Close Menu
    Оқылып жатыр

    Назарбаев иелігінде болған ұшақ АҚШ-та жөндеуде тұрғанына бір жыл болған

    06.03.2026

    Алматыда бір көшенің бойында тек дәмді тамақтар сатылуы мүмкін

    06.03.2026

    Ет экспортына жеңілдік, жұмыртқа импортына тыйым: Үкіметтің жаңа талабы

    06.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 7 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Назарбаев иелігінде болған ұшақ АҚШ-та жөндеуде тұрғанына бір жыл болған

      06.03.2026

      Алматыда бір көшенің бойында тек дәмді тамақтар сатылуы мүмкін

      06.03.2026

      Ет экспортына жеңілдік, жұмыртқа импортына тыйым: Үкіметтің жаңа талабы

      06.03.2026

      Қай өңірде ВИЧ жұқтырғандар көп тіркелді?

      06.03.2026

      Ұшақтағы тағы талап: енді видеоны құлаққапсыз көрсеңіз ұшпай қалуыңыз мүмкін

      06.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараздағы мектептер түгелдей кең жолақты интернетпен қамтылған

    Тараздағы мектептер түгелдей кең жолақты интернетпен қамтылған

    Өңір тынысы 26.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласындағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 70 969 бала жаңа оқу жылын бастаса, оның ішінде күндізгі мектептерде 70 717 оқушы және кешкі мектепте 252 оқушы, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете–дамыту оқыту бағдарламасымен – 265, инклюзивті біліммен –171, үй жағдайында 647 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3814 балаға өскен (2018 жылы – 67 155 бала). Мұғалімдер саны 5911 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, 186 мектеп алды даярлау сыныптарында 3672 бала білім алуда (2018 – 2019 оқу жылында – 185 сынып, 3897 бала).

    2019 жылы жалпы білім саласына 28 миллиард 308,0 миллион теңге бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2019 жылға 1 миллиард 273,8 миллион теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 11566 (2018 жылы – 10848 оқушы) баласының тегін ыстық тамағына – 722,2 миллион теңге, киім–кешекке 375,3 миллион теңге, жазғы мектеп жанындағы лагерьлерге 35,8 миллион теңге (7966 балаға), жазғы сауықтыру лагеріне 140,4 миллион теңге қарастырылған (3600 балаға). 

    Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 14 наурыздағы №810 қаулысымен тегін ыстық тамақтың құны, бір балаға  450 теңге болып бекітілді. Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 115 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 22, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай–ақ 60 мектеп бейне бақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. Сондай–ақ, қала маңындағы ара қашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 7 мектепке (№19,21,50,55,56,57,59) 17 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452–ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 2 мектепке  2 автобус (№55 орта мектеп және №21 орта мектепке) сатып алуға 28,9 миллион теңге қаржы қарастырылып, автобустар сатып алынды.

    Мектептердің материалдық–техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2019 жылы №41 гимназияға биология кабинетін алуға 5,7 миллион теңге, №11 мектепке физика кабинетін алуға 7,1 миллион теңге, №18 мектепке химия кабинетін алуға 6,6 миллион теңге, 28 мектептің пандустарын талаптарға сәйкестендіруге 31,2 миллион теңге, 10 мектепке роботтехника кабинетін алуға 87,8 миллион теңге және  16 мектептің бейнебақылауын жаңартуға 55,2 миллион теңге қаражат қарастырылып, конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, №5, 45, 51, 54 мектептерден IT сыныптарын ашуға жергілікті бюджеттен 44,6 миллион теңге қарастырылды. Мектептен тыс техникалық шығармашылық орталығынан технопарк ашуға 14,8 миллион теңге бөлінді.

    2019 жылы жалпы білім беретін 55 орта және 1 кешкі мектептің 11 сыныбын барлығы 2144 оқушы (күндізгі мектептерде –2042, кешкі мектепте –102) бітірді.

    «Алтын белгі» иегерлері –59, үздік аттестат иегерлері – 48, негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегерлері – 270.

    Ағымдағы жылы мектеп бітірушілердің саны 2144 оқушыны құраған, оның  1346 түлегі  (61,8 пайыз) ҰБТ–ге қатысуға ниет білдірсе, нақты 1324–сі тестілеуге қатысты. 22 түлек өз еріктерімен тест тапсырудан бас тартқан. Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 99,05 84,3 болып, 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14,75  балға артты (2018 жылы – 84,3). Жалпы ҰБТ қорытындысы бойынша  557 түлек 100 ден жоғары балға қол жеткізген.  Оның ішінде, ең жоғары 137 балл алған – 1 түлек (№8 гимназия),130 балдан жоғары алғандар – 27 түлек, 100 балдан жоғары алғандар – 529 түлек.  

    Мектепке дейінгі білім мекемелеріне кезекке қою мен жолдама беру қызметін автоматтандыруды іске асыру мақсатында 14,1 миллион теңге және 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау қызметіне 18,0 миллион теңге қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап, баланы балабақшаға кезекке қою және жолдама беру (edugarden.kz), 1–сыныпқа қабылдау және лагерьге жолдама беру (eduschool.kz) қызметтерін онлайн алуға болады.

    мектеп оқушы Тараз

    Оқылып жатыр

    Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

    04.03.2026

    Жемқорлардан қайтарылған ақшаға 77 мектеп салынған

    03.03.2026

    Шымкентте 7 жасар оқушыға ерсі қылық істеген мұғалім ұсталды

    27.02.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Назарбаев иелігінде болған ұшақ АҚШ-та жөндеуде тұрғанына бір жыл болған

    06.03.2026

    Алматыда бір көшенің бойында тек дәмді тамақтар сатылуы мүмкін

    06.03.2026

    Ет экспортына жеңілдік, жұмыртқа импортына тыйым: Үкіметтің жаңа талабы

    06.03.2026

    Қай өңірде ВИЧ жұқтырғандар көп тіркелді?

    06.03.2026

    Ұшақтағы тағы талап: енді видеоны құлаққапсыз көрсеңіз ұшпай қалуыңыз мүмкін

    06.03.2026

    Доллар қашан 400 теңге болуы мүмкін?

    06.03.2026

    Абай облысында бір әскери қызметкер қайтыс болды

    05.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.