Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 7 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

      06/11/2026

      Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

      06/11/2026

      Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

      06/11/2026

      1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

      06/11/2026

      Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

      05/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІ ТУ ЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Өңір тынысы 01/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі — барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал, бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады.

    Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлт өкілдерінің» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері бүгінде көпұлтты мемлекеттің бірі болып отыр.

    Бүгінгі күні ауданда отызға тарта ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі саналады.

    Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімдігінің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы аясында, қайырымдылық іс – шарасы ұйымдастырылған болатын. Бастамаға ұйытқы болған аудан әкімі Нұржан Нұржігітов сарыкемерлік тұрғын, жалғызілікті қарт Екатерина Степанованың отбасына арнайы барды. Нұржан Молдиярұлымен бірге аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова болды. Аудан басшысы қарт ананы Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік дамуына арнаған еңбектері үшін ризашылығын жеткізіп, сый-сияпат тарту етті. Зейнеттік демалысқа шыққанша аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде акушер болып еңбек еткен Екатерина Ивановна аудан басшылығына шынайы алғысын білдірді.

    Аталмыш акция аясында, осы күні аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлепов пен Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Айдос Абдуалиев Сарыкемер ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы екінші топ санатындағы мүмкіндігі шектеулі жан Рустам Назимовты құттықтаса, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Арғынбай Сқақов сарыкемерлік тұрмысы төмен отбасы Марина Мянға азық-түлік өнімдерін апарды.

    Шара барысында жалғызілікті отбасы Светлана Лиморенко, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан Шабир Джафаров, көп балалы, аз қамтылған отбасы Сәбит Аманбаевқа да азық-түлік өнімдерін салынған қорапшалар таратылды. Оларды аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова табыс етіп, бірлік күні мерекесімен құттықтады.

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

    05/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.