Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кегенге жайлы автобустар қатынай бастады

    15.09.2025

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 17 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кегенге жайлы автобустар қатынай бастады

      15.09.2025

      Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

      29.08.2025

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

      23.08.2025

      “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

      19.08.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Кегенге жайлы автобустар қатынай бастады

      15.09.2025

      67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

      28.08.2025

      «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» атты семинар-тренинг өтті

      07.08.2025

      Іле-Алатау паркінің жаңа тынысы: экотуризм қалай дамып жатыр?

      02.08.2025

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында жалған қалыңдық қолға түсті

    Жамбыл облысында жалған қалыңдық қолға түсті

    Жаңалықтар 31.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдық  полицейлер бірнеше рет жалған неке қиып, алаяқтықпен айналысып келген Айгүл Ниязованы қолға түсірді.

    Жалғыз басты ер азаматтармен некеге отырып, оның туыстарын өзінің алаяқтық «құрығына» түсіріп отырған 48 жасар Айгүл Молдазқызына бұған дейін іздеу жарияланғандығы туралы  хабарланған болатын.

    Әйел егде жастағы жалғыз басты ер адамдардың сеніміне кіріп, жалған неке қиып отырған. Немесе өз айласын асырғанша азаматтық неке тұрған. Кейін туыстарын жұмысқа орналастырамын, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй аламыз деген желеумен ақша сұрап алатын болған.

    Алаяқ ханым бұған дейін бірнеше мәрте сотты болған.  2017 жылы кезекті қылмысынан кейін бостандыққа шыққан ол   баяғы әдетіне тағы басқан. Жаңатас қаласының 52 жастағы ер адамымен азаматтық некеге отырған Айгүл азаматтық күйеуінің туған-туыстарын тақырға отырғызған. Оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша Таразда қымбат емес пәтер алуға көмектесемін деп, ақшаларды жинап алып, тайып тұрған.

    Қазіргі уақытта полицияда төрт өтініш бар, оның ішінде үшеуі — Сарысу ауданының тұрғындарынан және біреуі семейлік ер азаматтан. Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

    Күдікті азаматшаға кезекті рет іздестіру жарияланғаннан кейін желідегі суреттерді таныған Тараз қаласының тұрғыны дереу 102-ге қоңырау соғып, Айгүлдің орналасқан мекенжайы туралы хабар берген. Осылайша қылмыскер қолға түскен. Тұрғынның белсенділігі үшін департамент мамандары алғыс білдірді.

    «Қылмысқа қарсы күрес – бұл бүкіл қоғамның ісі, ал халықтың көмегі осы қарама-қайшылықта шешуші рөл атқаруға қабілетті. Полиция департаменті барлық жамбылдықтарды кез-келген күдік туғызатын оқиға туралы ішкі істер органдарына дереу хабарлауға шақырады. Тек осылай, бірге, біз өмірімізді тыныш әрі қауіпсіз ете аламыз. Егер сіз осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, Сізге ішкі істер органдарына келіп, өтініш жазу қажет»,- делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

    Қазіргі уақытта ұсталған неке алаяғы Тараз қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

     

    алаяқтық полиция үйлену тойы

    Оқылып жатыр

    Кегенге жайлы автобустар қатынай бастады

    15.09.2025

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Кегенге жайлы автобустар қатынай бастады

    15.09.2025

    Алматыда БАҚ өкілдері Satbayev University зертханаларымен танысты

    29.08.2025

    67 шақырымдық жол учаскесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

    28.08.2025

    Таудағы тазалық: Жолсапа ұжымы Алмаарасанда сенбілік жасады

    23.08.2025

    “Көлсай көлдері” орман өртінен қалай қорғанады?

    19.08.2025

    Ыстықкөлде тоғызқұмалақтан халықаралық турнир аяқталды

    19.08.2025

    Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

    15.08.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.