Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

    18.11.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    “Ұзынағаш — Отар” автожолы қолданысқа берілді

    17.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 21 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

      18.11.2025

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      “Ұзынағаш — Отар” автожолы қолданысқа берілді

      17.11.2025

      Абай университетінде агробиостанция ашылды

      11.11.2025

      Саяси элитадағы ағайындылар

      10.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мұратбаев мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды

    Мұратбаев мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды

    Өңір тынысы 29.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сан-саланы қамтитын жөндеу жұмыстарының бір шарапаты білім саласына бұйырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі

    Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қашықтықтан оқытуға көшкен білім нысандарын құр қаңыратпай, құрылыс алаңына айналдыруды тапсырған. Соған сай №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Көп ұзамай №2,№4,№22,№16 орта мектептерінде де бұл жұмыс жалғасын табады. Кейбірінің орнына жаңа оқу ордасын салу жоспарлануда.

    Тірлікті тиянақты, дер кезінде аяқтау мақсатында қала әкімі Айтқазы Қарабалаев білім нысандарындағы құрылыс барысын барлады. Сондай-ақ, сыртта орналасқан әжетханаларды оңтайландыру жұмыстарымен танысты.

    Бұл тізімде 7 мектеп бар. Оның екеуі жаңадан салынатын мектеп есебінен реттелсе, бесеуіне тиісті қаржы қарастырылып, құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сай, олар кәріз жүйесі жалғанған және мектеп ішінде орналасуы қажет. Қала әкімі қолға алған істі күнделікті қадағалап құрылыс басына жиі барып тұратын болады.

    Таяуда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова және Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді.

    Алдымен «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына ат басын бұрған өңір басшысы ондағы оқу кабинеттері, жатақханалар, акт және спорт залдарымен танысты. Оқу ордасында үш жүзге жуық оқушы білім алуда. Олардың білім көрсеткіштері үнемі жақсы деңгейде. Түлектердің көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде грант бойынша білім алуда.

    — Лицейде оқыту ісі тиісті деңгейге қойылғаны белгілі. Мұндай оқу орындарын біз кеңейтіп, оқушылар контингентін арттырып, балалардың санын 400-ге дейін жеткізуіміз керек. Лицейдің Назарбаев Зияткерлік мектебінің баламасы болуға әлеуеті жетеді. Ол үшін бәсекеге қабілетті болу, материалдық-техникалық базаны жақсарту, оқу процесін жетілдіру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев лицей директоры Нұрбақыт Болтаевқа.

    Бұдан соң аймақ басшысы Тараз қаласындағы №2 орта мектептің жай-күйімен танысты. Оқу ордасының негізгі ғимараты 1924 жылы бой көтерген десек, бүгінде оның әбден тозығы жеткен. Бердібек Сапарбаев бұл орайда қала әкіміне жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды уақыт созбай әзірлеуді тапсырды.

    — Құрылысты тез арада бастап, осы жылы аяқтау керек. Дизайн мен қала құрылысының заманауи талаптарына сай келетін мектеп салу керек. Құрылыс кезінде іргелес аумақтағы барлық ағаштарды сақтап қалу маңызды, — деді облыс әкімі.

    Мектеп директоры Светлана Гурскаямен әңгіме барысында облыс әкімі мектеп түлектерімен жақсы байланыс орнату, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ата-аналар комитетінің рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды.

    Осы орайда білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмила Бекбатыроваға да бірқатар тапсырма жүктелді. Қазір оқушылар қашықтан  білім алып жатқандықтан, облыс мектептерінде жөндеу жұмыстарын алдын ала бастай беру мүмкіндігі ескерілді.

    Сондай-ақ, өңір басшысы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектепте болды. Мектеп директоры Зәуре Дүзенова оқу кабинеттерімен таныстырып, білім ордасының қызметі туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта мұнда жетінші сыныптан бастап оқитын 490 бала білім алуда. Негізінен олардың көбі Тараз қаласының тұрғындары.

    Өңір басшысы мектеп директорына облыс аудандарының да оқушыларын қабылдауға баса мән беру керектігін ескертті. Ал оқу үрдісінде уақыт талабына сай техникалық мамандандыруға  айрықша назар аударудың маңыздылығын жеткізді.

    құрылысшы Тараз

    Оқылып жатыр

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты Алматыда өтіп жатыр

    18.11.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    “Ұзынағаш — Отар” автожолы қолданысқа берілді

    17.11.2025

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.