Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026

      Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

      02/11/2026

      Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

      02/11/2026

      Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту халықаралық тәжірибе және Қазақстан

    Деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту халықаралық тәжірибе және Қазақстан

    Ел іші 21/11/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Деструктивті діни ағымдардың ерекшелік сипаттамасы азаматтардың әлеуметтік, мүліктік, және құқықтық еркіндіктеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасау болып табылады. Қарапайым азаматтың деструктивті дін ортасына түсуінің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Көп жағдайда оның ең басты  факторлары әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен психологиялық босаңдық, сонымен қатар азаматтардың діни сауатының жеткіліксіздігі болып табылады. ҚР ҰҚК мәліметтеріне сәйкес қазақстандықтардың деструктивті діни ағымдарға тартылу динамикасы төмендемей отыр. Дін ұстанушылардың радикализациялау процесі жалғасуда. Ол бойынша деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту әдістерінің, сонымен қатар олардың таралуының алдын алу жұмыстары бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр.

    Аурулардың халықаралық классификациясына сәйкес сектомания (деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсушілік) психологиялық – психиатриялық ауытқу болып табылады және тәуелділік белгілері бар. Осылайша, мұндай ауытқушылық «тұлғаның тәуелділікке шалдығуы» деген атпен халықаралық классификацияның реестріне тіркелген. Әлемнің көптеген елдерінде тұлғаның дамуына дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс ықпалының фактісі мойындалған. Еуропалық парламенттің 1996 ж. 12 ақпанындағы «Еуропадағы секталар туралы» Қаулысында заңсыз немесе қылмыстық әрекеттерге тартылған секталарға, діни ұйым статусын бермеу, сонымен қатар қазіргі ұйымдардың деструктивті сипаттағы әрекеттері байқалған жағдай болса, оларды бұл статусынан айыру туралы мәселе көтерілген.

    Тұтастай алғанда, теріс ықпалға түскен адамдарды анықтауға процесінің халықаралық тәжірибесіне сараптама жасаудың негізі екі институттың қызметіне келіп тіреледі:

    • дін мәселесі жөніндегі әлеуметтік-психологиялық және кеңес беру жөніндегі орталықтар;

     мониторингтік және барлау институттары

    Халықаралық тәжірибеде оңалту бойынша жасалатын жұмыс  деңгейінің: діни, психологиялық, әлеуметтік (отбасы, қоршаған ортасы), кәсіптік, білім беретін, шығармашылық және қалпына келтіру сияқты 7 бағытын бөліп көрсетуге болады. Олардың көбі бірге әрекет ете алады. Оңалту жұмыстарының астарында, ол арқылы қамтылған бағыттар көп болса, оның нәтижесі де сондай дәрежеде болады.

    Оңалту процесі диагностикадан басталады, себебі адамның деструктивті ағымдар қатарына қосылуға итермелеген себептерді, сонымен қатар ол адамға тән психологиялық сипаттаманы анықтап алып, соған сәйкес оңалту жұмыстары бойынша жеке жоспар құру керек. АҚШ Иракта баяндау негізіндегі сұхбат әдісін қолданған болатын. Бұл жерде оңалту процесі адамды қамауға алған сәттен басталғанын атап өткен жөн. Сұхбат кезінде тұтқынның психологпен, дін өкілімен және педагогпен әңгімелесу өткізіледі. Осы үшеуі тұтқын адамның дін туралы әңгімеге ашықтығын, білім деңгейіне, психологиялық және т.б. жағдайына баға береді.

    Қазақстанда деструктивті діни ағымдар құрбандарын оңалту мәселелері Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында қарастырылған:

    •   радикалды діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және өтеген адамдарды райынан қайтару, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыруда уәкілетті мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы, құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимылының тетігін жетілдіру;
    • радикалды діни идеологияның ықпалына түскен адамдарды райынан қайтару, оңалту және кейіннен әлеуметтік қайта бейімдеу жөніндегі орталықтардың қызметін одан әрі қамтамасыз ету;
    •   деструктивті діни ағымдарды жақтаушылармен, экстремизм және терроризммен байланысты баптар бойынша сотталғандармен, олардың отбасыларымен дәлме-дәл және атаулы оңалту жұмыстарын жетілдіру;
    •   діни оңалту орталықтарының нысаналы топтармен және діни экстремизм мен терроризм үшін бас бостандығынан айырылған адамдармен, оның ішінде осындай әрекеттерді жасағаны үшін азаматтығынан айыру мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту және тереңдету.

    Институционалдық деңгейде оңалту мен алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар және ҚМДБ араларында ынтымақтастықты орнату бойынша жоспарлы жұмыс атқарылуда. Осылайша, республиканың барлық аймақтарында ақпараттық-түсіндіру топтары құрылған, олардың құрамына жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдардың, дінбасылар, ғылыми қауымдастық мүшелері, теологтар, дінтанушылар және т.б. кіреді. 

    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Саясаттану»  кафедарсының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы

    дін Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Атақты Исматулла тергеуге ілікті

    27/10/2026

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Қазақстан мен көрші елдерде бала күтіміне қанша төленеді?

    24/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

    02/11/2026

    Қазақстанда мәслихат депутаттығына үміткерлердің үгіт-насихат науқаны басталды

    02/11/2026

    Сәтбаев университеті SU Labs Street жобасын таныстырды

    31/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.