Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 8 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық ақсақалдар ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеуге шақырды

    Жамбылдық ақсақалдар ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеуге шақырды

    Өңір тынысы 21.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Елдік елге байланысты» атты форум барысына бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер арқау болды,-деп хабарлайды tarazy.kz.

    «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға облыс бойынша ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, билер кеңесінің мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, оқытушылар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

    Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатына негізделген форумда қоғамдағы кертартпалық пен ысырапшылықтар жайы сөз болды. Шараны облыстық мәслихат депутаты Масат Берік жүргізіп отырды.

    Кеш барысында алдын-ала жазылған спикерлер сөз сөйлеп, орамды ойларын ортаға салды. Облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген бүгінгі тойлардағы, өлім-жітімдегі ысырапшылдық пен бей-берекетсіздікті тілге тиек етіп, бірізділікке түсіру жайын айтты. Ал, Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Күлекеев форумның маңыздылығын атап өтіп, осы шараны аудандарда да жалғастыру керектігіне тоқталды.

    «Қазақ халқы бірліктің орны мен маңызын жоғары бағалап, «Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте» деп түйген. Сондықтан да, ел тізгінін қолына ұстаған ардақты адамдар – хандар, билер, аузы дуалы ақсақалдар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалдың жолына тосқауыл қоярда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса назар аударған»,- деген Б.Күлекеев тойдың жаңа бағытта қалыптастырып ысырапшылдықтан арылу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, тойханаларға салық салу, жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудару туралы ойларымен бөлісті.

    Сондай-ақ,басқосу барысында өзге де сөз алған ақсақалдар мен ел ағалары қоғамдағы түйіткілді мәселелер, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі, ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, жастар тәрбиесінің өзектілігі хақында айтып өтті. Халықтың ұлттық болмысы мен бірегейлігіне кері әсер ететін жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, қызметтегі жершілдік пен тамыр-таныстық, ағайын арасындағы рушылдық, той тойлаудағы ысырапшылдық пен астамшылдық, жастар ортасындағы даңғойлық пен кердеңдік, ел ішіндегі орынсыз салтанат, қанағатсыздық пен үнемсіздік сияқты жаман қасиеттерден арылу бүгінгі күннің басты талабына айналып отырғаны шараның өзегіне айналып, мәселе боп көтерілді. Форумды қорытындылаған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов көтерілген мәселелер тоғысында облыс тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа, сабырлық пен қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге шақырып, қатысушылар тарапынан Үндеу жолдады.

    «Жаһандық әлеммен қабыспайтын, ұлттың дамуына кедергі келтіріп, ел ішіне іріткі салатын өткеннің кейбір кертартпа дағдылары мен әдеттерінен күні бүгінге дейін арыла алмай отырғанымыз жасырын емес. Олар: жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, жершілдік, тамыр-таныстық, жүзшілдік пен рушылдық, ысырапшылдық пен астамшылдық, даңғойлық пен кердеңдік, орынсыз салтанат, қанағатсыздық пен үнемсіздік. Өркениетілікке емес өсекке, зиялылыққа емес зияндыққа, парасаттылыққа емес пасықтыққа, ізгілікке емес ібілістікке жетелейтін мұндай «ғұрыптардан» құтылатын кезең келді.

    «Іргелі елдің іргесін есер ағым бұзар» дегендей, бүгінгі таңда деструктивті діни ағымдардың ел арасына етене еніп, жастардың санасын улап жатқаны да барша жұртты алаңдатып отырған күрделі мәселе. Бұл үрдістің тамырына балта шауып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде зайырлы білімді ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру – баршамыздың басты мақсатымызға айналуы тиіс»,- делінген үндеуде.

    Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарымен осы бағытта насихат жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру үшін арнайы заң бекіту керектігі айтылған.

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.