Автор: admin
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев Сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарын жою, алдын-алу мәселелері туралы баяндады. Профилактикалық және диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға тоқталған ол жыл басынан бері сібір жарасына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан 466 390 бас МІҚ, 3 026 700 бас ұсақ мал, 134 600 бас жылқы, 9800 бас шошқа, 5090 бас түйе вакцинациялаудан өткенін айтты. Облыс бойынша 189 сібір жарасы ошағы көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып, қоршалып, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген. Дегенмен, жыл басынан бері сібір жарасы ауруына күдікті ретінде 11 адамнан сынама алынып, 5 адамнан…
«Үйі жоқтың күйі жоқ». Жамбылда 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы 7140 тұрғын баспана кезегінде тұр, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ретте биыл өңірде «Әулиеата жастары» бағдарламасы іске қосылмақшы. Шілде айының 20-нан құжат қабылдауды бастайтын бұл бағдарлама негізінде осы жылы 35 жасқа дейінгі 50 отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. «Жаңа бағдарламаны облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп жүзеге асырады. Баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен заем алуға 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы мұғалім, дәрігер, мейірбике, спорт және мәдениет саласының маманы, журналистер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге мүмкіндік бар. Бағдарламаға қатысушылардың жұмыс өтілі 12 айдан кем…
Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды. Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік…
Қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» атты қор құрылып, қалталы азаматтар ақша аудара бастаған еді. Міне, содан бері қор атаулы көмек көрсету және даму бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыс істеп келеді. Бүгінде қордан көмек сұрағандардың ішінде азқамтылған және көпбалалы отбасылар көп. Дегенмен, қор ең алдымен ерекше қажеттілігі бар балалардың аяққа тұрып кетуіне барынша ықпалдасуда. Бұл расында Балалар жылы қарсаңында қолға алынған игі шарпалардың бірегейі. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айрықша атап өтіп, қордың жоба-жоспары, бағыты туралы кеңінен айтып берді. Жалпы облыста ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала болса,…
Халықтың әлеуетін артыруда әлеуметтік саланың салмағы ауыр. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесі қашан да өзекті, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде осыған ерекше назар аударған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендету күтілуде екенін жеткізді. — Алдағы уақытта әкімдердің жұмысы құрылған жұмыс орнына қарай бағаланатын болады,-деді аймақ басшысы. Жалпы, облыста Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша берген тапсырмасы шеңберінде 11 мың жаңа жұмыс орны ашылған десек, оның 3 мыңға жуығы тұрақты. Ал, 2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55…
Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың балалары үшін Алматы облысында және Щучинск қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерьлер жұмысын бастады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағына бір апталық жазғы демалысқа шалғай гарнизондардан 12-14 жас аралығындағы балалардың алғашқы тобы келіп жетті. Олардың арасында спорттың әр түрі бойынша республикалық жарыстарға қатысқан оқушылар бар. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық балалар лагерінің бірінші ауысымының ашылу салтанатына Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Серік Борамбаев қатысты. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде сендер демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, болашақ Отан қорғаушыға қажетті білім мен біліктеріңді де…
Жамбыл облысында жарты жылда кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Сонымен қатар, екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінген (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді), — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық»,- дейді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов. — Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Бүгінге дейін штабтың 7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралды. Оның 17-сі жаңа жобалар. Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған…
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Егер, сізге қоңырау соғып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырса, күмәнді операциялар туралы хабарлап, банк картасының нөмірін, хабарлама арқылы келген кодты және құпия сөзді атауды сұраса, БҰЛ АЛАЯҚТАР!!! Банк қызметкерлері аталған мәліметтерді сұрап хабарласпайды. Дереу байланысты тоқтатып, банктің жедел желісіне қоңырау соғыңыз, не болмаса жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне жүгініңіз. Сонымен қатар, сіз ОLХ сайты арқылы тауар сатып жатсаңыз, сізге «сатып алушы» байланысқа шығып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы сатып-алуды рәсімдеуді ұсынуы мүмкін, әрі қарай банк картасының реквизиттерін қалдыру қажет болатын қосарлы сайтқа сілтеме жолдайды. Сеніп қалмаңыздар! Бұлар интернет-алаяқтар, аталған сайтта курьерлік жеткізу қызметі жоқ. Мұқият және сақ болуыңызды сұраймыз!
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты. Баласағұн орталық концерт залында өткен жиында алдымен ҚР ҰҚК-нің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Ермек Сағымбаевтың құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік қомитетінің 30 жылдағы жеткен жетістіктері бейнеленген фильм көрсетілді. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірдегі сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысының маңыздылығына тоқталды. — Сіздер елдегі заң мен құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы Сіздердің қызметке тікелей байланысты.Сондықтан да, ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие, күрделі сала.Кез келген ел дамуының, алға қарай…
Ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйінен кетіп қалуының 78 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8% — ға аз. Статистикалық талдау көрсеткендей, жасөспірімдердің рұқсатсыз үйден кетуінің негізгі себептері — отбасындағы жанжалдасу, ата -аналардың жұмысбасты болуы, соның салдарынан балалардың бос уақыты мен байланысына бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген құштарлық, отбасылық күйзеліс және жасөспірімнің сенімділікке деген ұмтылысы және бақылаудан шығып кетуі. Кездейсоқ кетіп қалу сирек кездеседі, балалар үйден ұзап кеткен кезде, автобусқа мінгенде тұрғылықты жерін таба алмай адасып кетеді. Мысалы, 6 маусымда бұрын бірнеше рет қашып кеткен 16 жасар жасөспірім үйден кетіп қалды. Бала…