Close Menu
    Оқылып жатыр

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 7 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025

      Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

      06.11.2025

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда этно стильде семинар-тренинг өтті

    Таразда этно стильде семинар-тренинг өтті

    Өңір тынысы 14.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту» бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті.

    «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» үшкүндік оқыту семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді.

    Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша семинар-тренинг барысында елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізді. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. «Әлеуметтік желі психологиясы», блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесін бөлісті.

    Мәселен, ол Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы керектігін тілге тиек етіп, оның астына жазылатын посттың қысқа-нұсқа болуы қажеттігін жеткізді. Себебі бұл желі фотоға негізделген. Сондай-ақ Facebook желісінде салынатын жазбаның сапалы әрі Instagram желісіне қарағанда мәтін көлемді болуы керектігін сөз етті.

    Жалпы, аталған желіде видео салудың қажеттілігі жоқ екен. Әрине, мұндай қарапайым ережелерді жастар көбіне ескере бермейтіні анық. Сондықтан жастар саясатының басы-қасында жүрген мамандардың осындай ережелерді ескеруі міндетті. Сонымен қатар, ғаламторда этикет, қалай дұрыс жазу керектігі, үтір-сызықша қалай қолдану керектігі айтылды. Қазіргі таңда, көптеген жастар әлеуметтік желіде дұрыс жаза білмейді. Мысалыға алатын болсақ «бара жатырмын» деген сөзді «баратырмын» деп сауатсыз жеткізеді.

    Нұрлан Жаңай өз сөзінде «Бұл дүние — үлкен базар, біреу сөзін, идеясын сатса, ал кейбірі ғаламтор арқылы киімін сатады», — деген болатын.

    Расында, әлеуметтік желіде жарнама, таргетинг арқылы өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған бизнесмендер жетерлік. Өз кезегінде семинарға қатысушы Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, Азаматтық қоғам өкілдері, Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері тақырыпқа қатысты сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Семинар-тренингтің екінші күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Мәтен де қатысып, жастармен пікірлесіп, ойларын тыңдады. Өз кезегінде басқарма басшысы жастардың әр бастамасына қолдау болатынын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Блогер-тренер Нұрлан Жаңай әлеуметтік желідегі жеке парақшаға қойылатын фотоларды дұрыс қою қажеттігі туралы тәжірибелерімен бөлісті. Ол өз сөзінде жеке парақшаға қойылатын басты фотода адамның бет әлпеті толық көрінуі қажеттігін тілге тиек етіп, алыстан түсірілген суреттерді пайдалану дұрыс еместігін жеткізді.

    «Жеке парақшаны жүргізуде адамның басты фотосы үлкен маңызға ие. Себебі оның парақшасына кірген адам тұлғаны тани білуі қажет. Сондай-ақ парақшалардағы мәліметтерді көп жазудың да керектігі шамалы. Мәселен, кейбіреулердің парақшаларына кірсең резюме секілді көрінеді. Ол жерге толық қысқаша ғана жазылса жеткілікті. Сосын Instagram әлеуметтік желісінде жеке парақша ашқанда «ов», «ев», «ова», «ева» деп жазбаған жөн. Осы әлеуметтік желілер арқылы осындай тіркестерден бас тартуымыз керек», — деген блогер жеке парақшаны ашу жолдарындағы басқа да ескеретін жайттарға кеңінен тоқталды.

    Айта кетейік, Тараз қаласы мен аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты мамандары, мемлекеттік қызметшілер қатысқан жиында қоғамдық кеңестің Q-kenes.kz сайты таныстырылып, онда қалай жұмыс жасау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ, аталған сайтта барлық аудандағы қоғамдық кеңес мамандарының кез келген уақытта кіріп, керекті ақпаратты орналастыруға мүмкіндіктері бар екені жан-жақты айтылып, жолдары көрсетілді.

    Тілге тиек ете кететіні, қазіргі таңда сайтта түрлі бағыттарда айдарлар орналастырылып, қоғаммен кері байланыс орнату жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ республикалық, облыс пен аудан көлеміндегі жаңалықтармен тұрақты түрде толықтырылып, «Сұрақ-Жауап», «Қоғамдық бақылау» айдарлары жұмыс атқарады. Сонымен қатар, онда өзекті мәселелерді талқылау бойынша мақалалар, мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік-құқықтық актілер жарияланып отырады. Осындай ақпараттарға толықтай қаныққан қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, электронды ақпарат түрін халық пен мәслихат депутаттары арасында кеңінен насихаттап, кері байланыс құралы ретінде қолдануды жолға қою қажеттілігі айтылды.

    Үшінші күні шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев келіп, жастармен жүздесті. Департамент басшысы жастармен кездесуінде облыста атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, ауқымды жұмыстарды іске асыру кезінде әлеуметтік желінің маңыздылығына тоқталды. Осылайша, ол жастардың әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану білу керектігін айта келе, кез келген тұлғаның қойған сұрағына жеке өзі жауап беретінін жеткізді.

    Семинар-тренинг жұмысы қорытындыланып, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар табысталды. Өз кезегінде, әр ауданнан келген қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.


    Сурет «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен

    киіз үй Тараз

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.