қатысушылардың барлығын жоба жеңімпазы ретінде таныды. Олардың қатарында отандасымыз Ержан Максим де бар. Конкурстың арнайы шығарылымы тікелей эфирде өтті. Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Ең бірінші Пелагея, одан кейін Светлана Лободаның командасында болған жас таланттар шықты. Соңғы болып Валерий Меладзенің шәкірттері өз өнерлерін паш етті. Жарыс жеңімпазы болып ең бірінші Ержан Максимнің есімі аталды. Ол арнайы шығарылым кезінде «Адажио» әнін орындады. – «Первый канал арнасында ештеңе сатылмайтынын сен енді білетін боласың, – деді арнаның бас директоры Константин Эрнст жобаның тікелей эфирі кезінде. Ержаннан өзге Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады. Қазақстан Президенті Ұлттық гвардияның командалық құрамы мен әскери қызметкерлермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне жеке тоқталды. «Кредиторлық қарыздар әсіресе баспанаға төлем – өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу бойынша түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі…

Read More

В Жамбылской области предприниматель подарил многодетной семье квартиру, сообщает ZhambylNews. Жительница города Жанатас Нургуль Конысбаева на протяжении долгих лет самостоятельно не могла приобрести жилье. «У меня не было дома. В жизни я видела много трудностей. Я рада, что у моей семьи теперь есть крыша над головой –  двухкомнатная квартира. Я и не надеялась, что у меня появится собственное жилье», – рассказывает Нургуль. © zhambylnews.kz Счастье семье подарил предприниматель Фархат Шайымқұлов. Ранее бизнесмен обеспечил несколько малообеспеченных семей продуктами и другими товарами первой необходимости, по возможности мужчина всегда участвует в благотворительной деятельности. «Видя много нуждающихся семей и их плохие условия жизни, я решил, что…

Read More

Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғашқы жеке альбомы шығатын күнді айтты. Бұл туралы әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Туған күніме орай алғашқы жеке альбомымның шығатын күнін хабарлаймын. 14.06. 2019», – деп жазды Димаш Құдайберген. Еске сала кетсек, Димаш 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда жеке кешін береді.

Read More

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап. – 26 мамырда түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. 26 мамырдан 27-не қараған түні солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Сондықтан кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 26 мамырдың кешінде Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі, – деп ескертеді синоптиктер. Сондай-ақ, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні жылдамдығы секундына…

Read More

29 маусым күні Нұр-Сұлтанда президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтеді деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. ОСК Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулыны қабылдады. «Қабылданған қаулымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар өткізілетін күн анықталды. Ол 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Хабар» агенттігі АҚ-ның телевизиялық арнасы эфирінде көрсетіледі», – деді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен. Оның сөзінше, қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. Телепікірталас 3 раундқа бөлінген. Бірінші раундтың тақырыбы – «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турды…

Read More

Facebook компаниясы 2018 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың наурызы аралығында 3 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған. Бұл өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп, – деп жазады Associated Press. Компания өкілдері хабарлағандай, әлеуметтік желіге тіркелушілердің 5%-ы жалған аккаунттар екен. Олар желіні бір айдай уақыт қана қолданатын көрінеді. Спам мен жалған ақпараттарды таратып, желі ережесін бұзады. Тіпті ондай жалған аккаунттардың көпшілігі ашылған бойда өшіріледі екен. Facebook желісі қолданушылардың жалған ақпараттарды таратпауымен күресіп келеді. Күдікті аккаунттарды да бақылаудан тыс қалдырмайды.

Read More

Украинаның президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінен кету жайлы петицияны қарастырмайтынын мәлімдеді, бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Богданның сөзінше, Зеленскийдің командасы бұл петицияны «күлкілі әзіл» деп қабылдаған. Саясаткердің айтуынша, президенттің өз өкілеттігін тоқтатуы заңда белгіленген және бұл ұсынысты олар қарастырмайды. Богданның сөзінше, бұл петиция Зеленскийдің әрекетіне халықтың бір бөлігі көңілі толмайтынын көрсетеді. Оның айтуынша, жаңа президенттің командасы ол адамдарды өз жағына қарату үшін қажет деген іс-шаралар жасайды. Зеленскийдің қызметінен кету туралы петиция 22 мамырда тіркелді. Бір тәулікте оған 25 мың адам қол қойған. Бұл жағдай мемлекет басшысын петицияға қарауға міндеттейді. Материалдық дайындау барысында қол қоюшылардың саны 40 мың болды. Кейін Украина президентінің сайтында Зеленскийдің қызметінен кету…

Read More

Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында замануи әдістер қолданылды. Соның бірі Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және KAZAUTOZHOL логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды. «Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556-шақырымында, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567-шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері…

Read More

ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялаймын, – деді Президент мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде. Оның сөзіне қарағанда, экономикадағы мемлекеттің шекарасын нақты айқындау керек. Қиын-қыстау  кездері мемлекет үнемі өзіне экономикалық өсімді қолдаудың жүктемесін алып келді. Экономиканың жүйелік бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын ұмытпау керек. Сондықтан экономикада мемлекеттің үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына дейін жеткізу мақсаты қойылған болатын», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, бұл өз кезегінде жеке инвестицияларға, сондай-ақ шағын…

Read More

1 маусымынан бастап жыл сайынғы «Көкнәр-2019» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталады, ол жабайы өсетін есірткі өсімдіктерінің заңсыз егістіктері мен аумақтарын анықтауға және жоюға, есірткінің заңсыз таралуына қатысы бар тұлғаларды ұстауға және есірткі арналарының жолын кесуге бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов Жамбыл облысының Шу қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметовпен бірге Полиция департаментінің «Дельта-Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңіраралық бөлімінде болып, бөлімнің жеке құрамымен танысты, сондай-ақ қызметкерлер қолданатын техникалық құралдар мен жабдықтарды…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев бірінші орта салмақта WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) жүйесіне енетін NABF Junior (Солтүстік Америкадағы бокс федерациясы) чемпиондық белбеуіне ие болды. Отандасымыз мансабындағы маңызды жекпе-жегін Аризона штатындағы Тусон қаласында өткізді. Жергілікті боксшы Сесил Маккалламен жұдырықтасып, қарсыласына мықтылығын мойындатты. 10 раунд қорытындысы бойынша Мадияр төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті. Айта кетейік, Мадияр Әшкеев Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта отбасымен АҚШ-тың Майами қаласында тұрады. осыған дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіс жетіп келеді. Ал мансабында алғаш рет чемпиондық белбеуді иеленді.

Read More