2019 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында Көкшетау техникалық институтының базасында І Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың слетін өткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөліміне сілтеме жасап.
Слет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Балаларды және жастарды төтенше жағдайларда әрекет етуге, өзіне және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту.
Жамбыл облысының намысын 2 команда қорғайтын болады. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің «Самсон» командасы және Жамбыл облысы Меркі ауданы №9, 18 орта мектептерінен құрылған құрама командасы. Айта кету керек, Жамбыл ауданының оқушылары республикалық балалар жасөспірім жарысына қатысып, қола жүлдесіне ие болды.
Аталған командалар толыққанды дайындық жүргізіп, элементтерді өңдеу бойынша шеберліктерін арттыруда.
Осы слетте да біздің команда абыроймен өнер көрсетеді деп үміттенеміз.