Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 7 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

      06/11/2026

      Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

      06/11/2026

      Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

      06/11/2026

      1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

      06/11/2026

      Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

      05/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтуде

    Құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтуде

    Ел іші 11/08/2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін құрылыс саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Тамыздың екінші жексенбісі құрылысшылар күні болып бекітілген, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.

    Құрылыс саласы – ел экономикасының маңызды секторларының бірі. Орталық коммуникациялық қызметі ұсынған статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта 53 мың компанияда шамамен 648 мың құрылыс саласының маманы жұмыс істейді. Олардың қатарында бетоншылар, сәулетшілер мен тас қалаушылар, жол құрылысының мамандары бар. Жол құрылысы – көлік логистикасы мен жолаушы тасымалы үшін өзекті сала. Қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық желіге, ал 70 мың шақырымы жергілікті желіге жатады. Атаулы күн құрылыс саласындағы автожол инфрақұрылымын дамытуда еңбек етіп келе жатқан жолшы қызметкерлерді де біріктіретін кәсіби мереке.

    Мереке қарсаңында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесі де ерекше құрметке бөленіп, бірнеше қызметкер марапатқа ие болды. Салтанатты іс-шара Астана қаласында өтті. Мерекелік жиынға қатысқан ЖАҰСО Алматы филиалының директоры Мәулен Әліпов ауқымды басқосу жол саласын ары қарай дамытуға септігі тиеді деген пікірде.

    «Мерекелік салтанаттың ауқымы – Орталық Азия мемлекеттерінің түгелдей қатысуынан айқын көрінеді. Біздің мекеменің 20 өңірдегі филиал басшылары қатысты. Жол құрылысы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, автожол саласын дамытуға үлес қосқан ардагерлер де құрметке ие болды. Мысалы, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Түркістан облыстық филиалының директоры, Ақтөбе облыстық филиалдың директоры және Павлодар облыстық филиалдың инженері марапатталды. Бұл аталған саланың ары қарай дамуына серпін берері сөзсіз», дейді Мәулен Тоқтарбайұлы.

    Биыл Көлік министрі Марат Қарабаев дәстүрлі түрде автожол саласының үздік мамандарының еңбегін атап өтіп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды, сондай-ақ, үздік жетістіктері үшін медальдарды табыстады. Аталған марапаттар жол саласы қызметкерлерінің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығының көрінісі. Іс-шараға Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан Көлік министрлері қатысты. Бұл автожол желісін дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың айқын бейнесі.

    Жол активтері жол саласы жолшы Жолшылар Көлік министрлігі құрылысшылар күні Марат Қарабаев Мәулен Әліпов

    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

    05/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.