Close Menu
    Оқылып жатыр

    Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

    11.03.2026

    Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

    11.03.2026

    IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

    11.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

      11.03.2026

      Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

      11.03.2026

      IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

      11.03.2026

      Қазақстанда Ресейден қашқандардың құжаттары тексеріледі

      11.03.2026

      Павлодарлық полицейлер шенеуніктің жұбайын жазалады

      11.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 5 бағыт қарастырылып отыр — Мырзахметов

    Халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында 5 бағыт қарастырылып отыр — Мырзахметов

    Өңір тынысы 17.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тұрғындардың тұрмысын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта өңірде қолға алынып отырған ауқымды пилоттық жобаға старт беруге облыс сақадай-сай. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов баяндады.

    Ашығын айту керек, ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту. Осы орайда бұған дейін хабарлағанымыздай облыс әкімінің өзі бастаған жұмысшы топ өңірдегі барлық аудан, ауылдық елдімекендерге арнайы барып, 138 мың аула толық зерделенген болатын. Талдау нәтижесі көрсеткендей, салыстырмалы түрде тұрғындар қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдыра алмай отыр. Себеп – тиісті ұйымдастыру жұмыстарының жоқтығы.

    Осы тұрғыда зерделеу барысында тұрғындардың ұсыныстарымен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылып отыр. Олар: үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы (пайлық) жерлерді тиімді пайдалану, үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру, қосалқы шаруашылықтарды жемісті жүргізуге қолбайлау-мәселелерді кооперативтер арқылы шешу және ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру. Бұл 5 бағыт бойынша жалпы құны 46,4 миллиард теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру мүмкіншілігі анықталып отыр.

    Нәтижесінде 131 мың отбасы немесе 600 мыңнан астам адам айына орташа есеппен 128 мың теңге көлемінде тұрақты табыспен қамтылып, 68 мың тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкерге айналады деп күтілуде. Сол секілді, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 34 пайызға ұлғайып, Сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 30 пайызға артуы есептелген. Бұл әлбетте жалпы жұмыстың түпкі табысына айналмақ.

    Әйтсе де ,ә дегеннен пилоттық жобаның жемістілігіне көз жеткізу үшін әрі жұмыстың үлгі-бастауы ретінде облыстың он ауылдық округі таңдалып алынып отыр. Ол – жоспарлы жұмыстың алғашқы кезеңі болмақ. Асқар Исабекұлы Үкімет басшысына алғашқы кезеңде атқарылар жұмыстарды жан-жақты ақпарлады. Он ауылдық округ бойынша 7 мыңнан астам аула қамтылады десек, онда 1117 гектар үй іргесіндегі жерлер бар. Шара барысында сол жерлерді ұтымды ұқсатудың жолдары нақты жүзеге аспақ.

    Бау-бақшалықтың тиімділігін есеслеуде жылыжайлардың, мал шаруашылығын көтеруде кооперативтердің маңыздылығы ескерілген. Сондай-ақ, ол үшін сапалы тұқым, көшет, тыңайтқыштарды тауып, жеткізіп беру, тіпті, тапшы техника мен қажетті мамандармен қамту мәселесі де оңынан тарқатылмақ. Айта кетейік, зерделеу барысында мұндағы әр ауылдық округтың табиғаты, жері, суы ескерілген. Нақты нәтижеде өнімділіктің 2-4 есе өсіміне қол жеткізу жоспарланған. Пилоттық ауылдық округтерде қосалқы шаруашылықтан бөлек 137 шағын жобалардың тізімі жасақталып, жүзеге асырудың жол-жобасы бекітілген.

    Өңір басшысы жобаны қаржыландыру шарасы әкімдікке кредит беру жүйесімен «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асыру ұсынылатынын айтып, әкімдік, ары қарай сенім Агенті арқылы 2,5 пайыздық несие ретінде тұрғындарды, кооперативтерді қаржыландыратынын жеткізді. Бүгінде несие алушылардың алғашқы базасы түзіліп үлгерілген.

    Жалпы, он ауылдық округ бойынша жобалардың іске асуымен 7 мың отбасы немесе 35 мың адам келесі жылдың қорытындысымен айына кемінде 104 мың теңге (өсім 2,5 есе) табыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 2229 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар міндетті зейнетақы, салық және басқа да төлемдерді төлейтін кәсіпкерлерге айналмақ.

    «Біз Жобаны іске асыруға дайынбыз. Әкімдікке қатысты барлық ұйымдастыру пысықталған. Соның ішінде бюджеттік әкімші болатын ауыл шаруашылық басқармасының штаттық саны 18 қызметкерге көбейтілді. Аудан, ауыл әкімдерінің арнайы жұмыс алгоритімі бекітілді, тиісті жұмыс топтары құрылды және жауапты мамандар оқытылды. Пилоттық ауыл округтерінде бірнеше кездесулер өткізіліп, кооператив төрағалары анықталды», — деді өз сөзінде облыс басшысы Асқар Мырзахметов.

    Өз кезегінде премьер-министр Асқар Мамин бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, қолдайтынын білдіріп, тиісті шешімдердің дер кезінде рәсімделуін назарға алатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға пилоттық жобаның механизімін ұйымдастыруды тапсырды.

    Асқар Мырзахметов

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Иранға шабуылдаған АҚШ 1 аптада 6 млрд доллар жоғалтты

    11.03.2026

    Алматыда жоғалып кеткен бойжеткен дәретханадан табылды

    11.03.2026

    IBF ұйымы Жәнібек Әлімханұлынан чемпиондықтан айырды

    11.03.2026

    Қазақстанда Ресейден қашқандардың құжаттары тексеріледі

    11.03.2026

    Павлодарлық полицейлер шенеуніктің жұбайын жазалады

    11.03.2026

    Қазақстандағы балалардың 60%-ы смартфонға байланған

    11.03.2026

    Вьетнамда жоғалған бойжеткен табылды

    10.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.