Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 5 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

      04/11/2026

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр

    Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясы өтіп жатыр

    Өңір тынысы 20/07/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында шілденің 19 мен 20 аралығында Жамбыл облысының Полиция департаментімен ДП бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергеновтің қатысуымен кезекті рет «Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп келеді, — деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердің аумағында, тұрғын үйлердің, шағын аудандардағы үйлердің аулаларында, жеке секторларда, базарлар мен демалыс орындары сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде халықты қабылдайды.

    Таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін аталмыш ауқымды акциямен Тараз қаласының барлық аудандары, соның ішінде «Көктем» және «Шөлдала» иіндері, «Солнечный», «Қант зауыты» аудандары, «Ауыл Береке» базары мен «Зербұлақ» көлінің маңайы қамтылған. Сонымен қатар, акция Жамбыл облысының он ауданында өтуде.

    «Жолда қабылдау» акциясы «Арай» иінінен бастау алды. Қолайлы жағдайды пайдалана отырып, аудан тұрғындары полиция қызметкерлеріне тек қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық аспектілерге қатысты сұрақтар қойды. Қалған өтініштерге қатысты құқық қорғау органдары оларды жергілікті атқарушы органдарға беру арқылы көмек көрсетеді.

    Жамбыл облысы Полиция департаментінің 8(7262)99-72-94 «жедел желі» телефоны «Жолда қабылдау» акциясы аяқталғаннан кейін де өз жұмысын жалғастырады.

    Жолда қабылдау полиция

    Оқылып жатыр

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Қызылордада полицей өліміне күдікті азамат ұсталды

    14/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.