Close Menu
    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026

      Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

      20/10/2026

      Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

      20/10/2026

      Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

      20/10/2026

      Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

    Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті

    Өңір тынысы 03/06/2019
    Сурет Ақорда сайтынан
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

    Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты.

    Қазақстан Президенті Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аударды.

    «Облыстағы орташа жалақы мөлшері — 112 мың теңге. Бұл — елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. 1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру қажет», — деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптің мүмкіндігін толық пайдаланып, индустрияландыру жобаларын іске асыруда заманауи технологиялық өндіріске баса мән беру керектігіне тоқталды.

    «Өңдеу өнеркәсібіне, әсіресе, химия кластеріне ірі инвесторларды тарту қажет. Үкімет пен әкімдікке осы мәселені нақтылауды тапсырамын. Бұл — экономиканың орнықты дамуына ықпал етеді, еңбек өнімділігін арттырады. Өңірдегі өндірістің даму көзі «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болуы қажет», — деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің төмен екенін айтты.

    «Жергілікті әкімдік агросектор саласының мамандарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Облыста қант қызылшасы, жеміс және көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бастап шетелден әкелінетін шикі құрақ қантына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Қазақстан Президенті өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар баршылық екенін атап өтіп, туризмді дамыту қажеттігін айтты.

    «Аймақтың туристік әлеуетін арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл бағытта шетелдік озық тәжірибелерді ескерген жөн. Үкімет туризмді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама дайындауда. Жамбыл облысы тарихи көрнекті орындарға өте бай. Өңірдегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар — халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек. Оған облыстың ресурстары жеткілікті», — деді Мемлекет басшысы.

    Аймақтар арасындағы алшақтықты азайту қажеттігін айтқан Қазақстан Президенті Жамбыл облысындағы шағын қалаларды дамыту туралы ойын ортаға салды.

    «Моно және шағын қалалар — өз алдына бөлек мәселе. Жаңатас, Қаратау секілді шағын қалалардың әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамытамыз. Бұл шаралар, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлық мәселесіне де тоқталды.

    «Жемқорлықты түбегейлі жойғанша күресеміз. Әкімдерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Ел экономикасының дамуы және халықтың әл-ауқатының артуы осыған тікелей байланысты. Жемқорлықпен күрес — менің Президент ретінде негізгі мақсаттарымның бірі. Бұл іске аймақ өкілдері белсене араласуы керек», — деді Қазақстан Президенті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық, ауылдық елді мекендердегі жолдарды жақсартуды, білім беру нысандарын көптеп салуды, сол арқылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін реттеуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жастарға әрқашан қолдау көрсетілетінін және білікті мамандардың шығармашылықта, қызметтік сатыда өсуі үшін кедергі болмауы керектігін айтты.

    «Әкімдіктердің жанындағы Жастар кеңесі олардың қызмет бабында өсуіне қажетті баспалдақ болуы тиіс. Біз мемлекеттік қызметте ғана емес, білім мен ғылым, мәдениет пен спорт, бизнес және басқа да салаларда дарындардың дара шығуын қолдаймыз. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жастардың бизнес бастамалары мен стартаптары қолдау табады», — деді Қазақстан Президенті.

    Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жұмысын күшейту қажеттігін ескертіп, өңірдегі мал ұрлығы мен есірткі саудасына тосқауыл қою керектігін атап өтті.

    «Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет. Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек. Сондықтан, әкімдіктер мен жергілікті полиция барымтаға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет. Есірткі қылмысының ушығуы  — бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі. Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет!», — деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында дәрігер, мұғалім және кәсіпкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Марапатталғандар: Мойынқұм аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Айтишев, «Кнауф-гипс Тараз» ЖШС директоры М.Бекназаров, Jasau Taraz жеке кәсіпкерлігі басшысы А.Бексұлтанова, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Озықбаева және «Агроспецстрой» ЖШС бас директоры М.Рахымбердиев.

    жұртшылық Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    Давид Дегтяров Жапонияда рекорд жаңартты

    19/10/2026

    8 ақпан — ораза басталады: Мүфтият келер жылдың діни күндерін белгіледі

    19/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.